Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Ана көрген – тон пішер

24 қаңтар 2026
РУХАНИЯТ
Ана көрген – тон пішер

Depositphotos.com/byheaven

WhatsAppTelegramFacebook

Сарқан ауданына қарасты Қарабөгет ауылының тұрғыны Гүлнұр Солтан ұлттық қолөнерді жаңғыртып, оны кәсіпке айналдырған іскер жан.

Қытай Халық Республикасында 1978 жылы дүниеге келген қандасымыз 2008 жылы отбасымен Қарабөгет ауылына көшіп келген. Ол бүгінде Сарқан аудандық іскер әйелдер кеңесінің мүшесі ретінде өңірде ұлттық қолөнердің дамуына үлес қосуда.

– Анам өте ісмер адам болатын. Текемет басып, алаша тоқығанын көріп өстім. Сол өнер маған бейсаналы түрде дарыды. Қазір көпшілік қой жүнінің қадірін біле бермейді. Ешкімге қажетсіз болып, шашылып жатқан жүндерді көргенде анамның еңбегі көз алдыма келді. Содан сол жүндерді жинап, жуып, тазалап, сабап, түтіп, дайын күйге келтірдім. Анамнан үйренген көрпе, қыз жасауы сияқты бұйымдарды жасай бастадым. Байлығымызды қор қылмайын деп бастаған ісім бүгінде кәсібіме айналды, – дейді Гүлнұр ханым.

Кәсіппен айналысамын деген жанға мүмкіндік мол. Жүннен жасалған бұйымдар үйдің сәнін арттырса, тоқылған киімдер суық өткізбейді. Шебердің айтуынша, тапсырыс бойынша байпақ, қолғап, шәркей, балалар киімі, құрақ көрпелер де дайындайды.

– Қой жүнінің адам денсаулығына пайдасы зор. Одан жасалған бұйымдар сәнді әрі берік келеді. Бала күнімізде әжелеріміз жүн түтіп, сабап, киіз басатын. Қазір ұршық иіріп, шұлық тоқитын апалар да сиреп кетті. Ал негізінде қой жүнінен жасалған бұйымдар оңай жыртылмайды, жылуды жақсы сақтайды, – дейді қолөнер шебері.

Кейіпкеріміздің алдағы мақсаты – кәсібін одан әрі дамытып, ұлттық өнерді жалғастыратын шәкірт тәрбиелеу.

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ
Сарқан ауданы

Қатысты жаңалықтар

Дрондар додасы:  мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

Дрондар додасы: мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

18 қараша 2026
Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

18 қараша 2026
Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

18 қараша 2026
Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

18 қараша 2026
«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

17 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.