Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚАТЕЛІК (ӘҢГІМЕ)

03.04.2020
РУХАНИЯТ
ҚАТЕЛІК (ӘҢГІМЕ)
WhatsAppTelegramFacebook

1991 жыл. Көктем. Оқушылардың бәрі дерлік мектеп бітіру емтиханына дайындалуда. Бір кластағы 18 оқушының әрқайсысының жүрегінде бір-бір арман бар. Болашақ қол бұлғап шақырады. Айжан мен Әділет бір класта оқиды. Екеуі де мектептің озат оқушылары. Екеуі дос. Қашан да үлкен шараның сауық кештің ұйымдастырушылары солар. Бірін-бірі жақсы көреді, бірақ білдірмейді. Былайғы жұрт екеуіне қызығып та, қызғана да қарайды. Орысша, қазақша әдеби тілмен әдемі жатық сөйлейді. Білімді, алғыр.
 Оқу жылы аяқталып, емтихан да бітті. Айжан Алматыға, Әділет Мәскеуге оқуға баратын болды. Екеуінің ата-анасы солай шешіпті. Айжан шешесінен бес жасында жетім қалған қыз. Әділет болса біреудің көзінің ағы мен қарасындай болған жалғыз ұл. Қайда оқытам десе де әкесінің дәулеті жетеді. Айжанның сенері тек өз білімі ғана. Әкесі жай жұмысшы. Алматыға аттанар уақыт та келді. Өгей шешесінен тығып берген әкесінің 50 сомын алып Айжан жолға шықты. Қаланы бірінші көруі. Нағашы ағасының мекенжайы жазылған кішкентай қағаз бойынша жол-жөнекей кездескен адамнан сұрап келеді. 
Кеш түсе әрең тауып, ағасының үйіне де жетті.
 Нағашы жеңгесі жылы қабақ танытпады. Үйде өзінің інісі, тағы да оқуға тапсыруға келген бір туысы бар екен.
Сонымен құжаттарын өткізіп, бір орыс кемпірдің қуықтай үйіне тұруға тура келді. Әділет кететін күні екеуі көп қыдырды. Армандарын ортаға салды. Оқу бітіреміз, жұмыс істеп үй аламыз, ұлымыз болады, т.б. дегендердің бәрі айтылды.
Сол күні, «мен сендікпін» деген Айжан Әділеттің қонақүйдегі төсегінде бақытты да соңғы балалық шағымен қоштасты. Ертесінде Әділетті Мәскеуге пойызға шығарып салды. Уәделері нық, бір-біріне сенімді еді.
Екеуі де студент атанды. Бірақ Айжанның азапты күндері басталды. Ол екіқабат еді.
Оқуды тастап жұмысқа тұрды. 
Балалы болған соң күн — көру қиынға түсті. Көмектесер жан жоқ. Ешкімге сырын айтпады. Оны іздеп келер ешкім де болмады. Орыс кемпірдің ақылымен өз ауылына, әке-шешесінің үйіне келді. Баласын көтеріп келген қызын көріп өгей шеше долданып, үйге кіргізбеді.
– Кет, ақымақ болған өзің, қайда барсаң сонда бар. Елге бізді қарабет қылма,– деп шәңкілдеп, табалдырықтан да аттатпады.
Әкесі де долы әйелден аса алмады. Бетіне де қарамай қолымен «кет» деген белгі беріп үйге кіріп кетті. Басқа барар жер басар тауы жоқ. Айжан ешкімнің көзіне түскісі келмей, ұлын кеудесіне қысқан күйі есі ауған жаққа жүре берді.
Бір кезде машинаның сигналынан есін жиды. Үлкен жолдың жиегіне тоқтаған жігіт ағасы:
Қайда барасың? – деп жөн сұрады. Мына жаққа деп міңгірледі. Бірақ қайда барарын өзі де білмеді.
Машинаға отырған соң есін жиды. Машинада елудің ішіндегі ерлі-зайыптылар бұдан жөн сұрады. Олардың сұрағына да дұрыс жауап бере алмады. Екеуі де бұның сырын түсінді. Үйлеріне алып келді. Екеуі ғана тұрады екен.
Алла тағала бізге бір шикі өкпе қимады. Екеуміз ғанамыз. Шаршаған шығарсың, демал деп бір бөлмеге жайғастырды.
Айжанның ойы он, санасы жүз құбылды. Болашағы бұлыңғыр. Әділеттен де хабар жоқ. Бәрі бітті. 
