Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Әр теңге бақылауда

Текелі қаласында облыстық тексеру комиссиясының ұйымдастыруымен мемлекеттік кәсіп - орындардағы қаржылық бұзушылықтардың алдын алуға қатысты «дөңгелек үстел» өтті. Осыған орай тексеру комиссиясының төрағасы Ардақ Тоқбергенов сұхбат берді.

1 қараша 2025
РУХАНИЯТ
Әр теңге бақылауда
WhatsAppTelegramFacebook

– Ардақ Айдарқұлұлы, алдымен Текелі қаласында өткен «дөңгелек үстелдің» негізгі мақсаты жайында айтып өтсеңіз?

– Бұл жиынның басты мақсаты – қаржылық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік ұйымдарда қаржы тәртібін нығайту. Біз жыл сайынғы аудит барысында қайталанып отырған қателіктерді талдап, олардың себептерін жүйелі түрде түсіндіруді қолға алдық. Қаржылық тәртіп тек есеп жүргізу мәселесі ғана емес, бұл – басқару мәдениеті. Әр мемлекеттік мекеме басшысы мен қаржы қызметкері бюджет қаражатына қоғам сенімі тұрғысынан қарауы тиіс. Сондықтан біз алдын алу шараларына көп көңіл бөлеміз.

– Жиында қандай мәселелерге баса назар аудардыңыздар?

– Негізінен қаржылық тәртіпті сақтау, аудит сапасы және цифрлық жауапкершілік мәселелеріне ден қойылды. Сондай-ақ, аудит нәтижелерінде анықталған бұзушылықтардың себептерін талқылап, оларды болдырмау жолдарын қарастырдық.

– Цифрлық қолтаңба мен электронды банкинг жүйесіне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді ме? Жалпы, бұл бағыттағы басты тәуекелдер қандай?

– «Дөңгелек үстел» кезінде қатысушыларға электронды банкинг жүйесімен жұмыс істеу тәртібі жан-жақты түсіндірілді. Сонымен бірге цифрлық технологияларды пайдалану кезінде жеке жауапкершілікті арттыру мәселесіне мән берілді. Қазіргі кезде қаржылық операциялардың басым бөлігі электронды форматқа көшті. Бұл, әрине, ыңғайлы әрі ашықтықты қамтамасыз етеді. Десек те цифрлық қауіпсіздік пен жауапкершілік мәселесі өзекті болып отыр. Сондай-ақ, біз жиында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) өзге тұлғаға пайдалануға берудің заңсыз екенін түсіндірдік. Енгізілген жаңа нормаларға сәйкес енді ЭЦҚ-ны басқа адамға беріп қойған тұлға да, оны заңсыз пайдаланған адам да әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл өзгеріс – цифрлық мәдениетті арттыруға және қаржылық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған маңызды қадам.

– Мемлекеттік ұйымдарда қаржылық сауаттылықты арттыру бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар аз емес шығар?

– Біз жыл сайын түсіндіру және әдістемелік кездесулер ұйымдастырамыз. Бұл жолғы «дөңгелек үстел» де сондай шаралардың бірі болды. Қатысушыларға нақты мысалдар келтіре отырып, бұзушылықтардың себебі мен салдарын түсіндіреміз.
Айта кетейін, есептілікті сапалы жүргізу, электронды жүйелерді дұрыс пайдалану және қаржылық құжаттарды рәсімдеу мәдениетін жетілдіру бағытында кездесу өткізу жалғаса береді.

– Мұндай басқосудан қандай нәтиже күтесіздер?

– Бұл – тәжірибе мен жауапкершілікті арттыруға оң ықпалын тигізеді. Біз әр мекеме басшысы мен есепшілерінің өз қызметінде ең бастысы қаржылық тәртіпті сақтау қағидатының басшылыққа алынатынына сенеміз әрі соны қалаймыз. Кездесу соңында мекемелерге жүйелі бақылау мен тұрақты мониторинг жүргізу тапсырылды. Осындай талқылаулар тәжірибе алмасуға, тиімді басқару мен ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

– Облыстағы қаржылық тәртіпті нығайту бағытындағы жұмысқа қандай баға берер едіңіз?

– Жалпы, жаман емес, оң бағытта келеді. Соңғы жылдары көп мекеме есеп жүргізу мәдениетін жетілдіріп, бақылау тетіктерін күшейтті. Бірақ, оған тоқмейілсімей, әлі де бұл саладағы істі үздіксіз дамыту қажет. Қаржылық тәртіп – бір реттік іс-шара емес, ол тұрақты және жүйелі жұмысқа айналуы тиіс. Біздің басты мақсат – қаржы мақсатты жұмсалып, қоғам алдындағы сенімді нығайту. Сол үшін тексеру комиссиясы бұдан әрі алдын алу, түсіндіру және бақылау бағытындағы жұмыстарды жалғастыратын болады.

– Рахмет!

Айгүл БАЙЖҰМАҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Дрондар додасы:  мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

Дрондар додасы: мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

18 қараша 2026
Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

18 қараша 2026
Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

18 қараша 2026
Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

18 қараша 2026
«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

17 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.