Талдықорған: +14°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Бір дәптер – бір дәуірдің куәсі

25.03.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, РУХАНИЯТ
Бір дәптер – бір дәуірдің куәсі
WhatsAppTelegramFacebook

Музей – өткен мен бүгінді жалғап тұрған алтын көпір. Ондағы әрбір жәдігер – уақыттың үнсіз куәгері, ұлт жадын сақтаушы асыл қазына. Әрбір заттың өз тарихы, өз тағдыры бар. Сол арқылы біз өткен дәуірдің тынысын сезіп, халқымыздың рухани әлемімен қайта қауышамыз. Алайда музей сөресінде тұрған әрбір бұйым бірден құнды жәдігерге айнала бермейді. Ол үшін зат арнайы ғылыми сараптаудан өтіп, тарихи, мәдени және ғылыми маңызы анықталуы тиіс.

Қазіргі музей ісінде «музейлік маңыз» ұғымы тек заттың көне немесе сирек болуымен ғана шектелмейді. Ең бастысы – оның белгілі бір тарихи кезеңді, тұлғаны немесе оқиғаны таныта алатын ақпараттық және мәдени құндылығы. Осындай талаптарға сай келгенде ғана зат музей қорының толыққанды жәдігеріне айналады. Осындай ерекше құндылықтардың бірі – Жетісу облысының М.Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің қорында сақтаулы тұрған белгілі жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романының қолжазбасы.

Әнуар Әлімжанов – қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар көрнекті қаламгерлердің бірі. Ол Жетісу өңірінде, қазіргі Алакөл ауданында дүниеге келген. Жазушы шығармаларында тарих пен тағдыр, руханият пен адамгершілік мәселелері терең суреттеледі. Оның туындылары ұлттық мәдениет пен тарихи сананы жаңғыртуға зор үлес қосқан.

Музей қорындағы «Ұстаздың оралуы» романының қолжазбасы – жазушы шығармашылығын танытатын ерекше мұра. Бұл қолжазба 1980 жылдың желтоқсан айында автордың өз қолымен музей қорына тапсырылған. Қалың дәптерге жазылған 122 беттен тұратын қолжазбада романның екінші бөлімі толық қамтылған. Қызыл күрең түсті мұқабамен түптелген дәптердің беттерінде автордың шығармашылық ізденісі, ой-толғамдары мен мәтінге енгізілген түзетулер анық байқалады.

Бұл жәдігердің тарихи және мәдени маңызы ерекше. Өйткені қолжазба – дайын кітап емес, шығарманың қалай дүниеге келгенін көрсететін тірі куәлік. Әрбір жол, әрбір түзету жазушының шығармашылық әлемін, көркем ойлау жүйесін айқын көрсетеді. Әсіресе, романдағы негізгі кейіпкерлердің бірі – ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің тарихи бейнесін жасау жолындағы авторлық ізденістер осы қолжазбада айқын көрінеді.

Қолжазбаның тағы бір құндылығы – оның түпнұсқалығы. Бұл – жазушының өз қолымен жазылған бірегей нұсқа. Дәптердің ішкі мұқабасында «1980 жылы Талдықорған облыстық музейіне сыйға» деген жазу мен автордың қолтаңбасы сақталған. Мұндай деректер жәдігердің шынайылығын дәлелдеп қана қоймай, оның ғылыми құндылығын арттыра түседі. Бүгінде бұл қолжазба музей қорында сақталып, зерттеушілер мен келушілер үшін маңызды дерек көзі болып отыр. Әдебиеттанушылар үшін ол жазушының шығармашылық лабораториясын зерттеуге мүмкіндік берсе, музейге келген көрермен үшін өткен уақытпен тілдескендей әсер сыйлайды. Жазушының өз қолымен жазылған жолдарын көру – әрбір келуші үшін ерекше әсер қалдыратын рухани сәт.

Жалпы музейдегі әрбір жәдігер – ұлт тарихының бір бөлшегі. Сондықтан оларды сақтау, зерттеу және келер ұрпаққа жеткізу – музей қызметкерлерінің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Бүгінде Жетісу облысының М.Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде халқымыздың тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін көптеген құнды жәдігерлер сақтаулы. Солардың бірі – Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романының қолжазбасы. Бұл – ұлттық әдеби мұрамыздың бағалы үлгілерінің бірі.

Өткеннің үнін естіп, тарихтың шынайы куәсімен жүздескіңіз келсе, музейге келіңіз. Мұнда әр жәдігер өз дәуірінің сырын шертеді. Ұлт тарихын танудың ең әсерлі жолдарының бірі – музейге келіп, сол мұраларды өз көзіңізбен көру. Сіздерді Жетісу облысының М.Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейіне келіп, халқымыздың бай тарихымен, мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға шақырамыз. Музей есігі – тарихты құрметтейтін әрбір жанға әрқашан ашық.

Қ.Тұтқабаева
Жетісу облысының М.Тынышбайұлы атындағы
тарихи-өлкетану музейінің бас қор сақтаушысы

 

Қатысты жаңалықтар

Бір дәптер – бір дәуірдің куәсі

Бір дәптер – бір дәуірдің куәсі

25.03.2026
Қанат Ислам жаңа қызметке тағайындалды

Қанат Ислам жаңа қызметке тағайындалды

25.03.2026
Серік Сапиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

Серік Сапиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

25.03.2026
Сақтық шаралары күшейтілді

Сақтық шаралары күшейтілді

25.03.2026
Қазақстан – Мажарстан жолдастық кездесуіне қатысты ресми шешім қабылданды

Қазақстан – Мажарстан жолдастық кездесуіне қатысты ресми шешім қабылданды

24.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.