Талдықорған: -0°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ГАЗЕТ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ

11.12.2019
РУХАНИЯТ
ГАЗЕТ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

ДӘСТҮРЛІ БАСЫЛЫМ ҚҰНЫН ЖОЙМАЙДЫ

Баспасөзге жазылу науқаны барысында облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» газеттері бас редакторларының орынбасарлары Жұматай Әміреев пен Хасан Еспанов Көксу ауданына ат басын тіреп, оқырмандармен жүздесті. Әкімдікте өткен шараны Көксу ауданы әкімінің орынбасары Ұлан Досымбеков ашып, газет туралы жылы лебізін жеткізіп, сөз тізгінін редакция өкілдеріне берді.

– Көксу облыс орталығына жақын орналасқан аудандардың бірі. Өңірде қандай да бір жақсы жаңалық, игі іс орын алса, соны басылым бетінде мейлінше насихаттап жатамыз. Бүгін оқырмандармен жүздесіп, газет туралы ой-пікірлерін, ұсыныс-тілектерін білуді жөн көрдік, – деп бастады сөзін Жұматай Оспанұлы. – Өздеріңіз білесіздер, «Жетісу» газеті 100 жылдан астам тарихы бар ата басылым. Жетісу жерінің тыныс-тіршілігін арқау етіп келеді. Қазіргі технологияның дамыған уақытында «Көпшілік газет оқымайды. Оның қажеттілігі қанша?» деген де пікірлер орын алуда. Шындығы керек, жастарымыз газет, кітап оқымайтын қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Ал аға буын өкілдері осы газет пен кітапты шамшырақ етіп келеді. Сондықтан оның құндылығын терең түсінеді. Бүгінде қажеттінің бәрін ғаламтордан ала саламыз деген күннің өзінде газеттің қоғамдағы рөлін ешбір нәрсе баса алмайды. Бұл уақытша құбылыс. Өркениетті елдердің өзі газеттің қоғам үшін қаншалықты қажет екенін мойындап отыр. Мәселен, Американың «Нью-Йорк таймс» газеті күн сайын бірнеше миллион тиражбен шығады. Ал, Түркияның «Заман» атты газеті күніне 1,5-2 млн. данамен таралады. Технологиясы дамыған жапон, корей елдерін алсаңыз да кітап пен газетті бірінші орынға қояды.
Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп шегелеп айтып кетті емес пе? Демек, ұлтты ұйыстыратын, жоқты іздеп, барды түгендейтін газет. Біздің облыстық басылымдар да мүмкіндігінше соған лайық жұмыс істеуге, халыққа мазмұнды, мағыналы дүние беруге тырысады. Көпшіліктің пікірі «Оқырман ойы», «Көп тілеуі» айдарлары бойынша беріліп тұрса, мұнымен қатар айына бір рет шығып тұратын «Хат және халық» атты бетіміз де бар. Онда халықтың өтініш-тілектеріне орын беріледі. Бүгінде өздеріңізбен осы ауанда әңгімелесу үшін бас қосып отырмыз,  газетке қатысты ой-пікір, ұсыныстарыңыз болса ортаға сала отырыңыздар, – деді.
Ары қарай әңгімені жалғаған Көксу аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Қалдыбек:
– Газет – халықтың рухани азығы. Алпыс жыл ауданға қызмет етіп келе жатқалы бері газет оқымаған кезім болмады. Барлық жаңалық, жақсылықты басылым бетінен табамыз. 
Газеттің бір кемшін тұсы сыни садақ аз. Қазіргі қоғамда кемшіліктер толып жатыр. Сіздер үкімет пен халық арасындағы дәнекерсіздер. Сондықтан кемшін тұстарды көбірек жазып тұрсаңыздар деген ұсыныс бар. Мұнымен қатар, мақалалар ұсақ әріптермен басылады, оқуға қиын, көз жетпейді. Осыған орай әріптерді ірі етіп берсеңіздер. Тәрбиеге, салт-дәстүрге қатысты мақалаларды көбірек жазсаңыздар. Ажырасу деген көбейіп кетті. Ол тәрбие тізгінінің босаңсып кеткенінің дәлелі. Қазір жастар телефонға шұқшиған заман болды. Неше түрлінің бәрін көреді. Жақсысы, жаманы қайсы деп екшелеп жатпай, бізге жат нәрселерді қабылдауда. Басылым бетінде осы орайда жастарға ой салар мақалаларды көбірек жазсаңыздар нұр үстіне нұр болмақ, – деген пікірін жеткізді.  
Көксу аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Дәлелхан Жәніш те өз ұсыныстарын ортаға салды. 
– Қазір заман талабына сай газет пен сайт арасында тартыс болып жатыр. Бірақ, дәстүрлі газет құнын жоймайды. Керісінше, енді бір 5-10 жылда газет биіктеу дәуіріне көтеріледі. «Шымшық сойса да қасапшы сойсын» деген сөз бар. Ішкі саясат бөлімінде ұзақ жыл еңбек етіп жүрген соң газеттердің жағдайын жақсы білемін. 
Заман сұранысына сай әрбір журналистің кем дегенде екі-үштен жазу мәнері болу керек. Біздің журналистер көбіне бір сарында, бір қалыпта жазады. Мұнымен қатар кәсіпкерлер, бизнес өкілдері, саудагерлерге арналған арнайы бет ашсаңыздар деген де өтініш бар. Әрбір саланы қамтысаңыздар, оқырман да өз керегін жаңылмай табады. Жалпы өзім «Жетісу» газетін сүйіп оқитын оқырманның бірімін. Істеріңізге сәттілік тілеймін, – деді ол.  
Жас ақын Қуаныш Өнербек- ұлы газет бетінде саясаттан бастап, мәдени, әдеби тақырыптар кеңінен қамтылып, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігін бедерлейтін мақалалардың толассыз басылып жатқанын, «Жетісудың» өзіндік оқырманы бар екенін айтып, жылы лебізін жеткізді. 
Басқосуды Ұлан Әлдибекұлы қорытындылап, кездесуге жиналған көпшілікке, рухани тұрғыда әңгіме өрбіткен газет өкілдеріне алғысын жеткізді.

