Талдықорған: -1°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Анамның жаққан ошағы

09.11.2025
РУХАНИЯТ
Анамның жаққан ошағы
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақтың киелі дүниетанымында ошақ – өнегелі өмірдің, жарқын жылулықтың, ұрпақ сабақтастығының нышаны. Ал сол ошақты жаққан ана қолы – мейірім мен махаббаттың бастаухаты. Әнші Гүлнұр Нұрасылованың алдағы шығармашылық кеші де дәл осындай қасиетті ұғыммен сабақтасып жатқандай. Кештің атауы – «Анамның жаққан ошағы». Бұл әшейін тауып айтылған тіркес емес, ол – тұтас тағдырдың, терең сағыныштың, мәңгілік рухани байланыстың әлдиі.

Бұл кештің тарихы бір жыл бұрын басталған. Ол кезде Гүлнұрдың қасында ең қымбат жан – анасы бар еді. Алланың жазуына амал бар ма, жақсы адам жарық дүниемен қоштасып, мәңгілік мекеніне аттанды. Кеше ғана екеуі бірлесе отырып осы концертті жоспарлаған еді. Сахна көріністерін, әндердің ретін, тіпті киер киімге дейін шай үстінде қағазға мөрлеген. Әнші жаңа ән жазуға кіріскенде анасы әр сәтте қолдау білдіріп, кішкентай немерелерін «аналарыңды мазаламаңдар, кешке дайындалып жатыр» деп тыныш отырғызатын күндер бұл күнде сағынышқа айналған. Сол бір қамқорлықтың, нәркес нәзіктіктің әр мезеті Гүлнұрдың жадында жаңғырады. Анаға деген сағыныш – ешқашан сейілмейтін сартап сағыныш. Сол әуезді әсер осы кештің шамын қайта жақты.

«Осы концертті біз анам екеуміз бірге армандадық. Ол әндерімді тыңдап, сахна көріністерін көз алдына елестетіп, менің шабыттанған сәттерімде үнсіз ғана жымиып отыратын. «Танымал әртістер қатысады» дегенді естігенде ерекше қуанды. «Қызымның кеші үлкен мереке болады» деп шын сенетін. Енді сол арманы менің мойнымда тұрғандай. Бұл кеш арқылы мен анамның аманатын орындамақ ниеттемін», – дейді әнші көзіне жас алып.

Гүлнұр үшін бұл кеш – сахналық өміріндегі кезекті концерт емес, жүрекпен жазылған хат, анасына арналған рухани тағзым, сағыныштың әнге айналған шежіресі. Әншінің өміріндегі ең асыл жан – анасы еді. Ол – Гүлнұрдың алғаш сахнаға шыққан сәтінен бастап тілеуін тілеп, әр әнін көз жасын сүртіп тыңдаған адал жан. Анасының үні мен батасы қызының даусына еніп, әндерінің өзегіне айналды. Бірақ уақыт өз дегенін істеді… Анасы фәниден бақиға озған соң оның өмірінде үнсіздік пен сағыныштың бір кезеңі орнады. Сол беймәлім сезімді ол өлеңмен емес, әнмен сөйлетті. Ал «Анамның жаққан ошағы» – соның айғағы.

«Бұл кеш мен үшін жай концерт емес. Бұл – анамның рухымен сырласу, ол жаққан оттың жалғасын маздату. Сол от менің жүрегімде жанады. Енді мен соны көпшілікпен бөліскім келеді», – дейді Гүлнұр Нұрасылова тебірене.

«Анамның жаққан ошағы» кеші – жүректі жылытатын мереке, ананың мейірімін сахнаға айналдырған рухани алау. Сахна безендірілуінен бастап ән таңдауы мен әр композицияның мәні – барлығы ана махаббатының айналасында өріледі. Кеш барысында автордың жүрегінен туған жаңа әндер мен көпшілік сүйіп тыңдайтын туындылары шырқалады. Әр ән – бір естелік, әр әуен – ананың алақаны, әр нота – жүрек дірілі.

Кештің бас кейіпкерімен бірге қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары да сахнаға шығып, ошағынан мейірім шашқан аналарға арналған әндер мен Гүлнұрдың авторлық туындыларын орындайды. Кеш қонақтарының қатарында мәртебелі өнердің майталманы Мейрамбек Бесбаев, сыршыл үн иесі Мәдина Сәдуақасова, сахна сәнін кіргізетін Сәкен Майғазиев пен Саят Медеуов, сондай-ақ, Гүлнұрдың әріптес-достары мен өңірдегі өнер дүлдүлдері қатысады. Әрқайсысы сахнаға шығып, өмір жолы мен анасына деген құрметіне ортақтасады. Осылайша кеш тек музыкалық емес, адамдық рух пен өнердің бірлігін дәріптейтін ортақ оқиғаға айналмақ.

Гүлнұр Нұрасылова – сахнада нәзіктігімен де, рухани болмысымен де ерекшеленетін өнер иесі. Оның ән айту мәнері – бір мезетте бала мейірімін де, аналық даналықты да сездіретін ерекше құбылыс. Ол сахнаға шыққанда көрерменнің жүрегінде үнсіздік орнап, әр сөз, әр әуен жүрек қылын тербейді. Сол үнсіздіктің ішінде ананың бейнесі жаңғырып, естеліктер тіріледі. «Анамның жаққан ошағы» кешінде дәл сол рухани байланыс басты орында болмақ. Бұл – аналарға тағзым ету кеші ғана емес, қазақтың отбасылық құндылығын, ана мен бала арасындағы киелі байланысты дәріптейтін көркем туындыға айналмақ.

Кеш барысында сахна бір үлкен ошаққа айналады. Сол ошақтың айналасына көрермен жиналып, әрқайсысы өз жүрегіндегі жылулықты бөліседі. Гүлнұрдың үнімен бірге жарық та, мейірім де, сағыныш та тарайды. Әр тыңдарманға өзінің аяулы анасын еске түсіріп, жүрегіне мейірім мен ізгілік ұялатады. Құмсағат ғұмырдың суытқан сағынышын жылытып, өмірдің мәнін сезіндіреді. Кеш соңында сахнадағы жарық баяу сөніп, тек ошақтың жалыны жанып тұрады. Сол жалын – ананың мейірімін, баланың махаббатын, көрерменнің ризалығын бейнелейді.

Гүлнұр Нұрасылованың «Анамның жаққан ошағы» атты шығармашылық кеші – ән мен естеліктің, мейірім мен сағыныштың тоғысқан тұсы. Бұл – өнердің ғана емес, адамның жүрек тарихының сахнадағы көрінісі. Өйткені оның үні – ананың мейірімін жеткізетін үн, ал «Анамның жаққан ошағы» – мәңгілік жалынның символы. Ол жалын ешқашан сөнбейді. Ол – ананың алақанында қалған жылу, қыздың жүрегінде маздаған шырақ, жұрттың жүрегін жылытқан мәңгілік ошақ. Сол ошаққа сіз де жылыныңыз, құрметті оқырман!

Мұхтар КҮМІСБЕК

Қатысты жаңалықтар

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

04.03.2026
Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

04.03.2026
Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

04.03.2026
Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

04.03.2026
Технологиялар әлеміне жасалған қадам

Технологиялар әлеміне жасалған қадам

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.