Түнімен ұйықтамады. Ертесінде ел тұрмай жөнімді табайын деп шешті. Таңертең шырылдап жылаған бала даусынан үй иелері оянды. Бала жылап қоймаған соң барса, шешесі жоқ. Кетіп қалған. Іздеді, таппады.
– Әкесі-ау, мына бала қандай сүйкімді, Аллам өзі берген шығар.
– Қартайғанда көрген қызығымыз осы шығар. Өмірлік мұратымыз болсын. Атын Мұрат деп атайық деді отанасы. Кішкентайдың жұпар иісі бүкіл үйді шарлап кеткендей. Еміреніп бауырына басты. Бала да сүтке тойған мысықтай ананың жып-жылы құшағында ұйықтап жатты. 
Жылдар жылжып өте берді. Айжан жұмыс істеп жүріп оқыды. Әділетке ерегесіп мен оқуым керек, үлкен қызметкер болуым керек. Одан төмен болмауым керек деп шешті. Хабарласпаған Әділетке ызасы келеді. Бірақ қимайды. Белгілі тұрағы жоқ адамды ол қайдан тапсын. Екеуі де бір-бірінен хабарсыз еді. Өйткені Әділеттің әке-шешесі баласы оқуға кеткен жылы басқа қалаға көшіп кетіпті. Бір жылдан соң каникулға келген ұлын бай жолдасының қызына үйлендіреді. Себебі, екі жақтың да байлығының мұрагері Әділет еді. Жалғыз қызын білімді, оқыған, сұлу, сымбатты жігітке қосу Назымның әкесінің көптен бергі арманы болатын. Келесі көктемде дүниеге сәби келді. Назым қанша жақсы көргенімен Әділеттің ойынан еліктің лағындай Айжаны кетпеді.
– Қайда екен, не істеп жүр екен? Тұрмыс құрды ма? – деген сұрақтар санасынан шықпайтын.
Әділет оқуын бітіріп атасының құрылыс компаниясын қолына алды. Зерек әрі жас жігіт жұмысына тиянақты. 3-4 жылдың ішінде дөңгелентіп әкетті. Бұл күнде толысқан, оққағары бар лауазымды жігіт. Бір күні ойда-жоқта үлкен жиында Айжанды көріп қалды. Екеуі бірін-бірі кінәлай алмады. Уақыт емші. Жүректегі сыздаған жара да жазылған.
Арада 20 жыл өте шығыпты. Зымыраған уақыт-ай десеңші?! Сәл толысқаны болмаса Айжан еш өзгермеген. Үстіне киген киімі талғампаздықтың белгісін көрсетеді. Бота көзі мөлдіреп, жанары жәудіреп тұр. Ешкімге тұрмысқа шықпаған. Үйі, машинасы, қызметі бар әдемі келіншекке айналған Айжанды Әділет шығарып салды. Үйіне келген соң шай демдеді, өткен-кеткенді айтып біраз отырды. Айжан өмірде баласының барын жасырып қалды.
Осыдан бастап Әділет жиі келетін болды. Тіпті жолсапарға кеттім деп, қонып қалатынды да шығарды. Әттең кетіп қалар еді, қызын қимайды. Сол теңін тапқан күні мен де Айжанға кетермін дейтін.
Айжан тұрмысы жөнделгенімен енді өмірге сәби әкеле алмайтынын білген соң Мұратты іздеді. Тапты. Бетінен қақпай өсіріпті. Ерке шолжаң, өзі спортпен айналысады. Сол ауылдың бұзықтарының «атаманы».
Асырап баққан апасы қайтыс болыпты. Атасы екеуі ғана тұрады екен. Айжан қариядан кешірім сұрады. Баласын алып кетуге келгенін айтты.
– Әкетем десең балаң мынау. Жиырма екіге келді.Төрімнен көрім жуық. Кемпір өлгенде балама бар шындықты айтқанмын. Сен жайлы да біледі, – деді қария.
– Балаңыз үйреніссін. Сонан соң сізді де алып кетеміз, – деп Айжан шетелдік көлігіне отырды.
 Әдемі киімдерін ретке келтірді. Сонан соң жүргізушілік куәлігін алып берді. Әділеттің бір келгенінде Мұрат бұл кісінің кім екенін сұрады.
 Сен бұл кісімен тіл табысуға тырыс. Осы кісінің мен екінші әйелімін. Сен сол кісімен бірге жұмыс істейсің,– деді.
 – Неге екінші әйелісің – деп сұрады Мұрат анасынан. Оның қызы бар, соны қимайды. Ол қыз күйеуге кетсе, Әділет бізге келеді, – дейді. Ал Әділет Мұрат туралы сұраса: – Ағамның баласы, осында жұмыс істеуге келді. Менің үйімде тұратын болды, – дейді.
