Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АУЫЛЫҢ ТҰР АЛҚАЛАП

22.09.2018
РУХАНИЯТ
АУЫЛЫҢ ТҰР АЛҚАЛАП
WhatsAppTelegramFacebook
   Заманның сұры құбылып, сұрқылтайы түрленіп келе жатқандай. Технологияның үздіксіз дамуы ел әлеуетін жақсартса да, ұлттық тәрбиеміздің үлесін ұрлауда. Әсіресе, жастардың әнтек іске көп бой алдыратындығы жанға батады. Өмір ағымымен қатар жүзуге тырысқан олар жалт еткен дүниеге жармаса кетуге әуес. Соның нәтижесінде қалаға ағылған қара домалақтар қара шаңыраққа қайтпай жатыр. Неге десеңіз, жақсы жұмыс жоғын сылтау етеді. Бар айтатыны сол. Өздеріңізге аян, мемлекет осы түйткілді шешу мақсатында «Дипломмен ауылға!» жобасын әзірлеген болатын. Әйтсе де, ауыл баласы әлі де үйіне қайтуға асығатын емес. 

 
   “Ауылда да аужал қылар ас табылар” деуші еді бұрынғылар. Мұны қала баласына айтсаң, байлаудағы аттай үзеңгі бауы үзілердей шіренеді. Құдды жоқшылықтың қамытын киетіндей азарда-безер. Әбден жақсы жағдайға бойы үйреніскен кейбірі ауылдан мамандығына сай жақсы жұмыс шықса да бармайды. Тіпті, ата-анасы қыстаса да қарсы. Қолынан жетектеп апарып тастасаң аз күннен соң артқа қайтады. Мұнысы қала тіршілігіне сіңіп кеткендігінен болар деп өз-өзімізді жұбатуға мәжбүрміз.
   Ал, ауыл баласының бұл әрекеті тіптен ұят. Ең құрығанда ошағына оралуды ойласа болады ғой. Үйдегі әке-шешенің төрт жыл бойы үздігіп отырғаны айтпаса да белгілі. Баласы толыссын деп тапқан-таянғанын қалтасына салатын ақеділ жандарға қолғабыс беріп, елге қызмет етуді ойлаған әлдеқайда қайырлы емес пе? Әрбірден соң ауыл көтерілсе мемлекетіміздің де мәртебесі асқақтар еді. Себебі, ел экономикасының ілгерілеуі осы ауылға тікелей байланысты. Ол айтпаса да анық дүние.
   Осы орайда көп жылдар бұрын «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы жүзеге асқан болатын. Оны естіген ауыл жұрты бөркін бір аспанға атқан. Сол тұста балаларының жақын маңнан жұмыс таппай алысқа аттанатыны жанына батып жүрген халық Үкіметтің тапқырлығын таласа айтса, ақпарат өкілдері бірінен соң бірі жарыса жазған. Әйтсе де, бертін келе бұл бағдарламаның ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосып жүргендігі, сондай-ақ, қаладан шалғай орналасқан аймақтарға жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма деген сауалдар пайда болды. Біз бүгін осы мәселе төңірегінде сөз тарқатсақ деп отырмыз. Әрі бағдарламаның маманға берер пайдасына да үңілеміз.
   Кім не десе де, бүгінгі таңда мамандарға мұқтаж өңірлер аз емес. Неге десеңіз, көгілдір отыны жоқ, ауызсуды сатып ішіп отырған жолы нашар көп елді мекендер бар. Оларға жастардың дені барғысы келмейді. Тіпті, өз ауылынан өзі безетіндері табылады арасында. Ауылда жағдай жасалмағанын желеу қылады да отырады. Бір барсам қалып қоямын, өз тілдерімен айтқанда «ауылбай» боламын деген пәлсапаларға құлақ асады тағы. Сол тұрмысы төмен мекеннің өзі түтінін түтетеріне сенгісі келмейді.  
   Жалпы қазіргі таңда «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы арқылы жұмыс іздеуші мамандар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылдың 6 қарашасындағы бұйрығына сәйкес денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен сияқты салалар бойынша жастарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Ал Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрінің 2015 жылдың 17 наурызындағы қаулысы бойынша олардың қатарындағы агроөнеркәсіптік кешен мамандарына агроном, ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық фельдшер, ветеринариялық техник, зоотехник, инженер-технолог, балық өсіруші, технолог, фермер сынды мамандықтар енгізілген. Онысы тағы да ауылға алаңдағандары. Себебі, нағыз ауылға қажетті мамандар жобаға қосылса, бұл істің шырайын келтіретіні сөзсіз. Біз осы орайда «Дипломмен ауылға!» бағдарламасына қатысқан тарих пәнінің мүғалімі Өмірсерік Октябрьмен тілдескен едік. 
