Талдықорған: +1°C
$ 502.27
€ 597.15
₽ 6.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Баланы білімге баулу

09.01.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
Баланы білімге баулу

www.mgpu.ru

WhatsAppTelegramFacebook

Бала күнімізде үлкендерден «кітап – білім бұлағы» деген сөзді жиі естіп отыратынбыз. Одан қалса, қолымызға түскен әрбір басылымды атамыздан қалған асыл мұрадай әспеттеп, парақтаған сайын жаңа әлемге енгендей күй кешетінбіз.

Ал бүгінгі көрініс мүлде бөлек. Қазіргі қоғамда смартфон өмірдің ажырамас бөлшегіне айналып, рухани қазынаның орнын электронды құралдар басып барады. Мұның себебін тәптіштеп айтып жату артық. Алайда жас буын арасында баспа дүниелеріне деген қызығушылықтың бәсеңдеуі көңілге күдік ұялатады.

Заман талабына сай оқу құралдары электронды форматқа көшті, сандық нұсқалар қолжетімді. Соған қарамастан, жасөспірімдердің рухани мұраға бет бұруы артты деп айта алмаймыз. Экранға телмірген көз тез талады, ой шашырайды. Ал тыңдау мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұсынылған аудиожинақтардың өзі жасөспірімдер арасында ықылассыз қабылданып отыр. Тегінде, мазмұнды дүниені тыңдап отырып та санаға сіңіруге, ойды байытуға болады. Ең бастысы – ықылас пен назар.

Жазушы Ақлима Сапарованың пікірінше, бүгінгі уақыттың ырғағына ең үйлесімді форматтың бірі – аудиокітап. Қарбаласқа толы заманда қалың томды қолыңа алып, ұзақ отырып оқу әркімнің қолынан келе бермейді. Ал тыңдау арқылы қабылданатын туындылар кез келген сәтте, кез келген ортада рухани азық алуға мүмкіндік береді. Жол үстінде, қоғамдық көлікте, тіпті күнделікті тірлікпен айналысып жүріп те мазмұнды дүниемен танысуға болады.

Қаламгердің айтуынша, аудиоформат ойды бөлмей, керісінше жинақтауға үйретеді. Дұрыс таңдалған мәтін мен мәнерлі дауыс тыңдаушыны шығарма әлеміне жетелеп, түйінді ойды санасына сіңіреді. Бұл, әсіресе, жастар үшін тиімді. Себебі қазіргі буын ақпаратты көбіне оқудан бұрын, тыңдау және көру арқылы қабылдауға бейім.

Сондай-ақ, жазушы қазіргі таңдағы аудиокітаптың тәрбиелік және танымдық әлеуеті жоғары екенін атап өтеді. Ол сөздік қорды байытып қана қоймай, ойлау мәдениетін қалыптастырады, көркем тілге деген қызығушылықты арттырады. Ең бастысы – оқуға деген құлшынысты қайта оятуға жол ашады. Сондықтан заманауи форматты жатсынбай, оны рухани кеңістікті кеңейтудің бір тетігі ретінде тиімді пайдалану қажет.

Ал енді ойланайық: оқусыз өскен бала қандай болады? Таным көкжиегі тар, сөздік қоры жұтаң, ойлау қабілеті төмен болып қалыптаспай ма? Рухани азықтан қағылған жас ұзақ ойлануға, пайымдауға шыдамсыз келеді. Қысқа бейнеролик пен жеңіл ақпаратқа үйренген сана терең мәтінді қабылдауға қиналады. Бұл, әрине, бүгінді былай қойғанда ертеңнің де емі жоқ дерті.

Шынтуайтында, оқылатын дүние адамды сабырға, тәртіпке, ізденіске баулиды. Ол баланың қиялын ұштап, дүниетанымын кеңейтеді, жақсы мен жаманды ажыратуға үйретеді. Әрбір көркем шығарма – өмір сабағына айланып, адам баласының басына түскен сынақтың шешімі болмақ. Мұндай тәрбиеден мақұрым қалған ұрпақтың рухы әлсіз болатыны анық.

Тіл байлығы да – оқумен тікелей байланысты. Ойы орамды, сөзі салмақты азамат(ша) оқу арқылы қалыптасады. Ал сөзге жұтаң адам ойын еркін жеткізе алмайды, қоғамда өз орнын табуы да қиынға соғады. Сондықтан рухани дүниеден алыстау – тұтас ұлттың болашағына төнген қауіп.

