Талдықорған: +1°C
$ 502.27
€ 597.15
₽ 6.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Бүгін – Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына 100 жыл!

13.01.2026
РУХАНИЯТ
Бүгін – Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына 100 жыл!
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Ұлы Дала сахнасында заңды театрдың керегесі керіліп, шаңырағы көтеріліп, уығы қадалған күн. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің “Еңлік-Кебегімен” кәсіби сахнаның шымылдығы ашылғанына 100 жыл. Ғасыр тойдың төріне шыққан әкемтеатрдың Әуезов есімімен аталуы да заңдылық. Ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосып, театр үшін алтын уақыттарын сарп етіп, сан түрлі қойылыммен көрерменнің жан дүниесін бірде толқытып, бірде шалқытқан өнер майталмандарын төл мерекесімен құттықтаймыз. Күні кеше ғана өмірден өтіп, топырағы суый қоймаған Асанәлі ағамнан бастап, өмірден өткен театрдың алғашқы абыз ақсақалдары мен ақсамай аналарының, алдыңғы толқын аға-әпкелеріміздің рухы шат болсын.
Осы орайда әкем театрдың отымен кіріп, күлімен шығып жүрген, театрға жан-тәнімен беріліп, ұлт перзентіне айналған Бекжан Тұрыс ағамыздың жеке парақшасындағы пікірін оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік. Ғасыр тойы құтты болсын!!!

БІР ҒАСЫР – ТҰТАС ТАРИХ

Бекжан Тұрыс, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

1926 жылы 13 қаңтарда Қазақ театрының шымылдығы Мұхтар Әуезовтің «Еңлік –Кебек» трагедиясымен ашылды. Бұл – қазақ сахна өнерінің тағдыры шешіліп, рухы бекіген тарихи сәт еді. Сол күннен бері тура бір ғасыр өтті. Бүгін Әуезов театрына 100 жыл толып отыр.Араға жүз жыл салып, сол тарихи дәстүр қайта жаңғырып, мерейтойлық күні көрерменге тағы да «Еңлік – Кебек» спектаклі ұсынылуда. Бұл – бір ғана театрдың мерейтойы емес, ұлт рухының өміршеңдігін, өнердің мәңгілігін айғақтайтын тарихи белес.Бір ғасыр -тұтас тарих. Бір ғасыр – бірнеше буын, сан алуан өзгеріс.

Жүз жыл бұрын тақыр жерден бой көтерген қазақ театры халықтың ішкі жан дүниесін, арман-мұратын, қайғысы мен қуанышын сахна тілімен сөйлеткен рухани ордаға айналды. Осы жолда қаншама ұлы тұлғалар өтті. Көбі «ұлттық» деген ұлы атақты тірісінде естімей кетті. Алайда олардың үні сахнада қалды, бейнесі халық жадында сақталды.Қазақ театры мен киносының іргесіне қаланған әр кірпіш – солардың маңдай тері мен ұйқысыз түндерінің, жан күйзелісінің жемісі. Бір ғасырлық тарих бізге тек мақтаныш қана емес, үлкен аманат қалдырды. Ол аманат – өткеннің биігін аласартпау, өнердің қадірін арзандатпау. Бүгінгі буын үшін ең қиын сұрақ та осы: біз сол аманатқа қаншалықты адалмыз? Өнерді уақыттың тезіне салып, жеңіл әсерге айырбастап жатқан жоқпыз ба? Ұлттық сахнаның салмағын шын сезініп жүрміз бе?Қазақ театры мен кино өнерінің негізін қалағандар атақ-даңқ үшін емес, ұлт үшін қызмет етті. Олар дайын сахнаға келген жоқ – сахнаны өздері жасады. Сахнаны табыс көзі емес, тағдыр мінбері деп білді. Қиындыққа мойымай, өнердің қасиетін биік қойды. Әр рөл – жауапкершілік, әр қойылым – халықпен жасалған рухани келісім еді. Сахнаға адал болған өнер иелері өз ғұмырын емес, ұлттың ғұмырын ұзартуды ойлады. Сондықтан олардың есімдері уақыт шаңына көмілмей, шығармашылық ізі бүгінге дейін жетіп отыр. Асанәлі Әшімов ағамызбен бірге ғасыр тойын тойлау- көптің көкейіндегі арман еді. Өкінішке қарай, ол күнге жете алмады. Дегенмен ағамыздың ғұмыры жүз жылмен өлшенбесе де, аты қазақпен бірге жасай беретіні анық. Шүкір, бір дәуірдің тірі куәгерлері – тоқсанға келген абыз ақсақалымыз Сәбит Оразбаев пен театрдың ақ жаулығы, тоқсан жастағы Нүкетай апамыз арамызда. Осы абыздарымызды көзі тірісінде қадірлеп, құрмет көрсету- ертеңгі ұрпақ алдындағы қасиетті парызымыз. Қадірлі әріптестер, ғасыр тойы құтты болсын! Өмір шындығын көркем бейнелер арқылы жеткізіп, еңсесі биік елдің өрелі өнерін бірге өркендете берейік. Ұлттық өнеріміздің көркемдік көкжиегін кеңейтіп, рухани биігін асқақтата беріңіздер!

Қатысты жаңалықтар

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026
Жастарды жат ағымнан қалай қорғаймыз?

Жастарды жат ағымнан қалай қорғаймыз?

28.01.2026
Экстремизмнің алдын алудағы отбасының рөлі

Экстремизмнің алдын алудағы отбасының рөлі

28.01.2026
Еркебұлан, қайдасың?

Еркебұлан, қайдасың?

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.