Талдықорған: -1°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: «МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ЕКІ МӘРТЕ КӨТЕРІЛДІ»

21.05.2020
РУХАНИЯТ
БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: "МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ЕКІ МӘРТЕ КӨТЕРІЛДІ"
WhatsAppTelegramFacebook

Мәдениет – мәңгілік құндылық. Сан ғасырлар бойы қалыптасқан халқымыздың рухани байлығы, баға жетпес қазынасы. Сол қазынаны өз деңгейінде сақтап, ары қарай дамытып отырған мәдениет мекемелері – филармония, театр, мұрағат, кітапхана, музей екендігі сөзсіз. Бүгінгі күні облысымызда барлығы 558 мәдениет мекемесі бар. Ондағы қызметкерлердің саны 3024 адамды құрайды, бұған қосымша мұрағат мекемелерінде 208 адам еңбек етеді. Сонымен қатар, «халықтық», «үлгілі» атағы бар ұжымдар мен көркем өнерпаздар үйiрмелерi жұмыс iстейдi.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Еңселі ауыл – ертеңім» атты жобасы негізінде соңғы үш жылда 6 жаңа мәдениет ошағы бой көтеріп, 37 нысанға күрделі жөндеу жүргізілді. Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында екі мәдениет мекемесі қайта жаңартудан, 12 нысан күрделі жөндеуден өткізілуде. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында үш Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілуде.

Ауыл мәдениетін арттыруға, өнерпаздардың танылуына айрықша мән беріледі. Бұл орайда жыл сайын «үлгілі», «халықтық» атағы бар театрлардың фестивалін өткіземіз. Сонымен қатар, мәдениет саласының жұмысын бағалауда дәстүрлі түрде «Ауылым – алтын бесігім» атты байқау ұйымдастырылып келеді. Бұл орайда арнайы құрылған комиссия аудандарға барып, ауыл өнерпаздарының өнерін тамашалап, іріктеу өткізеді. Онда өнердің түр-түрі қамтылған. Қатысушылар ән айту, би билеу, қолөнер, кітапхана, музей салалары бойынша өз мүмкіндігін көрсетеді. Іріктеуден өтіп, жеңімпаз атанғандарды облыс орталығына шақырып, марапаттаймыз. Балалар арасында да түрлі байқаулар өтеді.

Қайырымдылық жасау да қанымызға сіңген қасиет. «Мейірім» бағдарламасына үн қосқан облыстық мәдениет мекемелерінің қызметкерлері 12 жетім баланың баспаналы болуы үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» ашылған жеке есепшоттарына ай сайын қаржы аударуда. Былтыр мәдениет саласы қызметкерлерінің төрт көпбалалы отбасына үйдің кілтін табыстағанын да айта кеткеніміз абзал.

Ел тарихында елеулі із қалдырған тұлғаларымызды кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ету де мәдениет саласы жұмысының бір парасы. Бұл ретте облысымызда 2 363 тарихи және мәдени ескерткіштердің бар екенін мақтанышпен айта аламыз. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне кірген 4 ескерткіш және республикалық маңызы бар 12 ескерткіштің Жетісу жерінде орналасуы да біз үшін зор мәртебе. Биыл Жеңістің 75 жылдығына орай соғысы ардагерлеріне арналған 119 ескерткішке күрделі және ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді. Соңғы үш жылда облыста 23 жаңа ескерткіш бой көтерді.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында жарық көрген «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиялық жинағының І томына облыс бойынша жалпыұлттық 17, өңірлік 41 қасиетті нысан, барлығы 58 нысан енгізілді.

Жарты ғасырлық тарихы бар Сүйінбай атындағы филармониясының өнерпаздары облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. Олар Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Таиланд, Германия, Америка, тағы басқа шет мемлекеттерде қазақ өнерін кеңінен насихаттауда. Мәселен, ҚР еңбек сіңірген әртісі, қобызшы Тұрсынхан Қарақожаева Германияда өнер көрсетіп қайтты.

Жас өнерпаздарды демеп, үлкен сахнада өнер көрсетуіне мүмкіндік ашу мақсатында өткізілетін облыстық «Жетісу жұлдыздары» байқауының жеңімпаздары халықаралық «Ақ көгершін», «Славянский базар», Германиядағы «Жемчужина Берлина», Польшадағы «Таланты мира», Болгарияда өткен «Дәстүрлі музыка» фестивальдеріне қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.

Мәдениет саласы сан тарапты. Соның бірі – музей. Өткен күннің белгісіндей болған, көзіміздің қарашығындай сақтап отырған, жаңадан қатарға қосылып жатқан осынау мәдениет мекемелерінің елдігімізді арттырудағы маңызы зор. Об- лыстағы музейлердің жұмысын жандандыру мақсатында соңғы екі-үш жылда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы және «Батыр бабалар» музейі, «Саяси қуғын-сүргін» музейі жаңадан салынды. Биыл «Лепсі тарихи музейі» бой көтеруде.

