Талдықорған: +4°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Әлем таныған Әнуар Әлімжанов

Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әнуар Әлімжановтың дүниеге келгеніне 95 жыл. Осыған байланысты Жетісу облысының орталығындағы Сәкен Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханада «Әлем таныған Әнуар Әлімжанов» атты арнайы еске алу кеші өтті.

06.10.2025
КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
Әлем таныған Әнуар Әлімжанов
WhatsAppTelegramFacebook

Орталық кітапхана ұжымының бастамасымен ұйымдастырылған тағылымды шараға аймақтағы зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, әнуартанушылар, кітапханашылар мен оқырмандар қатысты. Кеш аясында жазушының бай мұрасын насихаттау мақсатында «Ұлтын сүйген Әнуар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Осы орайда кітапхана қорындағы қаламгердің том-том еңбектері, мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар мен естеліктер жан-жақты таныстырылды. Олардың арасында автордың ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің ғұмырын арқау еткен «Ұстаздың оралуы», «Көгілдір таулар», «Отырардан жеткен сый», «Қарасұңқар көпірі», «Махамбеттің жебесі», «Жаушы», «Адамдар жолы», «Таным» сынды повесть-романдары бар.

Іс-шара барысында Алматы қаласынан арнайы онлайн байланысқа шыққан филология ғылымдарының докторы, прозашы, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, әнуартанушы Кәкен Қамзин қаламгердің ізгі адамгершілігі мен ұлты үшін сіңірген еңбектеріне кеңінен тоқталып, құнды естеліктер және тарихи деректермен бөлісті. Сонымен бірге Түркі тілдес халықтар әдеби қауымдастығының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, әнуартанушы Ербол Ақшолақов сөз сөйлеп, аядай ауылда туып-өскен қарапайым қазақ баласының ұлы еңбектері әлемдік деңгейде танылып, жоғары бағаланғанын айрықша атап өтті.

Әнуар Әлімжанов 1930 жылдың 12 мамырында бұрынғы Жетісу өңірінің Сарқан ауданына қарасты Қарлығаш ауылында дүниеге келген. Алдымен анасынан, кейін 1941 жылы әкесінен айырылып, жетім қалған ол интернатта, балалар үйінде тәрбиеленіп, білім алған. 1949 жылы Лепсі педагогикалық училищесін, 1954 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген. Жазушылық және журналистік еңбек жолын облыстық «Алма-Атинская правда» газетінде бастаған. Бұдан кейін «Литературная газетаның» Қазақстан бойынша меншікті тілшісі, «Ленинская смена» газеті редакторының орынбасары, Қазақстан және Қырғызстан республикалары бойынша «Правда» газетінің тілшісі, «Қазақфильм» студиясының бас редакторы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, республикалық тарихи ескерткіштер мен мәдениетті қорғау жөніндегі Қазақ қоғамы Орталық кеңесі президиумының төрағасы, КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар Кеңесінің төрағасы сынды қызметтер атқарған. Сондай-ақ ол Азия және Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі комитеттің, Африка халықтарымен достықтың Қазақ ассоциациясы президиумының, Африка халықтарымен достық ассоциациясы басқармасының мүшесі, Қазақ КСР және КСРО Жоғарғы Кеңестерінің депутаты болған. Қазақстан Ленин комсомолы, Қазақ КСР Мемлекеттік және Халықаралық Дж. Неру атындағы сыйлықтардың лауреаты. «Құрмет Белгісі», Халықтар Достығы ордендерінің иегері. Қазақстанның Халық жазушысы. Кеште жеке-жеке сөз алған Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін, Жетісу университетінің доценті Дүйсен Аңсабаев сынды зиялы қауым өкілдері Әнуар Әлімжановтың ұлт руханиятына қосқан сүбелі үлесі мен ұрпаққа қалдырған мол мұрасы туралы әңгімелеп, мұндай тәрбиелік мәні зор тағылымды шараның маңызы зор екенін ерекше атап өтті.

Шара соңында Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі, ақын Роза Жылқайдарова мен аймақтағы «Әнуар оқулары» байқауының жеңімпаздары жүрекжарды арнау жырларын оқыса, Н.Тілендиев атындағы балалар музыка мектебінің оқушылары әсем әндер шырқап, көпшілікке әсерлі рухани көңіл-күй сыйлады.

                                                                                                                    Айдын КӘЛІМХАН

 

 

Қатысты жаңалықтар

Қор нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленеді

Қор нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленеді

05.03.2026
Жақсы дәрігер жанға дауа

Жақсы дәрігер жанға дауа

05.03.2026
Қазақстанда сапасы бойынша сирек кездесетін антрацит көмірін өндіру басталады

Қазақстанда сапасы бойынша сирек кездесетін антрацит көмірін өндіру басталады

05.03.2026
Елде жас дәрігерлер қатары артып, кадр тапшылығы азайып келеді

Елде жас дәрігерлер қатары артып, кадр тапшылығы азайып келеді

05.03.2026
Танымал боксшы Данияр Елеусіновтің әйеліне «шабуыл жасады» деген айып тағылды

Танымал боксшы Данияр Елеусіновтің әйеліне «шабуыл жасады» деген айып тағылды

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.