Талдықорған: +4°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АЛТЫННАН АЛҚА ТАҒЫНАН АНАЛАР

10 қыркүйек 2016
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

Еңлік КЕНЕБАЕВА

Әлемнің жарығын сыйлаған аналарға деген құрмет әрқашанда жо­ғары. Тек балаларының алдында ғана емес, мемлекет алдында да үлкен еңбек сіңіріп, ел алдында абыройларын асырған алтын құрсақты аналарды Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев қабылдап, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегер­лері атанған аяулы жан­дарды құт­тықтады.

Қала әкімдігінің үлкен за­лында былдырлаған ба­ла­лар­дың үні ерекше ес­тілді. Бар­лығы да балдай тәтті қылық­тарымен, сүй­кімділігімен адам тар­тады.

– Бала – бауыр етің, өмір­­­­дегі ең басты бақы­тың. Бала – өміріңнің жал­ғасы. Сондық­тан да бар­лық­та­рыңызға ден­сау­лық, бақыт, береке-бірлік, от­ба­­сыла­рыңызға аман­дық тілеймін. Қазір­гі таңда бала­ны дұрыс тәрбиелеу ең бірінші мін­дет. Мұны Сіз­дер өте жақ­сы білесіздер деп ой­лай­мын. Мәңгілік Елдің ұрпақ­тары ертеңгі еліміз­дің үмі­тін ақ­тай­тын аза­мат­тар болсын деп ті­лей­мін. Сіз­дерді марапат­тау мен үшін үлкен құр­мет. Мара­пат­­тарыңыз құтты болсын, – деді өзі­нің құт­тықтау сөзін­де қала әкімі Бағдат Қара­саев.

Өмірдегі ең үлкен ер­лікті бір өздері атқарып, бала-шағасының орта­сын­да бал-бұл жанған қуа­нышты сәттің басты кейіп­керлері алтын­нан, күмістен алқа тағынды. Оларға қала бас­шысы өз қолымен сый-сия­патын ұсы­нып, ар­дақты жан­дарды марапа­тымен шын жү­рек­тен құт­тық­тады.

Лебіздер легі

Мәрия БӨЛЕКБАЕВА,

«Алтын алқа» иегері:

– Мен ел Президентінің атынан осындай марапатқа ие болғаныма өте қуаныштымын әрі мақтан тұтамын. Барлық қазақстандық қыз-келіншекке халық санын арттыруға үлес қосыңдар дегім келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш бол­сын деген аналық тілегімді арнаймын.

 

Дәрия ТҮМЕНБАЕВА,

«Күміс алқа» иегері:

– Мен үшін бұл өте қуа­ныш­ты сәт. Қазіргі заманда көпбалалы ана болу, бала­ларың­ды қатарынан кем қылмай бағып-қағып өсіру оңай емес. Дегенмен, Жаратушы бала­ларға жарық дүниені көруді нәсіп еткен соң оларды ризық­сыз қалдырмайды. Сондықтан қазақ елінің ұрпағын көбейтуге барлық аналарды шақырмын.

 

Сәуле КӨЛБАЕВА,

«Алтын алқа» иегері:

  • Бала – әйел адамның өмі­рін­дегі ең үлкен сый. Өткенге көз салсақ, батыр аналарымыз көп болған. Қазір біз сол жан­дардың ізін жалғастырып келе­міз. Әрбір қыз-келіншекке «ана» деген қасиетті де қастерлі атты есту бұйырса екен деп тілеймін.

Қатысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Экологиялық мәдениет – ұлттық сананың жаңа деңгейі

Ең қымбат ұғым

Бүгін, 18:37
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Жарқын болашақ

Бүгін, 17:30
Қыз тағдыры – ұлт айнасы

Отбасылық қолдау

Бүгін, 16:30
Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Бүгін, 15:00
Жетісу облысында өрт көрсеткіші өсті: Тұрғындарға қандай ескерту жасалуда?

Жалын жүрек, жас өрен

Бүгін, 14:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.