Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жаңа Салық кодексі: кәсіпкерлер үшін қандай жеңілдік бар?

21.01.2026
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Жаңа Салық кодексі: кәсіпкерлер үшін қандай жеңілдік бар?
WhatsAppTelegramFacebook

Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен кезекті баспасөз мәслихатына Жетісу облыстық мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Жанар Нұршанова қатысты. «Жаңа Салық кодексі: арнайы салық режимдері және ауысу тәртібі» тақырыбында баяндама жасаған ол 2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасында күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі бағыттарына кеңінен тоқталды.

Маманның айтуынша, салық жүйесін заман талабына сай жаңғырту, әкімшілік кедергілерді азайту және кәсіпкерлік қызметті барынша жеңілдету жұмысы жүйелі түрде жүруде.

– Жаңа Салық кодексіндегі ең маңызды реформалардың бірі – арнайы салық режимдерінің оңтайландырылуы. Бұған дейін елімізде 7 түрлі арнайы режим қолданылса, биылдан бастап олардың саны 3-ке дейін қысқарды. Мұндағы негізгі ұстаным салық жүйесін күрделендірмей, барынша түсінікті әрі қолжетімді ету. Бұл өзгерістер бизнесті тұншықтыру үшін емес, керісінше оны ашық әрі заңды жүргізуге мүмкіндік беру үшін қабылданып отыр, – дейді Жанар Құдайбергенқызы.

Енді Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, оңайлатылған декларация негізіндегі салықтық, шаруа және фермер қожалықтарына арналған үш арнайы салықтық режим ғана қолданылады. Ал бұрын қолданыста болған патент, бөлшек салық, мобильдік қосымша арқылы жұмыс істеу, тіркелген шегерім және ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге арналған бірқатар режимдер алынып тасталды.

Алдымен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған режимге тоқталайық. Аталған режимді жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, жалдамалы жұмыскер ұстамайтын, интернет-платформалар арқылы қызмет көрсететін азаматтар пайдалана алады. Айлық табыс шегі 300 айлық есептік көрсеткішке дейін.

Бұл режимнің басты артықшылығы – салық декларациясын тапсырудың қажеті жоқ. Азамат табысының небәрі 4 пайызы көлемінде әлеуметтік төлем төлейді, ал жеке табыс салығы мүлде алынбайды. Барлық есеп e-Salyq Business мобильдік қосымшасы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

Оңайлатылған декларация негізіндегі салықтық режим шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған. Бұл жерде кіріс лимиті едәуір жоғары, ал қызметкерлер санына қойылатын шектеулер толығымен алынып тасталған.

– Салық мөлшерлемесі 4 пайызды құрайды. Алайда жергілікті атқарушы органдар бұл көрсеткішті 2 пайызға дейін төмендетуге немесе 6 пайызға дейін арттыруға құқылы. Осы режимді қолданатын кәсіпкерлер қосылған құн салығын және әлеуметтік салықты төлемейді. Бұл – бизнес үшін айтарлықтай жеңілдік. Сонымен қатар есептілік те оңайлатылған: декларация жылына небәрі екі рет тапсырылады, – дейді спикер.

Шаруа және фермер қожалықтарына арналған режим ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бағытталған. Мұнда салық мөлшері айналымнан бар болғаны 0,5 пайызды құрайды. Бұдан бөлек, шаруа және фермер қожалықтары жер, көлік, әлеуметтік салықтан және экологиялық төлемдерден босатылады. Қосылған құн салығы да, жекелеген жағдайларды қоспағанда, төленбейді.

Мұндай жеңілдіктер ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға, аграрлық сектордың қаржылық жүктемесін азайтуға және ауыл экономикасын жандандыруға мүмкіндік береді.

Жаңа Салық кодексінің тағы бір маңызды бағыты – салықтық есептілік нысандарын қысқарту. Нақтырақ айтқанда, салықтық есептілік көлемі 30 пайызға азаяды. Қайталанатын және күрделі есеп нысандары алынып тасталып, бірқатар процестер автоматтандырылады. Бұл кәсіпкерлердің уақытын үнемдеп, адами фактордан туындайтын қателіктерді азайтпақ.

Сонымен қатар 2026 жылдан бастап жаңа цифрлық тәсіл енгізіледі. Егер салық төлеуші есептілікті белгіленген мерзімде тапсырмаса, салық органдарының ақпараттық жүйесі автоматты түрде нөлдік есептілікті қалыптастырады. Мұндай жағдайда айыппұл салынбайды, банктік шоттар бұғатталмайды және ескерту хабарламалары жіберілмейді.

Дегенмен жаңа кодекс жауапкершілікті де арттырады. 2026 жылдан бастап тапсырылған салықтық есептілікті кері қайтарып алу мүмкін болмайды. Барлық түзетулер тек қосымша салықтық есептілік арқылы жүзеге асырылады. Бұл талап деректердің анықтығын қамтамасыз етіп, салық тәртібін нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ жаңа режимдерге көшу тәртібі де нақты белгіленген. Салық төлеушілер 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданатын салық салу режимі туралы міндетті түрде хабарлама беруі тиіс. Егер хабарлама берілмесе, кәсіпкер автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген режимге көшіріледі.

Жалпы алғанда, жаңа Салық кодексі кәсіпкерлерге сенім білдіру, есептілікті жеңілдету және цифрлық шешімдерге көшуге бағытталған. Аталған өзгерістер салық мәдениетін қалыптастырып, экономиканың ашықтығын арттыруға жол ашады. Ендігі міндет жаңа талаптарды дұрыс түсініп, мүмкіндікті тиімді пайдалану.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.