Бұл мәселе ең алдымен отбасы мен білім ордаларында шешілуі тиіс. Үйде баспа өнімдері төрде тұрмаса, бала да оған жақындамайды. Мектепте тек бағдарламадан бөлек, жастардың келешегі үшін оқытылмаса, оқушы рухани дүниені міндет деп қабылдайды. Ал оны өмірлік қажеттілікке айналдырсақ, нәтиже де өзгеше болмақ.

Оқылатын әрбір кітап өткенді аңсаудан бұрын, болашақтың темірқазығына айналмақ. Рухани қазынамен сусындаған бала елдің ертеңі болмақ. Ал онсыз өскен ұрпақ қоғамның ең әлсіз тұсы. Сондықтан жас буынның өмірінде оқу мәдениетін сақтап қалу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Кітапханалар тойхана ма?!

Қазіргі таңда рухани ордалардың болмысы өзгеріп бара жатқандай. Бұрын ойға жетелейтін, тыныштық пен тереңдік мекені саналатын орындар бүгінде даңғаза мен дақпырттың алаңына айналып барады. Апта сайын аты-жөні көпшілікке беймәлім, әдеби ортада танылмаған авторлардың еңбектері салтанатпен таныстырылып, тұсаукесер деген желеумен кезекті бір «той» ұйымдастырылады. Шара көп, мазмұн аз.

Көп жағдайда мұндай дүниелер ақылы баспаханалардан жарық көреді. Сападан гөрі санына мән берілген туындылардың ішін ашсаң, тілдік қате өріп жүреді, ой жүйесіз. Әдеби сүзгіден өтпеген мұндай басылымдар оқырманға жол тартқанымен, санаға сәуле түсіре алмайды. Керісінше, оқуға деген ықыласты суытады, талғамды төмендетеді.

Осыдан кейін «неге оқырман азайды, неге жастар оқымайды?» деп дабыл қағамыз. Бірақ мәселенің төркінін өзімізден іздеуге асықпаймыз. Шынайы құндылықтан гөрі жасанды дүние алға шыққан жерде терең ойлы еңбек тасада қалады. Ал оқырман сапасыз дүниеден бір-екі рет көңілі қалса, кітап атаулыдан түбегейлі теріс айналуы мүмкін.

Әрине, рухани кеңістікте жауапкершілік болуы тиіс. Әрбір жарық көрген еңбек – қоғамға ұсынылған даңғыл жол, келер ұрпаққа қалдырылған із. Сол із шала болса, оның салмағы да жеңіл болмақ. Сондықтан сан қуған көптомдықтар мен даңғазалы тұсаукесерлерді азайтып, мазмұны мықты, тілі шұрайлы, салмақты дүниелерге жол ашу маңыздырақ.

Оқу мәдениетін көтеру үшін алдымен сапаға мән берген жөн. Әйтпесе, мазмұнсыз мереке мен мадақ көбейген сайын, оқырманның сенімі де азая береді. Ал сенім жоғалған жерде оқуға деген құштарлықтың қайта оралуы қиын.

Жарнама жасаудың жаңа үлгісі

Қазіргі ақпарат кеңістігінде кітапты оқырманға жеткізу бұрынғыдан әлдеқайда күрделі. Әлеуметтік желілер мен түрлі платформаларда секунд сайын жаңарып жатқан мәліметтер көпшіліктің назарын өзіне тартып әкетіп жатыр. Осындай қарбаласта кітаптың тасада қалуы заңды құбылысқа айналғандай. Сондықтан кітапқұмарлықты арттыру үшін заман талабына сай жаңа тәсілдер қажет.

Осы бағытта тиімді құралдың бірі – дұрыс ұйымдастырылған таныту жұмысы. Бұл туралы алматылық таргетолог маманы Марлен Жұмаділлаев ерекше атап өтеді. Оның айтуынша, кез келген өнім секілді кітап та өз аудиториясына нақты жолмен жетуі керек. Қоғамда қандай тақырып өзекті, қай жас ерекшелігіне не қызық, осының бәрін ескере отырып ұсынылған кітап оқырманын табады.

Маман қазіргі таңда ақпарат ағыны тым жылдам екенін айтады. Соның салдарынан мазмұны жеңіл дүниелер алдыңғы қатарға шығып, салмақты еңбектер кейінгі орынға ысырылып қалады. Бұл үрдістің алдын алу үшін кітапты жаңа форматта таныстыру маңызды. Яғни, оны тек баспадан бұрын, цифрлық алаңдарда да сауатты түрде ұсыну қажет.

