Талдықорған: +2°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Әлем мойындаған Мұқалы

22.11.2025
РУХАНИЯТ
Әлем мойындаған Мұқалы
WhatsAppTelegramFacebook

Бір ғасырда туған қос алыптың тағдырларының бастауында-ақ таңғажайып оқиғалардың орын алғаны туралы тарихшылар нақты жазып кеткен-ді. Әуелгісі – хан Шыңғыс, қаған Шыңғыс. Жарты әлемді жаулаған айбарлы қаған өмірге уысына найза шашағын (бір деректерде жал ұстап туғаны да айтылады) ұстап келіпті. Сөйтіп ол тумысынан-ақ күллі әлемнің әмір-қожасы екенін шыр етіп өмірге келген шағынан айшықтап, ұлы жорықтар арқылы өркениет өзегіне айбарлы түркі жұртының тектілігін қосақтай дарытқан екен. Соңғысы – тұман жамылып туған Мұқалы. Мұның да пешенесіне кіші тақта отырып ел басқару ісінің ең ұлы жосық-жоралғыларын атқару, саясат жүргізу, жаһан шулатқан жорықтардың қолбасшысы болу бұйырыпты.

Иә, ықылымға бойласақ – күн мен түннің ауысып, тұлпар тұяғы жорықта тозар заман жақындаған. Онсыз да саяқ жүріп тоқымдай жер үшін ұлы қырғынға түскен бытыраңқы тайпалардың басы қағанатта қосылып, әрбір асыл нәсіл ұлы хандықтың уығына айналар уақыт таяған. Осынау қағанатқа жерік таскешті заманда әуелі Есугей шаңырағында болашақ ұлы қаған бесікке бөленсе, Күнқуар мен Көктің кіндігінен де тағы бір айбарлы ұл өрбуі тиіс-ті. Жазмыш заңы бұл! Ай-күні жақындаған Көк шешеміз толғатқан уақытта үйдің ішін ақ тұман басып кетіпті. Шыр еткен нәрестенің кіндігі тұманмен түйіскенде сырттағы бақсылар мен қозыкөш болашақты болжар көріпкелдер жамырасып, адамзат бекзаты өмірге келді деп топшылапты.

Сол топшы тобыққа қан қатқан қаһарлы ғасыр қаһарманының үдесінен табылған. Ақ кесім ақиқатқа айналған. Осылайша айбарлы Шыңғыс қағанның өмірлік серігіне айналып, ел билеу ісін бірге жүргізген осы Мұқалы Күнқуарұлының рухани болмыс-бітімі, ерлігі мен өрлігі тарихта қашалған.

Ал бүгін бекзат болмысты баһадүр бабамыздың қазақ тарихындағы, күллі түркі әлеміндегі орнын айшықтау ісі о баста-ақ басталуы тиіс еді деп толғанамыз. Десе де күні кеше Д. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясында өткен халықаралық «Мұқалытану» симпозиумы қытай хандықтарының басын біріктіріп Юань мемлекетін құрған тұңғыш патша Мұқалы бабамызды танудың ең негізгі бастауындай көрінгені бар. Көңілге қуаныш, бойға қуат бергені де ақиқат.

Аталмыш академия қабырғасында «Мұқалытану» симпозиумы халықаралық дәрежеде өрнек тапты. Ғылыми шара басында Мұқалы Күнқуарұлының өмірі мен тарихи істерін таныту мақсатында терсіңді еңбек нәтижесінде жазылған «Мұқали», «Әлем мойындаған Мұқалы», «Жампоз» кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Симпозиумда алғашқы болып тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан тарихшылар қауымдастығының төрағасы Мәмбет Қойгелдиев «Өз тарихымызды өзіміз жазатын күн туды» тақырыбында баяндама жасап, Шыңғыс хан заманындағы тауанды тарихымыз жайлы, Мұқалының ерлігі мен өрлігі жөнінде ағынан жарылды. Жалайыр тайпасының құрылымы, ел тарихындағы осы тайпаның негізі тұрғысында толғанды.

