Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Елдіктің мерекесі

30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғанына 30 жыл толады. Елдің негізгі заңы – Тәуелсіз мемлекеттің берік іргетасы, еркіндіктің нышаны және демократиялық болашаққа бастайтын жолдағы басты бағдар.

29 шілде 2025
РУХАНИЯТ
Елдіктің мерекесі

druzhnyerebiata.kazgazeta.kz

WhatsAppTelegramFacebook

1990 жылдардағы саяси және экономикалық түбегейлі өзгерістер жағдайында Қазақстанға жаңа шындықты бейнелейтін құқықтық негіз қажет еді. 1993 жылғы Конституция маңызды, алайда өтпелі кезеңнің құжаты болды. Тұрақтылыққа, билік тармақтарының тепе-теңдігіне және адам құқықтарының кепілдіктеріне ұмтылыс жаңа Конституцияны қабылдауды талап етті. 1995 жылғы 30 тамызда өткен жалпыхалықтық референдумда Қазақстан халқы жаңа Конституцияны қолдап, келесі қағидаларды бекітті:
• президенттік басқару формасын;
• билік бөлінісі принципін;
• заң үстемдігін;
• адам құқықтары мен бостандықтарының мызғымастығын;
• мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен зайырлы сипатын.

Қазақстан Конституциясы бейімділігімен, жаңаруға ашықтығымен және адамға бағытталғанымен ерекшеленеді. Мәселен, Германиядағыдай, 2022 жылдан бастап Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғайтын Конституциялық Сот жұмыс істейді. Швейцариядағыдай, Конституцияға өзгерістер енгізу тікелей халықтың референдум арқылы ерік білдіруімен жүзеге асады. Оңтүстік Кореядағыдай, Қазақстан үлгісі президенттік басқаруды Парламент пен азаматтық қоғамның рөлін арттырумен ұштастырады. АҚШ-тағы «қатаң» конституциялардан айырмашылығы – Қазақстанның негізгі заңы заман талабына сай өзгеріп, өз тұтастығы мен заңдылығын сақтап келеді.

30 жыл ішінде Конституцияға бірнеше маңызды өзгеріс енгізілді.
• 1998-2007 жылдары Парламенттің өкілеттігі кеңейтіліп, саяси партиялар мен парламентаризм нығайтылды.
• 2017 жылы Президенттің бірқатар өкілеттіктері Үкімет пен Парламентке берілді.
• 2022 жылы жалпыхалықтық референдум арқылы 30-дан астам өзгеріс қабылданды, соның ішінде:
• өлім жазасының жойылуы;
• Конституциялық Соттың құрылуы;
• Президент туыстарының мемлекеттік қызметке араласуына тыйым салу;
• «Бір мерзім – бір Президент» қағидасын енгізу;
• саяси бәсекелестік пен жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейту.

Бұл реформалар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Әділетті Қазақстан құру бағытының заңды жалғасына айналды.

«Конституция – жай ғана заң емес. Бұл – мемлекет пен халық арасындағы келісім. Ол – бейбіт, әділетті қоғамда, қуатты әрі өркендеген елде өмір сүруге деген ортақ еркімізді білдіре- ді», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Осы жылдар ішінде тұрақтылық пен бірліктің кепіліне, реформалар мен дамудың тірегіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бастауына, билік пен қоғам арасындағы диалог алаңына айналды. Негізгі қағидаттарын сақтай отырып, заман талабына сай бейімделе алу қасиеті оны Орталық Азиядағы ең тұрақты әрі озық Конституциялардың біріне айналдырды.

Конституция мерейтойы еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтуде. Ғылыми конференциялар, ашық сабақтар, «дөңгелек үстелдер», мәдени іс-шаралар мен заңгерлермен кездесулер ұйымдастырылып, құқықтық мәдениетті және азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Ришад ТҰРҒАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Дрондар додасы:  мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

Дрондар додасы: мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

18 қараша 2026
Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

18 қараша 2026
Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

18 қараша 2026
Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

18 қараша 2026
«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

17 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.