Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АЛМАТЫДА ӘЛИЯ НАЗАРБАЕВАНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨНЕР КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

30 қазан 2020
РУХАНИЯТ
АЛМАТЫДА ӘЛИЯ НАЗАРБАЕВАНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨНЕР КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының өнер мемлекеттік мұражайында «Бұл таңғажайып әрі нәзік әлем» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.

Қазақстанның экологиялық қауымдастығы ұйымы мен «StopMusor» әлеуметтік жобасының шеңберінде ұйымдастырылған суреттер көрмесі келушілердің назарын аударып, қалада да, табиғат аясында да қоқысты өнер туындысына айналдыруға болатындығын ұғындырды.

Шараға арнайы қатысқан «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі (ЗТБ) президиумының төрайымы Әлия Нұрсұлтанқызы, ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев, «Филипп Моррис Қазақстан» ЖШС басқарушы директоры Хуан Карлос Эскобар көрменің лентасын қиды.

Шараны «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрайымы Айгүл Соловьева жүргізіп, Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайының директоры Гүлмира Шалабаева, Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов мұражайдың бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырды. Сондай-ақ, «StopMusor» әлеуметтік жобасының шеңберінде ұйымдастырылған суреттер көрмесінің экологиялық мәселелерді шешудегі өнегелі тұстарын әңгімеледі.

Суреттер топтамасы әртүрлі техниканы қолданумен қайталама материалдардан орындалған шығармалардан құралатын 30-дан астам танымал қазақстандық шебердің еңбегінен тұрады. Ондағы Нэлли Бубэ, Мұхит пен Руслан Ақанаевтар, Сәуле Сүлейменова, Жәмила Тәкен, Шаттық Батан шығармалары, сондай-ақ, өнер жолын жаңадан бастаған Алмас Нұрғожаев, Нұрболат Асқар, Камила Баянова, Равиля Нарегеева, Темірәлі Нәжімиденовтің шығармалары ұсынылған.

Аталмыш көрме 6 қарашаға дейін ашық болады. Айталық, «StopMusor» жобасы халықтың сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сонымен қатар, тұрғындар арасында тұрмыс қалдықтарын жауапты жоюға мәдениетті тәрбиелеуге бағытталған. Демек, аталмыш көрме сол ойдың жүзеге асуына дем бермек. Сондықтан, уақытыңыз болса, мұражайға бас сұғып, көрмені тамашалап кетіңіз. Көкейіңізге көп ой түйеріңіз анық.

Қажет АНДАС

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.