Талдықорған: -0°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АЛЕКСАНДР: «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛУ — МІНДЕТІМ»

28.02.2019
РУХАНИЯТ
АЛЕКСАНДР: "МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛУ - МІНДЕТІМ"
WhatsAppTelegramFacebook

Бұл жігітті ел Ескендір атап кеткелі қашан?! Бітім-болмысы мен жүріс-тұрысы қазаққа жақындайтын жұдырықтай баланың ұлты корей, нағыз ныспысы – Александр. Оның өзін бертін келе өз аузынан естідік. Әйтпесе бидай өңді баланың басқа ұлттың өкілі екенін ажыратуымыз екіталай еді. Қашан көрсең көңілі көк жайлау, мерейлі мінезімен ортасына қуаныш сыйлап жүретін жанның болашақта қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болатынын ойласақ, пейілінен айналып-ақ кеткіміз келеді.

 

Мақала кейіпкерінің өмірбаянына өзек болар жосын дүние – аталарының қазақ топырағына қазығын қадауы. Саясаттың желі айдап келген, босқындық күйге ұшыраған халықты босағасынан телміртпей төрге оздырып ырыздығын тең бөлген біздің бабаларымыздың көрегендігіне қалай риза болмайсың?! Тек корей емес, сол қатардағы басқа да салт-дәстүрі, діні мен ділі бөлек ұлыстарға ұлан-ғайыр даласынан құтты қоныс беріп, бір атаның балаларындай ғұмыр кешуге ыңғай жасайды.

Қазіргі кезде егемен ел аумағында 100 мыңға жуық корей ұлты тұрады. 1937 жылдың 21 тамызында И.Сталин мен В.Молотов қол қойған “Қиыр Шығыстағы шекараға жақын аудандарда тұратын корей халқын көшіру туралы” КСРО Халық Комиссарлары кеңесі мен БКП(б) Орталық Комитетінің қаулысында корейлерді депортациялау жөнінде ресми нұсқау берілгені белгілі. Онда Қиыр Шығыстағы корей халқын Оңтүстік Қазақстан облысына, Арал теңізі мен Балқаш өңіріне және Өзбек КСР-іне 1938 жылдың 1 қаңтарына дейін көшіру керектігі айтылған. Қазір олардың көпшілігі Қызылорда облысы мен Алматы облысының Қаратал, Көксу аудандарына орналасқан. Жолдан әбден қажып, қалжыраған корей ұлтын қазақтар құшағын айқара ашып, емен-жарқын көңіл-күймен қарсы алды. Қаншама қайғы-қасірет пен қуғын-сүргінді басынан өткерген қазақ халқы тағдырлас корей халқының жан күйзелісін тереңнен түсініп, бауырына басты. 

– Біздің оқиғамыз сонау 1930 жылдардың орта тұсынан басталады. Қазақстанға жер аударған кезде қақаған аяз болмаса да жарты күннің ішінде аяқ-қолды үсітіп алуға болатындай суық болды. Негізінде көбімізді Құдайдың қалауымен 1940-1950 жылдар аралығында осы елге әкелді. Ал кейбіреулеріміз Қазақстанға өзіміздің еркімізбен келген болатынбыз. Тағдырдың жазғаны ма екен? Білмедім. Бірақ пойыздан түсе салысымен теміржолдың бойында орналасқан ауылдың тұрғындары бір мезетте топ-топпен барлығымызды үйлеріне жайғастырып, жалғыз қойын сойып, тамақтандырды. Өмірінде бірінші рет көрген, мүлдем танымайтын адамды осылай ыстық ықыласпен шаңырағының астына алып, жалғыз көрпесін астымызға төсеп, бір үзім нанын бөліп берген қазақ отбасының мейірімділігі жүрегімді елжіретті. Бірнеше айдан кейін олар өзіміздің үйімізді тұрғызуға жәрдемдесті. Міне, сол кезден бері бір-бірімізге әртүрлі жағдайларда қол ұшын созып, қиын-қыстау кезеңдерде жандарында болуға тырысамыз. Қазақтардың осындай мейірімділігі мен қамқорлығы үшін оларға айтар алғысымыз шексіз, – дейді Ескендірдің әжесі Рая Ким ағынан жарылып.

Ескендірдей бала тәрбиелеген Ким әулетінің Алаш жұртына деген құрметі ерекше. Ұрпақтарының осы ұлттың игілігіне жарар дүниелерге әуес болуын құп көреді. Оның бір дәлелі қазақ тілін жетік білуі. 

– Қазақстанға келіп әжеміз бен атамыз, басқа да корейлер өмірлерін қайта бастап, күріш егумен айналысады. Жергілікті қазақтар олардың қиын жолын, тағдырын түсініп, өз көмектерін аямайды. Әжем қазақ халқының адамгершілігіне, кішіпейілдігіне, қонақжайлығына, өзгелерді жатсынбайтынына дән ризашылығын айтып отыратын. Қазақ елін, қазақ жерін мекен еткеннен кейін мемлекеттік тілді білу – әркімнің міндеті. Сол елді құрметтеп, сыйлағаны деп түсінемін. Әрі біз қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық тағамдарын жақсы білеміз. Ата-анамның достары да қазақтар. Олар үйде анам дайындаған дәмнен татып, бауырсағы мен етінің дәмділігін әрдайым айтып отырады. Қазақ әндерін жақсы көреміз. Әке-шешемнің мақалдап қазақтан кем сөйлемейтінін мақтан етемін, – дейді Александр Цой.

Иә, Ескендір қазір І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің білімгері. Өзін Александр деп атағанды аса жақтыра бермейді. Ескендір есімі бітімін биіктетіп, сеніміне қанат бітіретін күйге бөлейтінін айтады. Әрі осы әдемі атты арқалатқан білім шаңырағы — Кәлпе орта мектебіне айтар алғысы шексіз. Бүгінгі таңда ол облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен тығыз қарым-қатынаста. Өзіндей жастарды қазақ тіліне баулып, ұлтты құрметтеудің ерен үлгісін көрсетіп келеді.

Мұхтар КҮМІСБЕК. 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда жансақтау бөліміне түскен баланың анасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны екенін айтты

Талдықорғанда жансақтау бөліміне түскен баланың анасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны екенін айтты

04.02.2026
Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

03.02.2026
Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

03.02.2026
АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

03.02.2026
ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.