Өнердің қара шаңырағы саналатын Б.Римова атындағы облыстық театрдың өнерде алар орны биік. Осыдан екі жылдай бұрын театрдың жаңа ғимараты ашылып, сонда «Қазақстан – Еуразия жүрегі» атты Орталық Азия елдерінің VII Халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрген болатын. Аталған фестивальдің екі жылда бір рет Талдықорған қаласында өтуі дәстүрге айналмақ.

Биыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы. Осыған орай театр ұжымы екі қойылым дайындады. Абайға арналған спектакльдің 20 ақпан күні премьерасы өтті. Ал әл-Фарабиге арналған қойылым дайын, бірақ елімізде орын алған карантиндік жағдайға орай көрсете алмай отырмыз. Орақты батырдың 600 жылдығына, Жеңістің 75 жылдығына орай да арнайы қойылымдар сахналанбақ.

С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасы Жетісу жұртшылығын рухани кемелдендірумен қатар жемісті жұмысымен де ел көлемінде танылуда. Өткен жылы республикалық «Ең Үздік кітапханалық жоба», «Ең үздік облыстық кітапхана» номинациясының жеңімпазы атанды. «100 томдық Жетісу кітапханасы» жобасы аясында соңғы үш жылда 136 ақын-жазушының кітабының шығуына ұйытқы болдық. Бұл ретте былтыр 41 кітап жарық көрсе, оның 20-сы жас қаламгерлерге тиесілі. Бір қуана айтарлығы, бұл олардың алғашқы тырнақалды жинағы. Облыс әкімінің ақын-жазушыларға тағайындайтын арнайы стипендиясы да бар. Жыл сайын 30 қаламгерге беріледі, соның 5-еуі жастар. Бұл шығармашылық иелеріне зор қолдау деп білеміз.

Айта кетерлік бір жайт, бұл кітаптар облыс әкімінің қолдауымен шығарылып жатқандықтан облыстағы барлық кітапханаға, тіпті шалғай жатқан елді мекендерге дейін жеткізіледі. Мұның өзі кітап қорын байытуға, жетісулық ақын-жазушылардың мұрасының мәңгілік сақталуына қосылып жатқан үлкен үлес.

Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Прага, Чехия, Словения, Венгрия мемлекеттерінде «Абай орталықтары» ашылды. Оған облыстық кітапхана да өз тарапынан зор ықпал етті.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 87 мәдениет қызметкері ауылдық жерлерге жұмысқа орналасып, баспаналы болды. Былтыр 42 жас маман жұмысқа қабылданды. Бұл қатарда ұлты орыс болса да қазақ әндерін әуелете шырқайтын Александра Ревкова, Мөлдір Ахасова, Елнұр Шаймұханов, Ақгүл Жиенбаева, Кәмшат Қабыкенова сынды жас әншілер бар. Ал республикалық деңгейдегі үлкен сахналар мен байқауларда облысымыздың мерейін үстем етіп жүрген әншілер қатарында Өмірқұл Айниязов пен Бейбіт Мұсаевтың есімін даралап айта аламыз.

Елімізде орын алған коронавирус пандемиясы кезінде мәдениет саласы қызметкерлері халықпен бірге болып, әр аптада 30-40 шарадан өткізіп отырды. Мәселен, әншілер әлеуметтік желі арқылы тікелей байланысқа шығып ән шырқаса, қолөнер шеберлері өздерінің шеберлік сағаттарын өткізді. Музей қызметкерлері көрмелерін паш етті. Кітапханалар ақын-жазушылармен онлайн кездесу ұйымдастырып, олардың шығармашылығымен таныстырды. Биыл «Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамбліне 35 жыл толуда. Осыған орай екі жаңа би қойылды. Сонымен қатар, Б. Римова атындағы облыстық театрымыз да 45 жылдығын атап өтпек. Бұл шараларды күзде өткіземіз деп жоспарлап отырмыз.

Мәдениет саласы қызметкерлеріне мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Былтырғы маусым мен биылғы қаңтар айында екі мәрте жалақылары көтерілді. Қазіргі карантин кезінде де сала қызметкерлерінің айлық ақысы сол көлемде сақталып отыр.

Басқарма тарапынан атқарылған үлкен бір шара – республика бойынша біліктілікті арттыру курсының облыс орталығы Талдықорған қаласында ұйымдастырылуы. Мәдениет институттары ғалымдарын арнайы шақырып, бес күндік семинар, біліктілікті арттыру курстарын өткіздік. Бұл арқылы сала қызметкерлерінің тәжірибе алмасуына мүмкіндік ашылды. Ел мәдениетін мәйекті ету жолындағы істеріміз алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Мәрлен КӨЛБАЕВ,

Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.