Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Алғыс жауған күн

Конституция күні қарсаңы Көксу ауданы тұрғындары үшін тарихи сәттерге толы болды. Бір мезетте үш бірдей әлеуметтік нысан – Бесқайнар мен Жетіжал ауылдарындағы жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт пен Көксу стансысындағы «Талшын» балабақшасы пайдалануға берілді.

30 тамыз 2025
РУХАНИЯТ
Алғыс жауған күн

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Ауылдық жердің тұрғыны үшін ең бастысы сапалы медициналық көмек пен балаларының тәрбиесіне жағдай жасау. Енді бұл мүмкіндіктер ауыл ішінде қолжетімді болып отыр.

Бесқайнар ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы 2024 жылдың тамыз айында басталып, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды. Құрылысын Батыс Қазақстан облысындағы «НСК MBM Constructions» ЖШС жүргізді. Жалпы аумағы 261,8 шаршы метрді құрайтын ғимарат 10 бөлмеден тұрады. Заманауи құралдармен жабдықталған кабинетте фельдшерлік, акушерлік, екпе бөлмесі және физиотерапия секілді бөлімдер орналасқан.

Ал Жетіжал ауылында да дәл осындай ФАП ашылды. Оның құрылысын «Строительная компания Люкс-сервис» атқарды. Екі ауылдағы медициналық пункттерде де екі орта буын медицина қызметкері тұрақты қызмет көрсетіп, амбулаториядан дәрігер аптасына бір-екі рет келіп қабылдайды. Барлық қызмет «Мис Жетісу» атты заманауи ақпараттандыру жүйесі арқылы жүзеге асады.

Ауыл тұрғындары бұл өзгерістерге ерекше қуанышты. Бесқайнар ауылының ақсақалы Жапар Жанұзақов:

– Осы ауылда туып-өстім. Есейдім. Біздің жас кезіміздегідей емес, қазір жағдай жақсы, қуантады. Барлық жақсылық жастарға арналса, солар қызығын көрсе дейміз, – десе, Жетіжал ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Алматай Қапан:

– Осыған дейін ауданға баратынмын, енді ауылда ашылып жатыр. Қуаныштымын. Енді бала-шағамды осында қаратамын, – дейді.
Сондай-ақ, үшінші қуаныш Көксу стансысындағы «Талшын» балабақшасының ашылуы. Мұнда 75 бүлдіршінге арналған 3 топ бар. Сонымен қатар, 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Жаңа мекеме іші ыңғайлы жиһаздармен жасақталып, заманауи стандарттарға сай жабдықталған. Бұл жас ұрпақтың жарқын болашағына жасалған тағы бір игі қадам.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Көксу ауданының әкімі Дәулет Халелов тұрғындарды мерекелік сәтпен құттықтап, жаңа нысандардың ауылдық жерлердің әлеуметтік дамуына серпін беретінін атап өтіп:

– Елдің қуанышы – біздің еңбегіміздің нәтижесі. Жаңа медициналық пункттер мен балабақша ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттырып, жас буынның болашағына жол аша- ды, – деді.

Көксу ауданындағы бұл үш бірдей жаңа нысан мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесі. Ол ауыл халқының тұрмысын жеңілдетіп қана қоймай, болашаққа деген сенімін нығайтатыны анық.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Дрондар додасы:  мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

Дрондар додасы: мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

18 қараша 2026
Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

18 қараша 2026
Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

18 қараша 2026
Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

18 қараша 2026
«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

17 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.