Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«БАҚЫТТЫСЫҢДАР ҒОЙ»: БАЛАҢЫЗДЫ МЕКТЕПКЕ КӨЛІКПЕН АПАРАСЫЗ БА?

1 қараша 2019
РУХАНИЯТ
"БАҚЫТТЫСЫҢДАР ҒОЙ": БАЛАҢЫЗДЫ МЕКТЕПКЕ КӨЛІКПЕН АПАРАСЫЗ БА?
WhatsAppTelegramFacebook

Қазіргі уақытта таңғы, түскі және кешкі мезгілде мектеп маңайы қаптаған көлікке толады. Кептелістің көкесі сонда болады. Тіпті, көлік қоюға да ине шаншар орын табылмай қалады. Мұның басты себебі, мектеп оқушыларының бірі сабаққа келіп жатса, енді бірі сабақтан қайтып жатады. Соларды алып кетуге келген көліктерде есеп жоқ.

Осындай қарбалас уақытта мұның зардабын, әсіресе, мектеп маңынан өтіп бара жатқан жол көліктері тартады. Көп уақытын осындай жерлерде кептелістерде жоғалтып, іштей қынжылатындарды да, көлігінің ішінен ауыздарын жыбырлатып, боқауыз сөздерін төгіп жатқандарды да көреміз. Кептеліспен қатар жүргінші жүретін жолдан өту де қияметтің қияметіне айналатыны шындық. Мұндағы мәселе көліктен бұрын  балаларымызды тым әлпештеп кеткендігімізде болып тұр. Әйтпесе, бала деген сабаққа өз аяғымен барып, келмеуші ме еді? Тіпті, мектепке жақын тұратындар да баласын «әлпештеп» көлігімен апарып, алып келеді. Айтатын уәж біреу: «ауа райы бұзылып тұр», «бала жас, әлжуаз, дәрігер көп жүруге болмайды деген», тағы басқа да сылтаулар.

Мұндайда осы оқушыларды тасуға кеткен қайран уақыт-ай дейсің. Басқа жұмысы жоқтай «мыңғырған» көліктер мектептен балаларды күтіп тұрады. Соған ішім ашығанда бала кезім есіме түседі. Әкем «Қытай елінде өткен балалық шағымды сендердің бастарыңа бермесін» деп айтушы еді. Сол кездер өткен ғасырдың қырқыншы жылдары болса керек. Екі-үш шақырым жердегі мектепке бірі атпен, бірі жаяу барып сабақ оқыпты. Күнде сабақтан кеш қараңғысында қайтады екен. Сонда бір күні атпен қараңғы уақытта үйіне қайтып келе жатып, жолда қасқырмен бетпе-бет кездесіпті. Екі көзі от болып жанған хайуан атқа қарай «ырылдап» топырақ шашыпты. Ат үркіп қашқан ғой. Сонда қатты қорыққандықтан аттың үстіне жабысып жатып алыпты. Үйге келе салып, әкесінің ішік тонының астына бірақ кіріп кетіпті. Соның өзінде еш алаңсыз ертесіне сабаққа барыпты.

Соны айтып болған соң әкем: «Е, сендер бақыттысыңдар ғой, мектебің екі аттам жерде, бір демде жетіп барасыңдар!» – деп мемлекет қамқорлығын мақтан етіп отыратын. Иә, әкем айтқан мектебімнің  ара қашықтығы, «екі аттам жері» бір шақырымды құрайтын еді. Жаяу барып, жаяу келетінбіз. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан сабақтан қалмайтынбыз. Мектеп маңында оқушылар мен мұғалімдерден басқа бөтен адам жүрмейтін. Ол кезде «Жигули» маркалы көлік тек директор мен бір-екі мұғалімде ғана болғанымен, олар да мектепке жаяу келіп-қайтатын.

Соған қарап бұрынғымен салыстырғанда бүгінгілердікі баршылық па, әлде, балаға деген тым қамқорлық па түсінбей қаламын. Бүгін әлжуаз болып өсіп, аттам жерге көлікпен қатынайтын олардың ертеңгі болашағы қалай болар екен деп алаңдаймын. Осы арқылы баланы жастайынан еңбектенбеуге, жалқаулыққа тәрбиелеп жатқан жоқпыз ба? Бүгін көлікпен қатынап үйренген бала ертең бір аттам жерге жаяу бармасы анық. Өйткені, біз бала бойына кішкентайынан осындай масылдық ойды таңып қойдық. Қайран, біздің балалық кезіміз-ай, қаншама қиын болса да, өмірдің сан түрлі сынағынан өтіп, өмірге бейім болып өстік. Ал, қазіргілердікі мүлде басқаша. Аяғы неге апарар екен?!

Жанболат СӘРСЕНБАЙ

Алматы қаласы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Еуроодаққа қабылдау талаптары қатаңдайды: Жаңа мүшелерге 15 жылдық бақылау енгізілуі мүмкін

Еуроодаққа қабылдау талаптары қатаңдайды: Жаңа мүшелерге 15 жылдық бақылау енгізілуі мүмкін

Бүгін, 13:00
Кондитерлік өнімдердегі трансмайды анықтайтын жаңа ұлттық стандарт күшіне енді

Кондитерлік өнімдердегі трансмайды анықтайтын жаңа ұлттық стандарт күшіне енді

Бүгін, 12:30
Құқықтық тәрбие: Жетісу облысының прокуратурасы жасөспірімдермен жиын өткізді

Құқықтық тәрбие: Жетісу облысының прокуратурасы жасөспірімдермен жиын өткізді

Бүгін, 12:03
Жетісу мен Шыңжаң кәсіпкерлері өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Жетісу мен Шыңжаң кәсіпкерлері өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Бүгін, 11:54
Отандасымыз Аустриядағы турнирде алтын еншіледі

Отандасымыз Аустриядағы турнирде алтын еншіледі

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.