Талдықорған: +18°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ЕСТІ ӘНДЕР»: ТАЛДЫҚОРҒАНДА АБАЙҒА АРНАЛҒАН ГАЛА-КОНЦЕРТ ҚОЙЫЛДЫ

5 ақпан 2020
РУХАНИЯТ
"ЕСТІ ӘНДЕР": ТАЛДЫҚОРҒАНДА АБАЙҒА АРНАЛҒАН ГАЛА-КОНЦЕРТ ҚОЙЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ қай кезеңде де әннен қуат алған. Тіршіліктің күйбеңінен жанын ада етер әнге иек артқан. Бұл тұрғыда ақиық ақын Мұқағали: «Әнсіз өмір өмір ме, қансымай ма, өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма?» — деп тебіренеді. Расында, сонау ықылым заманнан бері туырлықты елдің тұмарындай болған бекзат өнердің нарқы жоғары туындылары ауыздан ауызға тарап, халық әніне айналды. Ері етігімен су кешкен, арғымағы ауыздықпен тұмаға тұмсық жүгірткен қысылтаяң шақтарда да халық «Елім-айлап» ес жиды. Бүгінде сол ғажайып дәстүрлі әндер зерделі тыңдарманның сезім қылын шертіп келеді.

Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Сүйінбай атындағы облыстық филармония ағымдағы жылдың қаңтар айын «Дәстүрлі ән, жыр, терме айы» деп өлкеміздің түкпір-түкпірінде ұлы музыка жауһарларын насихаттады. Әр аудан, әр ауылда тыңдарманын есті әнмен сусындатқан облысымыздың өнерпаздары аталмыш айдың соңында І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында қорытынды Гала-концерт ұйымдастырып, әр заманда туған тарихы терең әндермен жетісулықтарды сусындатты.

«Ұлы Дала әуені» атты концерт өзегі туғанына 175 жыл толған Ұлы Абайдың мерейтойына арқау болып, шара шымылдығы хакім образын сомдаумен түрілді. Замана жайлы тебіренген данышпанның қасына топтасқан сал-серілер, жезтаңдай, күміскөмей өнерпаздар әр өлкенің дәстүрлі әндерін шырқады. Ақан сері, Әсет, Үкілі Ыбырайдан тартып, Ақын Сара, Майра, Жамбыл мен Дәнештердің әндері шашу болып шашылған кеште Мырзахмет Мүкаманов, Абылай Қармысов бастаған филармонияның дәстүрлі әншілері әсем әнді әуелетіп, тыңдарманын тебірентті.

Дарқан даланың шырайлы шығысындағы Шыңғыстау етегінде мың күн сауын айтып шақырып, текті елдің дүлдүлдері Абай ауылына ошарылғандай, сол жезтаңдайлар жүз күн дүбірлетіп ән салғандай көрініс берген филармонияның концерті жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Әрбір өнерпаздың образы өз деңгейінде сомдалып, кешегі «Арғынмын, атым Әсет арындаған» деген Әсеттің, Майра мен Ақын Сараның, жалпы айтқанда бабаларымыздың кескін-кейпі, тұрпаты мен болмысы көз алдымызда көлбеңдеді. Өткенге деген іңкәрлікті күшейткен, бабаларға деген ұлы аңсарды тереңдеткен өнерпаздарымыз, әсіресе хакімнің жүрегінен шыққан «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма? «Сегізаяқ» сынды туындыларын да тыңдаушының жүрегіне жеткізді. Айталық, солардың ішінде Сая Есенгелдинованың «Тәңір қосқан жар едің сен» деп келетін Абай әнін асқақтатқаны жетісулықтардың жан жүйесін босатқандай көрінді.

Иә, «әннің естісі» әуелегенде тебіренбес жан, шымырламас жүрек болсайшы?! Кербұлақ, Қаратал, Көксу аудандарында алыптардың асыл туындысын жан-жақты насихаттап, «Жетісу» телеарнасының «Таңжарық» ақпараттық-сазды бағдарламасында күн сайын ән шырқаған өнерпаздардың қорытынды концерті көңілді көкжиекпен астастырғандай болды. Бабалардың ұлы мұрасын аңсаған тыңдаушы жұрт аталмыш кештен тебіреніп тарқасты.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Елімізде статистика қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтуде

Елімізде статистика қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтуде

Бүгін, 09:30
Елімізде 662,1 млрд теңгеге фармпрепараттар сатып алынады

Елімізде 662,1 млрд теңгеге фармпрепараттар сатып алынады

Бүгін, 09:28
Қазақстан хоккей құрамасы Азия чемпионы атанды

Қазақстан хоккей құрамасы Азия чемпионы атанды

Бүгін, 09:25
Алтын бағасы бір күнде 1,6%-ға өсті

Алтын бағасы бір күнде 1,6%-ға өсті

Бүгін, 09:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Польша халқына қолдау білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Польша халқына қолдау білдірді

Бүгін, 09:15

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.