ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің ISO 37001:2016 халықаралық стандарты талаптарына сәйкестігі бойынша алғашқы бақылау аудитінен сәтті өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Аудит нәтижелері кәсіпорында енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінің тиімді жұмыс істейтінін және халықаралық талаптарға сәйкес келетінін растады.
Бұл сертификаттың қолданысын сақтауға мүмкіндік беріп, серіктестер тарапынан сенімді арттырады әрі кәсіпорынның құқықтық және беделдік тәуекелдерге төзімділігін күшейтеді.
Тексерудің маңызды қорытындыларының бірі – менеджмент жүйесін одан әрі дамыту бағыттарының айқындалуы болды. Осы бағыттағы жұмыс кәсіпорын қызметінде ашықтық, адалдық және жауапкершілік қағидаттарын нығайта түсуге мүмкіндік береді.
ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК халықаралық стандарттарды дәйекті түрде ұстанып, өз қызметінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында ішкі үдерістерін жетілдіруді жалғастыруда.





