Астанада «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ерекше әлеуметтік жоба жүзеге асты, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Астана қаласы әкімдігінің Сервис және туризм колледжінің 700 студентінен құралған хор және жерлесіміз, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Мәдениет саласының үздігі», Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның әншісі Арайлым Рахым колледждің гимніне айналған «Еңбек адамы» әніне бейнебаян түсірді.
Әннің сөзін – Қуат Ежембек, әнін – Арман Қуандық жазған.
Жоба жастар арасында еңбекқорлық пен кәсіптік құндылықтарды дәріптеу, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы беделін арттыру мақсатында түсірілген.
Шара аясында түсірілген клип еңбек адамының мәртебесін көтеріп, жас буынға үлгі болуды көздейді.