Өз кезегінде сөз алған Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы Бексұлтан Нұржеке-ұлы еркін баяндама жасап, тарих қатпарларындағы қағидалы, қасиетті дүниелерді айрықша атап өтті. Ол әуелі рушыл, трайбалист дегеннің өз ата-бабасының ерлігін айтып, тегін түптеп жүргендер емес, өз руын зор, өзгені қор санағандар екенін айшықтап берді.

– «Тегін білмеген – тексіз» дейді дана қазақ. Ал өз ата-бабаңның тарихи жолын, еңбегін, ұлы ерліктерін түгендеу ісін рушылдықпен шатастыруға болмайды. Трайбализм деген өзге руларға қарсы сөйлейтін, өзгенің ата бабасын түк қалдырмай сыбайтындарға тән қылық. Өз ата-бабасы туралы жаман ой қалыптастырып, жаңсақ пікір жетегіне ергендерді тексізге телитініміз сондықтан. Бұл жөнінен келген уақытта, әлем мемлекеттерінің ішінде өзінің тегін, қайдан шыққанын, түп бастауындағы арғы бабасын білетін жалғыз ұлт бар. Ол – қазақ, – деп сөз бастаған классик жазушы Мұқалы баһадүр мен Шыңғыс қаған жөнінде толымды ой қозғады.

«Жалайырдың шежіресі бойынша Мұқалы, Жамұқа, Ақсақ Темір үшеуі ағайынды. Боданшардың ұрпақтары. Басқа жалайырдан ерекшелігі сол. Бұлар қазақтың жүрежат деген ұрпақтары. Жат – бөтен деген сөз. Бөтен деген басқа атадан туды деген сөз, басқа халық дегені емес. Ұранхайдың жалайыр руынан тарағанын о заманда Шыңғыс хан айтып отырған. Ұранхай Жебе, Ұранхай Сүбедей деп отырады да, Мұқалыға келгенде «Жалайыр Мұқалы» дейді. Тарихты оқыңдар, бәрі көз алдыларыңда тұр ғой. Шыңғыс ханның ата тегін, туған жерін, бәрін нақты айтатын 15 кітап бар. Қалғанының бәрі солардың көпірме көшірмесі ғана. Әлемде 200-ден асатын кітап бар десек, мұның бәрі түпнұсқа емес», – дей келе Бексұлтан Нұржеке-ұлы 1984 жылы Ираннан шыққан, Кеңес заманына, яғни 1949 жылы 1-томы, 1952 жылы 2-томы, 1956 жылы 3-томы шыққан кітаптың нағыз түпнұсқа екенін жеткізіп, осындай құнды еңбекті ден қойып оқыған адамдар Шыңғыс ханның жалайыр руынан шыққанын, Мұқалының ұлы қолбасшы, Қытай билеушісі болғанын таниды деп тоқталды.

Классик жазушы өз кезегінде Шыңғыс хан мен Мұқалының тарихтан алатын орнын, күллі түркі халқы үшін асқақтатып төбеге көтерер тұлға екенін жан-жақтылы мысалдармен дәлелдеуге күш салды. Рашид ад-Дин бастаған тарихшылардың шежірелі еңбектері мен тарихи жазбаларынан мысал келтіре отырып «Моңғолдың құпия шежіресі», «Алтан тобчи» секілді жазбаларды оқуға шақырды.

Мұқалы Күнқуарұлының тұтас ғұмырындағы жарқын бейнесі мен ел тарихы үшін атқарған ұлы ерліктері жөнінде, естеліктер мен тарихи жазбалар арқылы айшықталған өмір белесіндегі негізгі дүниелерді ҚХР жазушысы, аудармашы, Қытай Жазушылар одағының мүшесі, Қытай Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ақбар Мәжит ерекше баяндап өтті.