Мұндай жұмыс оқырманның назарын аударуға, қызығушылығын оятуға бағытталады. Қысқа сипаттама, нақты мақсат, түсінікті тіл – қазіргі оқырман үшін басты талап. Марлен Жұмаділлаевтың сөзінше, аудиторияға дәл жеткен ақпарат кітапқа деген қызығушылықты арттыра алады. Әсіресе жастар арасында бұл тәсілдің ықпалы жоғары.

Бүгінде әлеуметтік желілер кітапты танытудың басты алаңына айналып отыр. Сол кеңістікте сапалы мазмұн ұсыну арқылы оқуға деген көзқарасты өзгертуге мүмкіндік бар. Бұл – жеке автордың немесе баспаның ғана шаруасынан бөлек, жалпы қоғамға ортақ мәселе. Себебі оқитын жұрт бар жерде даму да бар.

Қорытындылай келе, кітапқа деген қызығушылықты күшейту үшін уақытпен бірге қадам басу қажет. Жаңа тәсілдерді пайдалану арқылы кітапты оқырман өміріне жақындатуға болады. Дұрыс жоспарланған таныту жұмысы ақпарат аламанында кітаптың өз орнын сақтап қалуына жол ашады.

Кітап оқудың жолдары

Қазіргі цифрлы дәуірде баланың уақыты мен санасын жаулап алған негізгі орта – әлеуметтік желілер. Қысқа видеолар, жалған қызыққа толы контент, жеңіл қабылданатын ақпарат жасөспірімнің ойлау қабілетін таяздатып, терең талдауға деген ынтасын төмендетіп отыр.

Психологтардың дерегінше, күніне 2-3 сағаттан артық әлеуметтік желі қолданатын балалардың зейін тұрақтылығы 30–40 пайызға дейін төмендейді. Бұл – дабыл қағарлық көрсеткіш.

Осы олқылықтың орнын толтыратын, баланың ішкі әлемін байытып, сөздік қорын арттыратын ең тиімді құрал – көркем әдебиет. Алайда кітапқа күштеп отырғызу нәтиже бермейді. Мұнда басты мәселе – баланы кітапқа баулу, яғни оның өз қалауымен, қызығушылығымен оқуына жағдай жасау.

Бұл тұрғыда нақты мысалдар ерекше рөл атқарады. Мәселен, Алакөл ауданы, Достық стансысы, Достық орта мектебінің 7-сынып оқушысы Сабира Қанапияқызы күн сайын 19–20 бет көркем шығарма оқуды әдетке айналдырған. Оның айтуынша, бұл көрсеткішті ай сайын жүйелі түрде арттырып, алдағы уақытта тәулігіне 30 бет оқуға көшуді жоспарлап отыр. Бұл – жоспарлау мен өзін-өзі бақылаудың нақты көрінісі.

Сабира тек оқып қана қоймай, шығармалардан үзінділерді, ұнаған ойларды қойын дәптеріне түртіп жүреді. Мұндай әдіс ақпаратты есте сақтауға, мәтінді терең түсінуге ықпал етеді. Осы айдың өзінде ол Оралхан Бөкейдің «Қар қызы», «Тортай мінер ақбоз ат», сондай-ақ Сайын Мұратбековтің «Жабайы алма», «Менің қарындасым» шығармаларын толық оқып аяқтаған. Келесі кезеңде Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясына кірісуді мақсат етіп отыр. Бұл, әрине, өзі құралпы жасөспірімдерге мотивация.

Мамандардың пікірінше, балаға кітап таңдауда жас ерекшелігінен бөлек, жеке қызығушылығын да ескеру қажет. Бірі тарихи шығармаларды ұнатса, енді бірі психологиялық немесе детектив жанрына жақын болуы мүмкін.

Осы себепті баланың өзі таңдаған кітапты оқуға мүмкіндік беру; оқу көлемін кезең-кезеңімен арттыру; оқылған шығарма бойынша еркін пікір айтуына жағдай жасау; үзінді жазу, кейіпкерге мінездеме беру сияқты шығармашылық тапсырмалар ұсыну тиімді нәтиже береді.

Жалпы кітап – баланың рухани иммунитетін қалыптастыратын күшті ахуалды құрал. Әлеуметтік желілер ұсынған жалған қызыққа қарсы тұрудың бірден-бір жолы – жүйелі оқу мәдениетін орнықтыру. Сабира Қанапияқызының тәжірибесі көрсеткендей, дұрыс бағыт, нақты мақсат және ішкі ниет болса, кез келген бала кітапты серік ете алады. Ендеше, баланы мәжбүрлеуден гөрі, саналы түрде кітапқа баулу бүгінгі қоғамның ортақ міндеті.

