Жетісу облысының полиция қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен ауқымды интернет-алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетін әшкереледі, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Тергеу барысында заңсыз схеманың ұйымдастырушысы Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол қылмыстық топ мүшелері арасында міндеттерді нақты бөліп, жасырын call-орталық құрған.
Алаяқтар әлеуметтік желілер мен Telegram мессенджері арқылы әрекет етіп, так называемый «дроптар» мен ақшаны қолма-қол айналдыру сервистерін пайдаланған. Қылмыстық әрекеттердің салдарынан 57 азамат зардап шеккен. Кейбір жәбірленушілердің келтірілген шығыны 1 миллион теңгеден асқан. Ал жалпы материалдық шығын көлемі 36 миллион теңгеден жоғары.
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында жүрген өзге де күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Қылмыстық іс материалдары сотқа жолданған.
Жетісу облысының полиция департаменті азаматтарды қырағылық сақтауға, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге, сондай-ақ алаяқтық деректері бойынша құқық қорғау органдарына жедел түрде хабарлауға шақырды.





