Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жас ұрпақ жемқорлыққа қарсы

17.10.2017
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Жас ұрпақ жемқорлыққа қарсы
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу жерінің барлық аудандары мен қалаларындағы орта мектептерде «Адал ұрпақ» атты ерікті мектеп клубтары құрылып, жасөспірімдерге жемқорлық, парақорлық сынды жағымсыз әдеттердің зиянын ұғындыруға кірісуде. Ерікті мектеп клубтарының құрылғанына бір жыл толуына орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Талдықорған қаласында облыстық слет өткізді.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының алғаш рет өткізіп отырған слетіне Жетісу жерінің 16 ауданы мен 3 қаласынан 200-ден астам оқушы қатысып, көпшілікке өз өнерлерін паш етті. Ең алдымен Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың монументі жанына жиналған жасөспірімдерді құттықтаған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев, М. Тынышпаев атындағы облыстық өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері Бауыржан Құрбан жасөспірімдердің болашағы жарқын болуына тілектестіктерін білдірді. Одан соң облыстық жиынға қатысушылар Елбасына, туған ел мен жерге арналған патриоттық өлеңдерін оқып, өздерін толғандырған ойларын әңгімеледі. Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Е. Сиқымов атындағы орта мектебі жанындағы интернаттың 11-сынып оқушылары Анель Бидахмет, Сая Молдажан өздері жазған өлең шумақтарын оқыса, Талдықорған қаласындағы №14 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Саят Санжарық слетке жиналушы оқушыларға «Менің алғысым» атты эссе арнады. 
Ашық аспан астында өткен салтанатты жиынды Сүйінбай атындағы облыстық филармония әншілері әнмен әдіптеді.
Бұдан соң слетке қатысушылар облыс әкімдігінің ғимаратын аралап, әкімдік қызметкерлерінің жұмысымен танысты. Ғимарат жайында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Маржан Мұрат әңгімелеп, әкімдіктің мәжіліс залында өтетін жиындардың мазмұнын түсіндірді. Оның айтуынша, 1932 жылы салынған ғимаратқа осы уақытқа дейін мектеп оқушылары мүлде кірмеген. Алғаш қадам басқан түлектердің келешегі жарқын, өмірлерінің өнегеге толы болуын тілеген әкімдік қызметкерлері белсенді жасөспірімдермен естелік суретке түсті.
Арнайы бөлінген көліктерге отырған слет қатысушылары Оқушылар сарайындағы шығармашылық, ғылыми-техникалық үйірмелердің жұмысымен танысты. Одан әрі облыс орталығындағы сәулеті ерекше ғимараттардың бірі – жаңа көрме орталығының алдында өткізілген флэш-мобқа қатысып, өнерлерін паш етті. Жасөспірімдерге «Балдәурен» республикалық сауықтыру орталығының ұйымдастырушы ұстаздары бұқаралық шараларды ұйымдастыру, аудиториямен жұмыс, көпшілік алдында сөз сөйлеу сынды қабілеттерді ұштау бойынша шеберлік сағаттарын өткізді.
Түс ауа жастар І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайына жиналып, салтанатты жиынға қатысты. Алғашқы болып сөз алған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев «Адал ұрпақ» мектептердегі ерікті клубтар арқылы өскелең ұрпақты адамгершілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу, олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау әрі нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру заман талабынан туындап отырған үрдіс екендігін атап өтті.
– Құрметті талдықорғандықтар, жерлестер! Қадірменді әріптестер! Бүгін сіздердің бәріңіз маған әріптес есебіндесіздер. Болашақта сыбайлас жемқорлыққа «Жоқ!» дейтін азаматтардың қатары бүгінгі күні көбейіп келе жатыр. Бүгінгі жиынға шақырылғандар соның куәгері! – деген Серікбай Өрікбайұлы еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күресті жүргізу тетіктерін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларында ерекше атап өтетіндігіне тоқталды. – Сол үшін біз болашаққа тек адал ұрпақ тәрбиелеп, биліктің биік тармақтарында еңбек етуіне ықпал етуіміз керек. Адал азаматтарға қашанда жол ашық. Сондықтан бүгін бәріңіз облыс әкімінің кабинетін, ашылайын деп жатқан көрме павильонын көрдіңіздер. Ал, мына сахна облысымыздағы нөмірі 1-ші сахна. Мұнда еліміздің эстрада әншілері, театр қайраткерлері, саясат майталмандары үлкен-үлкен жиындар өткізеді. Міне, осындай биік мінбер бүгін сіздерге беріліп отыр. Осыдан-ақ сіздерге деген қошеметтің салмағын сезінуге болады. Өйткені, біз сіздерге үміт артып отырмыз. Қазақстан болашақта «Жемқорлыққа жол жоқ!» ұранымен сыбайластықты қабылдамайтын, парақорлыққа мүлде төзбейтін мәдениетті қалыптастыратын ел болады. Ол сіздерге байланысты. Келешекке ақ жүрекпен, шынайы сеніммен, қарымды қабілетпен, адамдық қасиеттеріңізбен, терең білімдеріңізбен, қажырлы еңбекқорлықтарыңызбен қадам басып, Тәуелсіз еліміздің, мемлекетіміздің Туын биік ұстайтын азамат болуларыңыз керек.
Слетке дайындалып келген командалар өздерінің өнерін көрсетіп, түрлі номинациялар бойынша бақ сынасты. Осыған орай облыстық құзырлы органдардың басшыларынан құралған комиссия өздерінің бағасын беріп, үздік командаларды іріктеді. Сонымен «Үздік клуб» аталымын Райымбек ауданының оқушылары жеңіп алса, «Үздік көшбасшы» аталымын Қаратал ауданы, «Үздік спикер» аталымын Талдықорған қаласы, «Үздік қойылым» аталымын Кербұлақ ауданы, «Үздік ән» аталымын Сарқан ауданы, «Үздік эмблема» аталымын Талғар ауданы, «Үздік ұран» аталымын Ұйғыр ауданы, «Үздік презентация» аталымын Панфилов ауданы, «Үздік көрнекілік материалдар» аталымын Текелі қаласы, «Үздік бейнебаян» аталымын Еңбекшіқазақ ауданы, «Ең үздік киім үлгісі» аталымын Іле ауданы, «Көрермендер көзайымы» аталымын Жамбыл ауданы, «Белсенді клуб» аталымын Ақсу ауданы, «Білімді клуб» аталымын Қарасай ауданы, «Жігерлі клуб» аталымын Ескелді ауданы, «Тапқыр клуб» аталымын Балқаш ауданы, «Алматы облысы әкімінің номинациясы» аталымын Алакөл ауданы, «Үздік идеологиялық жұмыс» аталымын Қапшағай қаласы, «Болашақтың үміті» аталымын Көксу ауданы иеленді. Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, «Адал ұрпақ» еріктілер клубының қатарына мүшелер қабылданды. Бүгінгі күні облыстағы 743 «Адал ұрпақ» клубына 158 мың 201 оқушы мүше болып отыр.

Мәди АЛЖАНБАЙ.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026
Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.