Талдықорған: +22°C
$ 490.21
€ 566.93
₽ 6.81
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бішкек сапары: Қырғызстандағы поэзия фестивалі

09.06.2026
КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
Бішкек сапары: Қырғызстандағы поэзия фестивалі
WhatsAppTelegramFacebook

Қырғыз әдебиетінің көрнекті өкілі, лирикалық поэзияның дара дарындарының бірі Тұрар Қожомбердиевтің туғанына 85 жыл толуына арналған халықаралық поэзия фестивалі Қырғыз Республикасында ұйымдастырылды. Түркі дүниесінің рухани кеңістігін тоғыстырған тағылымды басқосуға Қазақстан, Өзбекстан және Түркия елдерінен келген ақындар, жазушылар, әдебиеттанушы ғалымдар мен қаламгердің туған-туыстары қатысты.

Ауқымды мәдени жобаны Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрлігі, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы және Қырғыз Республикасының Ұлттық жазушылар одағы бірлесіп өткізді.

Қазақстан делегациясының құрамында Қазақстан Жазушылар одағы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Жангелді Немеребай, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Мұратқан Шоқан, Вячеслав Вавилин,  және жас қаламгер Еркежан Қайратқызы қатысып, қазақ әдебиетінің ізгі лебізін жеткізді.

Фестивальдің салтанатты ашылуы Алықұл Осмонов атындағы Ұлттық кітапхана ғимаратының Абай залында өтті. Жиынды кітапхана директоры Элдар Ертабылдыұлы жүргізіп, Тұрар Қожомбердиев мұрасының қырғыз әдебиетіндегі орны мен оның түркі халықтарының рухани байланысын нығайтудағы маңызына тоқталды.

Мәдени шара барысында ұйымдастырушылар атынан ТҮРКСОЙ ұйымының Қырғызстандағы өкілі Марат Тағаев, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрлігі өнер бөлімінің басшысы Ақжол Доранбекұлы және Қырғыз Республикасы Жазушылар одағының төрағасы Қаныбек Иманәлиев сөз сөйлеп, ақын шығармашылығының уақыт өткен сайын құнын арттыра түсетін рухани қазына екенін атап өтті.

Мерейтой аясында ғылыми-тәжірибелік конференциялар, әдеби сұхбаттар, шығармашылық кездесулер мен поэзия кештері ұйымдастырылды. Басқосудың маңызды оқиғаларының бірі – Тұрар Қожомбердиевтің түрік тілінде жарық көрген «Күн. Ғалам. Жүрек» атты жыр жинағының таныстырылымы болды. Бұл еңбекті ақын әрі аудармашы Мұхиддин Гүмүш тәржімалап, түркиялық оқырманға ұсынды.

Халықаралық поэзия фестивалі түркі жұртына ортақ әдеби мұраны дәріптеуге, бауырлас халықтардың мәдени байланысын бекемдеуге және Тұрар Қожомбердиевтің шығармашылық әлемін жаңа қырынан танытуға мүмкіндік берді. Руханият мерекесіне айналған тағылымды шара сөз өнерінің ұлт пен ұлтты жақындастыратын құдіретті күш екенін тағы бір мәрте айқын көрсетті.

Фестиваль қорытындысында қатысушыларға құрмет көрсетіліп, түркі халықтарының әдеби байланысын дамытуға қосқан үлесі үшін арнайы марапаттар табысталды. Халықаралық жыр мерекесіне келген ақын-жазушылар мен қаламгерлер  Халықаралық Түрксой ұйымының төрағасы Сұлтан Раев пен Қырғыз Республикасы Жазушылар одағының төрағасы Қаныбек Иманалиевтің дипломымен марапатталды.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Бішкек сапары: Қырғызстандағы поэзия фестивалі

Бішкек сапары: Қырғызстандағы поэзия фестивалі

09.06.2026
Талдықорғанда сарбаздың қазасына кінәлі офицер сотталды

Талдықорғанда сарбаздың қазасына кінәлі офицер сотталды

09.06.2026
Талдықорғанда туған қызына қатыгездік көрсеткен әке түрмеге қамалды

Талдықорғанда туған қызына қатыгездік көрсеткен әке түрмеге қамалды

09.06.2026
Әділ сайлау өтті

Әділ сайлау өтті

09.06.2026
Энергетика министрлігі мен Shell Қазақстан жер қойнауын зерделеу бойынша пилоттық ІТ-жобаны іске қосады

Энергетика министрлігі мен Shell Қазақстан жер қойнауын зерделеу бойынша пилоттық ІТ-жобаны іске қосады

09.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.