Талдықорған: +1°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Дәрия (әңгіме)

30.03.2025
РУХАНИЯТ
Дәрия (әңгіме)
WhatsAppTelegramFacebook

Шымшықтың шықылығы мен селеудің сыбдырынан өзге дыбыс шықпайтын меңіреу даланың маңдайын қақ жарып, енесін іздеген қозы бұлт жөңкіп келеді. Оны қуған – самалай соққан сусыл жел. Балтырынан кешкені – толқыған ақ селеу. Көзінен аққаны – жас. Төсінен аққаны –  тер.
– Шеше! – Айғайы таңда ауып кеткен айға жетердей болса да жылқының жалындай желбір шашты ұрғашы қарар емес.
– Шеше! – Жаңғырығы жерді жеті айналып, аранына тығылды. Қарауытқан тобырдың арасында жанарын жырып қараған біреуі жоқ. Тіпті жатырын жарып шыққан баласына да көз салмады. 
– Шеше! – Аяқтан адам емес, селеу шалды, аузын алақан емес, селеу жапты. Алақаны алға ұзап барып, қос тізесі жер сүзді. 
Дәрияның лайсаң тартқан асау толқыны қара құйындай есіп барады. Қамыс біткен үнсіз иілуде. Жағадағы ағаш қайық өлімге асыққандай бұлқынады келіп.
– Әке! – Медет сұрап, жауырын тұсынан көз тастады. Қыр басында жотасын беріп әкесі отыр. Кең иығы жиектегі жиде ағашындай еңкіш тартқан.
– Әке! – Көзден аққан жас, төстен аққан терге танаудан аққан су қосылды. Таңдайына татыды. Кермек дәм.
– Әке! – Алып тұлға осы бір үнді естіген сайын аласарып барып, құбылаға қарай төрттағандап тізе бүкті.
Қара жер сыз тартып тұр. Мына әлем, мына тобыр, қала берді қыр басындағы әкесі де суық. Жарықтықтың жанын жылытар бұл жалғанда жан пенде жоқ. Тек тәнін жылытып тұрған кеудесіндегі жұдырықтай жүрегі.
– Тәңір! – Қос көзін аларта аспанға қарады. Қозы бұлт көзден ұзап барады. Жалғандағы жалғыз тағдырласы да қол үзуге бекінген.
– Тәңір! – Дәрияны бұлдыраған жанарына сыйдырды. Асау толқын жағаға шапшып тұр. Жиекке жетсе аранын ашып, жұтып жіберердей…
– Тәңір! – Қара жерді бауырына алды. Қолқасына сыз өтіп барады. Бұл оның көкіректен тепкені.
Қыл арқан жеті айналып білекті, жеті айналып қылтаны шырмады. Бесіктей тербелген қайық үстінде жонын беріп шешесі отыр. Тобыр жиде ағашының беліне байлаған арқанды босатты.
– Неге? – Жылу іздеп аспандағы күнге ұмтылды. Ұмтылды, бірақ ол қаратпады. Шыдатпады. Шырқырата жанын шыжғырды.
– Неге? – Аяғына тұсау болған селеуге айбар шекті. Уысына алып, жұлқынды. Ақыры жер тырмалап қалды. Жауап қатпастан селеу де жан тәсілім етті.
– Неге? – Қыр басындағы қауқарсыз әкесіне еңірей қарады. Бүкірейген сұрақ белгі.
Қайық отқа оранып барады. Қосақтала шешесі де. Шымшықтың шықылығы мен селеудің сыбдырына дәрия жақтан ащы айғай қосылды. Жан айғайы.
– Шеше! – Көз алдында асылы өртеніп жатыр.
– Әке! – Асқар тауы шарасыз отыр.
– Тәңір! – Үнсіз.
– Неге?
Жейдесінің жеңімен жасын сүртіп, сыз өткен төсіне қарады. Шешесінің тұла бойын жайлаған бөртпе  бұның да төсінен орын теуіпті. Шын жылады. Шын қуанды.
– Маған да шешек шықты. Мені де өртеңдер!
Бұл жаңғырық дәрия жағасындағы тобырдың да, қыр басындағы әкесінің де  құлағына талықси жетті.
Тәңір естіді ме екен?!

Темірлан Қылышбек
Фото: Pixabay / Free-Photos

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

Мемлекет басшысы әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

06.03.2026
Бейбіт Исабаев әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалар тапсырды

Бейбіт Исабаев әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалар тапсырды

06.03.2026
Жетісуда мемлекеттік қызметтердің 98%-ы онлайн форматқа көшті

Жетісуда мемлекеттік қызметтердің 98%-ы онлайн форматқа көшті

06.03.2026
Changan CS55 Plus Қазақстан нарығында №1 қытайлық модель атанды

Changan CS55 Plus Қазақстан нарығында №1 қытайлық модель атанды

06.03.2026
Қазақстандағы әйел саны қанша?

Қазақстандағы әйел саны қанша?

06.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.