Талдықорған: +1°C
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«АҚЫНҒА ҚОЙЫЛҒАН ЕҢ ҒАЖАЙЫП ЕСКЕРТКІШ»: «МҰҚАҒАЛИ» САРЫӨЗЕКТЕ

15.11.2019
РУХАНИЯТ
"АҚЫНҒА ҚОЙЫЛҒАН ЕҢ ҒАЖАЙЫП ЕСКЕРТКІШ": "МҰҚАҒАЛИ" САРЫӨЗЕКТЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Сарыөзек ауылындағы Ә.Сарыбаев атындағы Мәдениет үйінде «Мұқағали» журналының бас редакторы, ҚР  Мәдениет қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Батық МӘЖИТҰЛЫМЕН кездесу болып өтті. Кездесуге ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқитын, жақсы көретін  өлеңсүйер қауым көптеп жиналды.

Ақын Жүрсін Ерман: «Мұқағали» журналы — ақынға қойылған ең ғажайып ескерткіш», — деген екен. Журналдың 2005 жылдан бері жарық көріп және күннен-күнге оқырманының көбейіп келе жатқанын айтсақ, кеше ғана бір адамның атындағы журналды шығару мүмкін бе, сірә дегендердің сөзі де бекер болып қалғандығына куә боласың. Оның да өзіндік себебі бар. Өйткені, Мұқағалидың қай өлеңі болса да сенің көкірегіңде жүрген ойды айтады, алақанға салғандай етіп алдыңа әкеп тосады. Үлкенге де, кішіге де түсінікті тілмен жазады. «Тілге жеңіл, жүрекке жылы тигенмен, түбі терең» деп журналист Жақыпжан Нұрғожаев айтқандай, оқырман қауым сол тереңдігіне күн санап бойлап барады. Ал «Мұқағали» журналы ақын туралы шежіре сырға, естеліктер мен эсселерге, танымдық мақалалар мен көркем туындыларға, ұсыныс-пікірлерге толы.

— «Мұқағали» журналының тізгінін ұстағаныма 14 жыл уақыт болыпты. Журналдың журнал болмағы ол, алдымен, сіздерге байланысты, жастарға байланысты. Ал Мұқағали туралы айтсақ, ол бірінші халықтың ақыны. Халық ақыны деген екі тәсілмен беріледі. Бірінші ол Президент Жарлығы арқылы берілсе, екіншісі халық ақыны деген атақты Алла береді, туған елі өзі береді. Мұқағали сол Алланың даңқына бөленген, халқының махаббатына бөленген, сіздердің ойларыңызды қағаз бетіне түсірген ақын, — деп сөзін бастаған Батық Мәжитұлы ақын, журнал туралы көптеген жақсы әңгімелерімен бөлісті. Мұқағали Мақатаев өлеңдерінен көркемдік пен философияны көруге болатынын, «Күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын» деген ақын қара өлеңнің қазақы қалыбын сақтағандығын, қаламгер үшін ең басты мақсат — оқырманды сендіру болса, Мұқағали өлеңдері бұл мақсат биігінен көрінгендігін жеткізді.

Кездесу барысында қазақ өнерінде өзіндік орны бар, Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Саят Медеуов ақынның сөзіне жазылған «Сен көріктісің» әнін, Әбікен Сарыбаев атындағы Мәдениет үйінің әншісі Азамат Үмбетов «Үш бақытым», әнші Фариза  Досболова «Күз» әндерін орындап, көрермендерін тәнті етті.

Д.Қонаев атындағы орта мектептің 1-сынып оқушысы Айша Бестібаева бұған дейін облыста ұйымдастырылған «Жетісудың жыр керуені» атты әлеуметтік желідегі челленджге қатысып, Мұқағали өлеңін оқып, жеңімпаз атанған болатын. Кішкентай өнерпазымыз бұл кездесуде  ақынның «Арманда, ұлым», «Ана, сен бақыттысың» өлеңдерін мәнеріне келтіре оқып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ал Қалибек Бақыт өзінің Мұқағали ақынға арнаған арнауын өлеңмен өріп, жырдан шашу шашты. Мұқаңның бауыры Тоқтарбай Мақатаев: «Мұқағали жастарды жақсы көрді, жастарға сенді. Ол үміті ақталды ғой деп ойлаймын. Асыл сөздің қадіріне жеткен де сол жастар. Олар бүгін Мұқағалиды ұстаз тұтады», — деген екен. Міне, сол сөзді Бақыт сынды бауырымыздың  өлеңі нақтылай түскендей болды.

Кездесу барысында аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Төленді Сарыбаев ақынмен бірнеше мәрте кездескенін тілге тиек етсе, аналар кеңесінің төрайымы Ғалия Ақбасова, Райымбек атындағы орта мектеп директоры, аудандық мәслихат депутаты Еркебұлан Самылтыров, басқа көзі қарақты оқырман «Мұқағали» журналы туралы ойларын ортаға салды.

«Темірді қызған кезде соқ», — деген халық даналығы. Аудандық пошта торабының қызметкерлері кездесу барысында «Мұқағали» журналына жазылам деушілерге сол залда отырып-ақ бірден қызмет көрсетіп жатты.

Кездесу соңында ұлттық өнердің жанашыры, Кербұлақ ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев келген қонақтарға қазақы дәстүрмен шапан жауып, әсерлі кездесу үшін алғысын білдірді.

Мұқағали өлеңдері өнер әлемінде ән болып қалықтауда, жыр болып шашылуда. Ақынның шалқар мұрасын зерттеп, мұқағалитануға кеңінен жол ашқан бірден-бір басылым «Мұқағали» журналына ауданымызда сол күнге дейін 300 адам жазылып үлгеріпті. Тағы да жазылып жатты. Әлі жазылатындар бар екені анық.

Ләйлә ЕСКЕНДІРҚЫЗЫ

Кербұлақ ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Ветеринария саласында ауру азайып, бақылау күшейді

Ветеринария саласында ауру азайып, бақылау күшейді

06.02.2026
«Әділетті Қазақстанның» талабына бейімделген Конституция жобасы бойынша жұмыс жалғасады

«Әділетті Қазақстанның» талабына бейімделген Конституция жобасы бойынша жұмыс жалғасады

06.02.2026
Ғарышқа ұшқан: Илон Масктің Tesla көлігі қазір қайда жүр?

Ғарышқа ұшқан: Илон Масктің Tesla көлігі қазір қайда жүр?

06.02.2026
Конституцияның жаңа жобасындағы отбасы және неке нормалары талқыланды

Конституцияның жаңа жобасындағы отбасы және неке нормалары талқыланды

06.02.2026
Партиядағы пікірталас

Партиядағы пікірталас

06.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.