Талдықорған: -2°C
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ЕЛГЕ — ЕС, ДҰШПАНҒА — СЕС»: ҚАРАСАЙ БАТЫРДЫҢ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ

12.10.2019
РУХАНИЯТ
"ЕЛГЕ - ЕС, ДҰШПАНҒА - СЕС": ҚАРАСАЙ БАТЫРДЫҢ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ауданның 90 жылдық мерейтойы Қаскелең қаласында сән-салтанатымен атап өтілді. Шара аудан орталығындағы Мәдениет үйінде «Қарасай батыр – Ұлы Даланың тарихи тұлғасы» атты ғылыми-практикалық конференциядан бастау алды. Алқалы жиынды Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры Ақан Әбдуәлиев ашып, жүргізіп отырды.

Мерекеге жиналған жұртшылықты алдымен облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов құттықтап, Қарасай батырдың ерлік істерін жас ұрпаққа насихаттаудың тағылымы мен ауданның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген табыстарын баяндады. Ал, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Берекет Кәрібаев батыр бабаның өмір сүрген кезеңіндегі тарихи оқиғалар, хандық құрылымның қоғамдағы қызметін тарихи деректерге сүйене отырып жеткізді. Өз кезегінде «Бәйдібек баба» республикалық қорының президенті Нағашыбек Қапалбекұлы Арқаның Айыртау ауданындағы Қарасай батырдың мүрдесін табу, шапырашты Қарасай мен арғын Ағынтай батырлардың басына күмбез орнату жұмыстары турасында тағылымды әңгіме өрбітті.

Ауданның 90 жылдық мерейтойына арнайы келген Қарасай мен Ағынтай батыр кесенесінің шырақшысы Сәмеддин Омаров қос батырдың мәңгілік тұрақ тапқан жерін анықтау барысындағы қызықты оқиғаларды айтып, бүгіндері алты Алаштың баласы аруағына тәу етіп баратын орынға айналғанын айтты. Осыдан кейін мінбеге көтерілген аудан әкімі Жандарбек Далабаев мазмұнды баяндамалар жасаған ғалымдарға жұртшылық атынан алғысын жеткізіп, мерейтойға жиналған қауымды ауданның 90 жылдық тойымен құттықтады.

Ғылыми-практикалық конференция барысында «Қарасай – қасиетті атамекен» кітабының тұсауы кесіліп, өлкенің өткені мен бүгінгі тарихын толығымен қамтитын толымды қазына қалың оқырманға жол тартты. Ал, алқалы басқосу Жастар театры сомдаған «Қарасай батыр» спектаклімен қорытындыланып, мерейтой  еліміздің әр түкпірінен жиналған, көршілес республикалардан келген  ақындар айтысына ұласты.

Айтыс десе делебесі қозатын халық емеспіз бе?! Әлемде бағзы заманнан бастау алатын импровизаторлық өнерді қастерлеп, жаңа заманның талабына сай тың биіктерге көтерген ақындарымыз бұл жолы да көрермен қауымның құлақ құрышын қандырды. Уақыттың тарлығына қарамастан қайсыбір жұптарды сахнадан түсірмей қойған жұртшылықтың ықыласы осыны көрсетеді. Десе де жарыс болғаннан кейін бірі бәйге алатыны түсінікті.

Осылайша, Мұрадым Мирланов, Қуаныш Шарманов, Талғат Орынбеков, Жалғас Садыр, Аяулым Жұмабекқызы, Сырым Әуезхан ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Үшінші орынды көршілес қырғыз елінен келген Эламан Келдібеков пен Балғынбек Имашов иеленсе, екінші орын Жандарбек Бұлғақовқа бұйырды. Айтыстың ақтаңгері Бекарыс Шойбеков бірінші орынды қанжығасына байласа, бас жүлдені Алтынкүл Қасымбекова жеңіп алды.

* * *

Мерейтойдың екінші күні Қарасай батырдың еңселі ескерткішін ашудан басталды. Еңселі ескерткіш алыстан көзді арбайды. Жоба авторы Нұркен Дәукенов сомдаған батыр баба мүсіні тас тұғырымен қоса есептегенде 11 метр биіктікке ұмсынып тұр. Ашылу салтанатында алғашқы болып сөз алған облыс әкімі Амандық Баталов ең алдымен қарасайлықтарды мерейлі мерекемен құттықтап:

– Бүгін ауданның 90 жылдығына орай еліміздің даңқты батыры, аты аңызға айналған Қарасай батырға арналған ескерткішті салтанатты түрде ашып отырмыз. Қарасай баба – ұлан-ғайыр даланы жаудан қорғап, елге ес, дұшпанға сес болған қолбасшы батыр. Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қиян-кескі ұрыстарда жаудың шебін бұзып, жеңістің туын тіккен айбынды тұлға. Даңқы мен айбыны асқан қазақтың Қарасай батырының есімі мен ерлігі ұрпақтан ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға алтын арқауы үзілмей жалғаса бермек, – деді.

Ал қазіргі заманның батыры, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров ел қорғаған бабаларымызға арнап ескерткіш орнату – Тәуелсіздіктің жемісі екенін баса айтса, Алматы облысы мен Қарасай ауданының Құрметті азаматы Едіге Жүнісбеков жиналған жұртшылықты мерейтойларымен құттықтап, осы игі шараларды жүзеге асыруға мұрындық болған азаматтарға алғысын жеткізді.

Мерекелік шара аудандық Мәдениет үйіндегі салтанатты жиынға ұласты. Аудан басшысы Жандарбек Далабаев өңірдің өркендеуіне сүбелі үлесін қосып жүрген Орынбасар Жанәділ, Мырзабек Шымшықов, Әлия Естаеваға «Қарасай ауданының Құрметті азаматы» төсбелгісін табыстады. Одан бөлек, жеті көпбалалы отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жаңа пәтер кілтін иеленді.

Қуанышқа жиналған жұртшылық назарына аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды. Осы күні Жандосов ауылдық округі аймағындағы «Нұрдәулет» ипподромында ұлттық ат спортынан жарыстар ұйымдастырылды.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

Қарасай ауданы

Қатысты жаңалықтар

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

05.02.2026
 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

05.02.2026
Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

05.02.2026
Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

05.02.2026
Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

05.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.