Талдықорған: +9°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ: ТЕХНИКАҒА 6 МЛРД. ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛДЫ

3 сәуір 2019
РУХАНИЯТ
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ: ТЕХНИКАҒА 6 МЛРД. ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жыл өткен сайын жетісулық шаруалар ауыл­шаруашылық техникасын жаңалап, жұмыс қарқынын арттырып келеді. Облыс әкімінің қолдауымен кейінгі төрт жылда ауылшаруашылық техникасын сатып алуға 6 млрд. теңге жұмсалып, заманауи техника еңбек етем деген егіншінің жұмысына серпін берді. Сондай мүмкіндікке ие бол­ғандардың бірі Ескелді ауданындағы «Нам Г. Н.» шаруа қожалығы.

Аталған шаруашылық биыл да көктемгі егіс жұмысына ерте кірісті. Өйткені олар тағы да Германияда өндірілген жер жырту, тұқым себу, арамшөптерді отау, егінді жинау сияқты сан салалы жұмысты бір ғана өзі атқаратын қуатты техниканы сатып алды. Тракторының өзі 60 млн. теңге, агригателі 20 млн. теңге тұратын техниканы «Жетісу» ӘКК»  ҰК»  АҚ арқылы лизингке алып отыр.  Осындай мүмкіндікке қол жеткізген шаруа- шылық иесі Герман Намның құлшынысы басым. 
– Шаруашылықта жаңа техникалардың қатарын көбейтуді қолға алдық. Соның арқасында жұмыс күші азайып, шығын тежелді. Есесіне, жұмыс өнімділігі жоғарылап, болашаққа деген сенім артып келеді, – дейді ол.
Шаруашылық жұмысын көруге келген облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров биыл аймақтағы егістік көлемінің едәуір артқанын тілге тиек етті. Оған жаңа техниканың көбеюі мен суландыру жүйесін қалпына келтіруге көрсетілген көмектің көп ықпал еткенін жеткізді. 
– Қазіргі таңда облыста көктемгі егіс жұмысы қызу жүріп жатыр. Осы мақсатта 21 мың тонна сұйық отын бө­лінген. Бүгінде наурыз айына тиесілі 6 мың тон­на сұйық отын шаруа- ларға үлестірілді. Аймақтағы 6 нефтебазада жанар-жағармай қоры толық. Әр аудан өзіне белгіленген базадан керекті сұйық отынды кез келген уақытта алуға мүмкіндігі бар. Тұқым да жеткілікті, техника да сақадай сай, – дейді ол.
Аталған шаруа- шылықтың жаңа техникасы бізді де қызықтырды. Бір ретте төрт трактордың істейтін жұмысын бір өзі ғана атқарады. Сонымен қатар, жаңа техника компьютермен басқарылатындықтан барлық жұмыс ритмі сол арқылы бақыланып, реттеліп отыра­ды. Бір қуанарлығы, са­тып алынған заманауи техниканың 25 пайызын инвесторлық демеуқаржы арқылы Үкімет шаруашылыққа қайтарып береді. Қалған соманы 7 жылға бөліп төлейтіндіктен шаруа- ның қалтасына ауыр салмақ түспейді.  
Кейінгі жылдары Ислам даму банкінің есебімен өңірлердегі суландыру жүйелерін қайта қалпына келтіру жұмысы қолға алынды. Осы мақсатта 126 мың гектар жерді суландыру жұмысы жоспарға алынған. Бұл жоба өткен жылы Ескелді ауданында басталды.
– Көктемгі егіс жұмысы бойынша биыл өңірдегі 26 мың гектар жер жыртылуы керек. Қазір оның 25 пайызы орындалды. Мұның 2900 гектарға қант қызылшасы тиесілі. Өткен жылы басталған аудандағы егіс алқаптарын суландыру жүйесін қалпына келтіру жұмысы биыл аяқталады деп күтілуде. Соның есебімен 4260 гектар жерді суландыру жүйесі жақсарады, – дейді Ескелді ауданы әкімінің орынбасары Ермек Апеков. 
Жоспар бойынша суландыру жүйелерді қайта қалпына келтіру жұмысы алдағы уақытта Көксу, Ақсу, Алакөл аудандарында да басталады. Осындай игілікті істер Герман Нам сияқты көптеген шаруаның сенімін ұштайтыны анық.

Қажет АНДАС
Ескелді ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Бүгін, 16:40
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Бүгін, 15:53
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

Бүгін, 13:59
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Бүгін, 13:36
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Бүгін, 13:28

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.