– Басында «мемлекет бар жағдайды қарастырған» дегенді естігенде сенген жоқпын. Алайда Елбасымызға сеніп, құжаттарымды дайындадым. Міне, осылайша құмды аймақтың тұрғыны болып шыға келдім. Қазір жағдайым жақсы. Әр жұмыстың қызығы мен қиындығы қатар жүреді емес пе?! Сондықтан жұмысымды ауыр деп те айта алмаймын. Ең бастысы, ана жолын қудым ғой. Анам да ұстаз. Мен ауылға келгеніме өкінбеймін. Балаларға білім беру мен үшін үлкен мәртебе. Туған жеріме қайтып келгелі шаңырақ көтердім. Қазір балаларымның алды мектепке барады. Мен өз мамандығымды тапқан адаммын. Ал болашаққа жоспарым да жоқ емес. Жеке кәсіппен айналыссам деймін. Сырттан алғанша, өзіміз де бордақы байлап, сапалы ет өнімдерін ұсыну қажет. Сонда арзан әрі сапалы ет – баршамыздың денсаулығымызға залалын тигізбесі анық қой, – дейді ол. Келгеніне өкініші жоқ. Қайта ауылды берекенің ордасы санайды. Мемлекетке берешегінен де құтылған. Жұмысы бар, енді шаруасын дөңгелентіп әкетсе болды.
   Үкімет басындағылар жастарды ұшқан ұясына қайта келуі үшін  түлектерге арнайы «ауылдық квота» да берген. Мұны «Дипломмен ауылға!» бағдарламасының бір бөлшегі десек те болады. Жоғары оқу орнына грантқа түскісі келген талапкерлер сол арқылы үлкен жеңілдікке ие болады. Әйтсе де «ауылдық квота мен», сондай-ақ, «мемлекеттік тапсырыспен» түскен білімгерлер оқу бітірген соң ауылға баруға құлықсыз болып шығады. Заң қинасада тамыр-танысқа жүгініп ауылына бармаудың амалын табады.
   Негізінде “ауылдық квота” шегінде немесе мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде түскендер оқуын бітірген соң ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік мекеме, бөлімшелер мен ұйымдарда кемiнде үш жыл жұмыс істеуге мiндеттi. Сонымен қатар, бұл тиісті бағдарламалардың тармақтары 2012 жылдан бастап оқуға түскен азаматтарға ғана қатысты қолданылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 Қаулысымен бекітілген мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларында белгіленген. Шынында бұл жұмысқа орналасуда көптеген түлектерге жақсы мүмкіндік. Бірақ оқуын оқып алғанымен, ауылға барғысы келетіндер өте сирек. Үкімет шарасыздықтан ондайларды сотқа беруге мәжбүр.
   Жалпы бұл үрдіс соңғы жылдары тіптен көбейді. Яғни, мемлекеттік грантпен оқу бітірген студенттер мемлекет жүктеген жұмысқа бармайды. Себебі, қазіргі жастарды қалалы өңірде жеңілдетілген жолмен тұрғын үйге ие болу мүмкіндігі қатты қызықтырады. Соңында ол да ұзаққа созылып, тіпті болмай қалып жататыны да бар. Оның үстіне жалақысы өте төмен. Мысалы, жаңадан қызметке шыққан қызметкердің айлық жалақысы 50-60 мың теңгенің төңірегінде, тек ішіп-жемге әрең жетеді. Сол себепті, білікті мамандар негізінен ұлттық компанияларға барады немесе жеке серіктестіктер мен шетелдік компаниялардан жұмыс іздейді.
   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Қазір жұмысты қаладан емес, ауылдан іздеу керек. Өйткені елді дағдарыс кезінде асырайтын ауыл. Ал ауылда жұмыс болу үшін, ол қаланы асырай алу үшін жеке шаруаларды, ауыл тұрғындарын, шағын шаруа қожалықтарын қайта қауымдастырып, біріктіру қажет» – деген еді. Шынында да, өздеріне қажетті білімді игерген бүгінгі жастар оны ауылдың абыройы артуына қолданса, еліміздің болашағы жарқын, ал жастарымыздың еңбегі еш кетпес еді. 
   Иә, әрбір ата-ана балаларына жақсы білім алуға мүмкіндік жасап, кейін жақсы қызметке орналасуын армандайды ғой. Өйткені бала оның көзқуанышы, көрер қызығы. Жыраққа кетсе уайымы ұлғайып, ертеңіне алаңдап отырады. Қала кезбей, қасында болғанын қалайды. Сондықтан, жас маман, ата-анаңның жанында болып, ауылыңды көркейтуге әдеттен. Сонда ғана арманыңның ақиқатқа айналғанын көресің. Үлкен мақсат жолында кішкентай баспалдақтардан өтуің керек сияқты, жұмыс жолында алдымен өзіңді бағып-қаққан, кіндік қаның тамған топырақтан бастағаның әлдеқайда жақсы. 
 
Қабыл ИСА

 

 

Қатысты жаңалықтар

Талғам таразысындағы зілмуыр туындылар   

Талғам таразысындағы зілмуыр туындылар  

03.02.2026
Әке беделі неге төмендеді?

Әке беделі неге төмендеді?

02.02.2026
Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

02.02.2026
Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

02.02.2026
Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.