Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары! Ағымдағы жылдың 18-25 маусым аралығында Қазақстан Республикасы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Мотокөлік» профилактикалық іс-шарасы өтеді.
Аталмыш іс-шара мотокөлік жүргізушілері арасында құқықбұзушылық пен жол-көлік оқиғасын алдын алуға бағытталған. Талдықорған қаласының аумағында жол қозғалысын қамтамасыз ету, мотокөлік жүргізушілердің қатысуынан туындайтын жол-көлік оқиғаларын алдын алу сіз бен бізге тікелей байланысты. Екі дөңгелекті көліктің қауіпсіздік ережесін ескермеген жүргізушілер қашанда автокөлік жүргізушілеріне қарағанда ауыр жарақат алады.
Патрульдік полиция қызметкерлері Талдықорған қаласының мотокөлік иелеріне аса сақ жүруін, әрқашан мотошлемді пайдаланып, ең алдымен, жылдамдықты және маневр ережесін сақтауға, ешбір жағдайда жол қауіпсіздік ережесін бұзбауды талап етеді.
Жол жүру ережесін бұзған мотокөлік жүргізушілері тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын хабарлаймыз!
Б. МАНАТБЕКОВ,
Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ инспекторы, полиция аға лейтенанты
Сурет ғаламтордан алынды





