Талдықорған: +1°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚАЙСАР ҚЫЗҒА ҚҰРМЕТ

19.01.2019
РУХАНИЯТ
ҚАЙСАР ҚЫЗҒА ҚҰРМЕТ
WhatsAppTelegramFacebook

   Кеген ауданы Саты ауылындағы Айтжан Түркебаев атындағы мектепте Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Шолпан Жұмаділованың атында арнайы кабинет ашылды. Тәуелсіздік күніне орай Талдықорғандағы Жастар спорт сарайында қайсар қыздың ізі қалған «Жетісу» газетінің ұйытқы болуымен бұқаралық ақпарат құралдары арасында бильярдтан облыстық турнир өткен. Шалғай ауылдағы игілікті шара Шолпан Жүнісбайқызының рухына арналған өнегелі істің жалғасы іспетті болды. 

 

    Ол өзінің тәнін жарақаттап, жанын жаралап кеткен Желтоқсан ызғарының өтеуіне бұйырған Тәуелсіздігінің арайлы таңын көріп кетті. Тағдырына жазылған жарты ғасырлық ғұмырының ширек ғасырын азаттықтың ақ таңымен қарсы алғаннан ба, әр күнін шүкіршілікпен шығарып салатын. Біз «Омыртқа ішіндегі жұлындаймын, қыз да болсам әкемнің ұлындаймын» деген қарапайым қара өлеңнен дәл осы қазақтың қайсар қызының болмысын көретін едік. Ол – Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы, жаны нәзік болғанымен өр рухты, жүрегі қазағым деп соққан, елім, жерім дегенде еңсесін тік ұстап, алдыңғы лекте жүретін жаны жайсаң әріптес, дарқан пейіл жан еді. 
   Желтоқсанның ызғарында ұлттық намысы жүрегін тулатқан арулардың қатарында алаңға шығып, жігіттерге жігер беріп, бейбіт шеруге өз үнін қосқаны үшін жазаланған жастармен бірге Шолпан әпкеміздің де басына солақай саясаттың қара бұлты үйірілді. Әуелде соққыға жығылды. Жанашыр жандардың емханаға апарған жерінен тұтқындалуға шақ қалғанда, бұйрыққа бойсұнғанымен қаракөз қарындасына ағалық қамқорлық танытқан Қали есімді милиционердің ықпалымен ол жерден қашып шығып, жатақханада құрбыларының жасырын жасаған емдомымен есін жиып, басын көтерді. Бейнесі суретке түсіп қалғандықтан іздеу салып жатқанын естіген институттағы ұстазы Шәбден Әбілханов қамқорлық көрсетіп, уақытша ауылға кете тұруын айтып, айғай-шу басылғаннан кейін қайтадан оралатынын ескертіп, асқар таулар қойнауындағы туған ауылы Сатыға кетті. 
   Бәріне уақыт төреші. Ауылына кеткен қайсар қыз Алматысына қайта оралды. «Дәуір» баспасынан еңбек жолын бастап, оқуын сырттайғы бөлімде бітірді. Арада жылдар өткенде жақсы адамдардың себепкер болуымен «Алматы ақшамы» газетіне келіп, журналистикадағы алғашқы қадамын бастады. 2000 жылы облыстық «Жетісу» газетіне орналасып, өмірінің соңына дейін осы ата басылымда еңбек етті. Қаламы қарымды, жазғаны жалынды журналист атанды. Оның қаламынан төгілген ақмаржан ойлар бірнеше кітапқа айналды. «Ауыл деп  соққан жүрегім», «Қырық шырақ», «Сағынғанды сағындым» жинақтары оқырман жүрегінен орын алды. Ал «Найзағай намыс» кітабы «желтоқсаншыларға» қойылған ескерткіш десек те болады. «Жетісудан» тапқан бірде сырласы, бірде мұңдасы, бірде ақылшы әпкесі болған Жанкүміс Жәмеңке екеуінің бірлесе жасаған «Біздің елдің жігіттері» мен «Әкелер мен балалар» жобасы қос кітапқа айналды. 
   Абай атамша айтсам: «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған». Иә, соңына өшпес із, өнегелі іс қалдырған Шолпан Жүнісбайқызының өмірден өткеніне де үшінші жылға аяқ басты. Бірақ, аяулы жан есімізден шыққан емес. Ата басылымның 100 жылдық мерейтойында арнайы шығарылған «Ғасыр-ғұмыр» атты кітапқа Шолпан жайлы естелік те жазылып, күнделігіндегі өмірге құштар жанның жан сыры ақтарылды. 
   Былтырдан бері облыстық «Жетісу» газетінің ұйымдастыруымен туған ауылы Сатыдағы өзі білім алған мектепте озат оқушыларға арнайы «Шолпан Жұмаділова» атындағы сыйақы тағайындалды. Бұл ұдайы жалғасып тұрмақ. Сондай игілікті шараның бірі – Айтжан Түркебаев атындағы мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті кабинетіне Шолпан Жұмаділованың есімі берілді. Осы бастамаға мұрындық болған ата басылымның атынан бас редактордың орынбасары Жұматай Оспанұлы мен бөлім меңгерушісі Мәди Алжанбай мектепке арнайы барып, «Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Шолпан Жұмаділова атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті» деп жазылған тақтайшаны іліп, бөлменің төріне Шолпанның шығармашылық өмірін бейнелейтін стенд қойып, қайсар қыз жайлы естеліктер айтып, жарқын бейнесін еске алып қайтты. 
   Ашылу салтанатында Саты ауылдық округінің әкімі Әлібек Тұрсынбекұлы, ардақты ұстаз Шәміл аға және Шолпанның ағасы Бақыт Жүнісбайұлы сөз алып, облыстық «Жетісу» газеті ұжымының шалғайдағы ауылда туып-өсіп, саналы ғұмырында халқына адал қызмет еткен әріптестерін көзден кетсе де көңілдерінен кетірмей, еске алып, игі шаралар ұйымдастырып жатқанына алғыс білдірді. 
Қазақ баспасөзінің қара шаңырағының бірі – облыстық «Жетісу» газеті «Шолпан Жұмаділова» атындағы оқушыларға беретін сыйақы мен спорттық жарыстарды дәстүрлі түрде өткізіп тұрмақ. 

АЙ-ЗЕРЕ

 

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

03.02.2026
Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

03.02.2026
АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

03.02.2026
ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

03.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.