 Кітап көп оқитын елдер

Бүгінгі таңда технологияның тасқыны тас жарып, ақпарат санамызға экран арқылы құйылып жатқан заманда қағазға түскен рухани мұраның мәні жойылды деу – жаңсақ пікір. Қайта, дамыған мемлекеттерде оқу дағдысы елдің мәдени деңгейін, зияткерлік әлеуетін айқындайтын басты өлшемге айналып отыр. Ақпарат көздеріне сүйенсек, әр халықтың рухани ізденіске бөлетін уақыты әрқилы. Бұл, ең алдымен, білім беру жүйесі мен ұлттық құндылықтарға деген көзқарасқа тікелей байланысты.

Халықаралық зерттеулер көрсеткендей, үнді жұрты оқу уақыты бойынша алдыңғы сапта тұр. Бұл елдің тұрғындары аптасына орта есеппен 10 сағат 42 минутын рухани ізденіске арнайды. Мұндай көрсеткіш Үндістандағы білім мен әдеби мұраға деген айрықша ықыласты аңғартады. Елде баспа өнімдерімен қатар электронды және аудио нұсқалар да кең қолданысқа енген. Көптілді шығармалар, қолжетімді дүкендер мен қор орталықтары – осы мәдениеттің тірегіне айналған.

Екінші орында тұрған Таиландта бұл көрсеткіш 9 сағат 24 минутты құрайды. Мұнда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында арнайы мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Қоғамдық кітапханалар жүйесі дамып, жас ұрпақ арасында оқу игі әдетке айналған. Бұл – жоспарлы саясаттың нәтижесі.

Қытай халқы аптасына шамамен 8 сағат уақытын оқуға жұмсайды. Бұл елде оқу – тек рухани қажеттілік емес, кәсіби дамудың да басты құралы саналады. Сандық платформалар, онлайн қорлар мен аудиоматериалдар халықтың білімге қолжетімділігін арттырып отыр.

Посткеңестік елдер арасында Ресей 7 сағат 6 минут көрсеткішімен алда келеді. Мұнда классикалық әдебиетке деген қызығушылық әлі де жоғары.

Ал Еуропада Чехия тұрғындары аптасына 7 сағат 24 минут, Венгрияда 6 сағат 48 минут, Франция мен Швецияда 6 сағат 54 минут уақытын осы іске арнайды. Бұл мемлекеттерде әдебиет – бос уақытты мәнді өткізудің ғана емес, қоғамдық сананы қалыптастырудың да құралы.

Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстан әзірге ең көп оқитын елдер қатарында аталмайды. Бұл ащы шындық. Алайда бұл жағдай өзгермейді деген сөз емес. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан бірқатар жүйелі қадамдар жасалуда. «Оқитын ұлт» тұжырымдамасы аясында кітапханалар жаңғыртылып, ауыл-аймаққа дейін рухани мұра қолжетімді бола бастады. «Бір ел – бір кітап» сынды бастамалар, аударма саласына бетбұрыс, жастарды оқуға тарту жобалары – оң өзгерістің нышаны.

Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – сөз қадірін терең түсінген, жазба мен ауыз әдебиетін қатар өркендеткен халық. Ендеше, өзгелер аптасына 8-10 сағат уақытын білімге арнап отырғанда, біз неге одан кем болуымыз керек?! Классик жазушы Ғабит  Мүсіреповтің: Қазақтың оқуда кеткен есесі көп, атаң үшін де оқы, әкең үшін де оқы, өзің үшін де оқы» дегені осындайда еріксіз ойға оралады.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанның тестілеу жүйесі жаңа деңгейге көтеріледі: ҰТО мен ETS стратегиялық келісімге келді

Қазақстанның тестілеу жүйесі жаңа деңгейге көтеріледі: ҰТО мен ETS стратегиялық келісімге келді

28.01.2026
Жасанды интеллект: Pinterest-те жаппай қысқарту болмақ

Жасанды интеллект: Pinterest-те жаппай қысқарту болмақ

28.01.2026
Қазақстан мен Германия: Стратегиялық әріптестіктің жаңа технологиялық белесі

Қазақстан мен Германия: Стратегиялық әріптестіктің жаңа технологиялық белесі

28.01.2026
Әскерде тағы бір сарбаз қаза тапты

Әскерде тағы бір сарбаз қаза тапты

28.01.2026
Қазақстан мен «ExxonMobil»: Энергетикалық серіктестіктің жаңа кезеңі

Қазақстан мен «ExxonMobil»: Энергетикалық серіктестіктің жаңа кезеңі

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.