Өз кезегінде сөз алған Алматы облысының Құрметті азаматы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Тынышбай Досымбеков Шыңғыс хан мен Мұқалы арасындағы терең байланысты айрықша атап өтіп, баба бейнесін танудың ең жарқын жолы бүгін оқырманға ақжолтайланған «Мұқали», «Әлем мойындаған Мұқалы», «Жампоз» кітаптарын оқу екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, Тынышбай Досымбеков:

– Шыңғыс хан анасы Ұлын дүниеден өткенде де, Шағатайдың баласы, туған немересі соғыста қаза тапқанда да, өзін жүннің арасына тығып қойып Тайшығұттардан аман алып қалып, құтқарып жіберген Қатқыны қытайлар өлтіріп кеткенде де жыламаған. Ал Мұқалы өлгенде «бауырым» деп сақалынан сорасы аға егіліп жылапты. Мұқалы – тек ұлы стратег қолбасшы ғана емес, үлкен саясаткер болды, – деп толғанып Шыңғыс қаған мен Мұқалы арасындағы бауырлықтың бекзат, достықтың алқаусыз адал қалпын осыдан ұғуымыз керек деген байлам жасады.

Осы тақылеттес мысалдар арқылы ұлы бабамыз Мұқалының мұғдарлы тарих қойнауындағы асылы нәсіл болмысы айшықталып, тарихтағы тұлғалық сипаты суреттелді. Өз кезегінде Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының бас сарапшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Әуезхан Шашаев, тарих ғылымдарының докторы, профессор Берекет Қарыбаев, генерал-майор, Астана қаласындағы Ұлттық қорғаныс университетінің ректоры Асқар Мұстабековтар қолбасшылықтан да биік генералиссимус дәрежесіне көтерілген, тарих санасында қытай хандықтарын Юань мемлекетіне топтастырған тектінің төл тарихымыздағы орнын айшықтайтын баяндамаларын оқыды.

Мұқалы бабаға арналған ән әуелеп, күй төгілген симпозиум соңында қоғам қайраткері, Алматы және Жетісу облыстарының Құрметті азаматы Наурыз Қылышбаев сөз алып, тұлғалардың өмірін зерттеуге қатысты мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар «Анда» шежіре отауының атқарып жатқан игілікті ісі мен болашақ жоспарымен бөлісті.

Айта кетерлігі, рухани шара соңында 20 жылдық еңбек пен терең зерттеуінің нәтижесінде «Әлем мойындаған Мұқалы» атты толымды кітап жазған Бүкіләлемдік Шыңғыс хан Академиясының академигі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, айбоз ақын Әміре Әрін оқырманға ақжолтайланған кітабы туралы айта келе Мұқалы бабаға арналған рухты өлеңін оқыды. Сонымен қатар симпозиум аясында Бексұлтан Нұржеке-ұлы бастаған қадірменді қонақтардың иығына шапан жабылып, құрмет көрсетілсе, кеш барысында Д. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясы мен Қытай-Орталық Азия Си Цзиньпиннің мемлекеттік басқару идеологиясы зерттеу орталығы екіжақты меморандум жасасты. Алдағы уақытта тарихи, ғылыми еңбектер осы ынтымақтастық аясында жарық көріп, зерттеулер ұйымдастырылатын болады.

«Халықаралық Қадырғали Жалайыр» қоры, Халықаралық Мұқалы баһадүр қоры, «Анда» шежіре отауы ұйытқы болған «Мұқалытану» симпозиумы жоғары деңгейде өтті. Небір ғалымдар мен тарихшы-жазушылар бас қосқан жиынның соңында оқылған Әміре Әріннің «Ардағымды алқалап Арзу Аспан!» өлеңінен үзінді беруді жөн деп таптық.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ
Алматы қаласы

Қатысты жаңалықтар

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

04.03.2026
Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

04.03.2026
Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

04.03.2026
Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

04.03.2026
Технологиялар әлеміне жасалған қадам

Технологиялар әлеміне жасалған қадам

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.