Талдықорған: -2°C
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысында есірткі өндірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

21.10.2025
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Жетісу облысында есірткі өндірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

polisia.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында құқық қорғау органдары жерасты есірткі зертханасын жойды. Арнайы операцияның нәтижесінде синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылып, жүздеген адам есірткі зұлымдығының құрбаны болудан аман қалды.

Полиция, прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің бірлескен жедел іс-қимылы барысында Ескелді ауданының аумағында жасырын әрі кәсіби жабдықталған жерасты зертханасы анықталған. Тергеу кезінде екі шетел азаматы мен Астана қаласының тұрғыны синтетикалық есірткі дайындаумен айналысқаны белгілі болды.

Тінту кезінде тәртіп сақшылары 6,4 келіден астам мефедрон есірткі заты мен өндірістік көлемде есірткі өндіруге арналған құрал-жабдықтарды тәркіледі. Сонымен қатар, прекурсорлардың қалдығы бар 200 литрлік реактор табылды. Барлық айғақ заттар сараптамаға жіберіліп, күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу материалдары сотқа жолданып, Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының мамандандырылған сотының үкімімен үш айыпталушы да кінәлі деп танылып, әрқайсысы 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде ірі есірткі өндірісіне нүкте қойылып, қоғам үшін аса қауіпті синтетикалық заттың таралуына жол берілмеді. Бұл – өңірде есірткі қылмысына қарсы бағытталған жүйелі күрестің нақты нәтижесі.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды қоғамдағы қауіпсіздік мәселелеріне бейжай қарамауға шақырады. Егер есірткіні сақтау, пайдалану немесе тарату деректері туралы ақпарат белгілі болса, азаматтар 102 нөміріне немесе полицияның ресми әлеуметтік желілеріндегі жеке хабарламалар арқылы хабарласа алады. Барлық ақпарат анонимді түрде қабылданады, ал әрбір хабар – бір адам өмірін сақтап қалуға және қоғамды есірткі дертімен күресте алға жылжытуға мүмкіндік береді.

«Жетісу-Ақпарат»

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

11.02.2026
Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

11.02.2026
Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

11.02.2026
Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

11.02.2026
Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.