 Біраз күннен соң Мұрат Әділеттің жүргізушісі болып орналасады. Бір күні бастығының қызы Дананы көргенде жанарлары түйісіп, бір-біріне таңданып қарап қалады. Содан бері  Мұратта маза жоқ. Дананы көрмесе тұра алмайды. Дана да кет әрі емес. Жігерлі, артық сөзі жоқ, өзіне-өзі тұра алатын, әкесіне ұқсаған сымбатты жігіт оған да ұнап қалған. Ал өзінің жігіті мақтаншақ, нөкерлерсіз жүре алмайтын қызғаншақ. Момынға күш көрсетуді мансап, мақтан санайтын жігіт еді. Мұратты таныған сайын жігітінің кемшілігі көрініп тұратын болды. Әділеттің құрылыс компаниясының жұмысы болашақ құдасының жұмысына тәуелді еді. «Қайтсемде қызын балама әперем», бермей көрсін. Бірақ күнде «кислородын» жапсам өзі-ақ менің табанымды жалайды», – дейтін болашақ құдасы. Баласы бұл әңгімені талай естіген. Сондықтан Дананы сырттай иемденіп алған еді. Үйленейік деп бір күні ұсыныс жасағанда Дана Мұратты ұнататынын, енді ондай ұсыныс жасамауын ескерткен еді. Содан бері сылқым жігіт Мұратқа әбден өшігіп алды. Көрсе бітті мұқатып немесе ұрып кетуге даяр тұратын. Қасындағы жылмаңдаған жігіттері де «айт» десе бас салғалы жүр.
Әсіресе, екі жас Мұрат Әділетке Дананы сүйетінін егер келіспесе оның өзінен екіқабат екенін, тез арада үйленетінін айтамыз деп шешті.
Әділет естігенде ыза боп Мұратты кабинетінен қуып шықты.
– Қайдағы бір қаңғыбасқа берер қызым жоқ. Сен өзіңе қара. Сен кім? Ол кім? Тақыр кедей, не бітірген оқуың жоқ. Көрінбе көзіме! – дейді. Сонан соң Айжанға барып Мұратты жұмыстан шығарғанын оны бұл үйден де қуу керектігін айтқанда есі шыққан Айжан амалсыз шындықты айтуына тура келді. Әділеттің жүрегі ұстап, ауруханаға түседі. Есін жиғанда қасында отырған Дана әкесінен кешірім сұрап «Біз сізге өтірік айттық. Мен екіқабат емеспін», –  дегенде көзіне жас алған әкесі:
– Кешір қызым ақымақ әкеңді. Ол сенің туған ағаң. Менің жастық шағымның қателігі еді, – дейді.
 Ештеңеден хабары жоқ Мұрат өздері кездесіп жүретін кафеге келсе, бұрынғы жігітімен отырған Дананы көреді.
– Дана, жүр кеттік. Әлде мыналар сені зорлап, қорқытып ұстап отыр ма, – деп қолынан тартады. Сол кезде жігіттер жабылып, Мұратты соққының астына алады. Дана шырылдап: – Ол менің ағам тимеңдер. Менің жігітім емес. Менің туған бауырым, – деп араша түседі.
 Мәселенің мән-жайын түсінген Мұрат мүлдем мәңгіріп қалады. Шешенің сиқы анау, әкенің сұры мынау, сүйген Данасы өзінің қарындасы болып шыққанына күйінген Мұрат баяғы балалық шағы, жыласа құшағына кіріп мауқын басатын апасын, атасын іздеп, ауылға тартады. Мұңын атасына шағып өксігін басқысы келеді. Қанша жылдамдықпен келе жатқаны есінде жоқ, бір кезде дүние төңкеріліп кеткендей болады. Есін жиса, машинасы жүруге жарамайды. Өзінің де сау тамтығы жоқ. Қан көп кеткен. Сонда да болса төте жолмен ауылына ілби басып келе жатыр. Есік алдына жетті-ау әйтеуір. «Ата» деуге ғана тілі келді. Ар жағы қара түнек. Иттің қатты үргенінен далаға шыққан атасы әл үстінде жатқан, үсті- басы қан-қан өзінің Мұратын көреді. Тамырын ұстап, жүрегін тыңдайды.
Қолы дірілдеп, жанарына жас үйірілген атасы: «Бейкүнә сәби – қателіктің алды-арты сен болармысың», – деп Мұраттың шарасынан шыққан көзін жаба берді.

Дина ИЕМБЕРГЕН, 
зейнеткер
Нарынқол ауылы,
Райымбек ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026
Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026
Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.