Алмас Әділ, Көксу ауданының әкімі:

Бүгінде Көксу ауданы заман талабына сай даму үстінде. Тұрғындардың да тұрмыс-тіршілігі күн санап жақсарып келеді. Бірі малын, бірі кәсібін өркендетуде. Ауданымыз тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан сауда-саттық жақсы жолға қойылған.  Ірі сауда үйлері, мейрамханалар бір-бірімен таласа бой көтеріп, заман талабына сай қызмет көрсетуде. Жексенбі күні мал базарының да саудасы қызады. Қаратал, Ескелді, Талдықорғаннан келіп, сауда-саттық жасап кететіндер көп.

Ауыл — ел бесігі

Ауданымыз ауылшаруашылық бағытында жақсы дамуда. Майбұршақ, қызылша, бидай, арпа өсіреміз. Соңғы жылдары қызылша өсірушілердің қатары көбейді. Өйткені, ауданымызда Көксу қант зауыты жұмыс істейді. Зауыт ашылғалы бері тұрғындар жұмыспен қамтылып, Көксу қанты да ел игілігіне жарауда. 
Мұнымен қатар май өнімдерін шығаратын «Уыз-май» зауыты, құрылыс материалдарын шығаратын республикаға танымал «Строитель» ЖШС-і де сапалы өнімдерін ұсынып, аудан экономикасын көтеруге айтарлықтай ықпал етуде. 
Мал басы да көбеюде. «Алтын асық», «Құлан», «Сыбаға» бағдарламалары бойынша несие алып, шаруасын шалқытып отырғандар баршылық. Тауарлы-сүт фермаларын көбейту бағытында да жұмыс істеудеміз. 
Ауданымызда шағын және орта бизнестің дамуына айрықша көңіл бөлінеді. Кәсіпкерлікті дамыту үшін  жеңілдетілген несие беріледі. Бұл да шағын бизнестің дамуына үлкен қолдау. 
Жалпы Көксу ауданы бау-бақша егуге, шаруашылықпен айналысуға, мал бағуға қолайлы жер. Шұрайлы жайылымдығымыз да, тәлімді егістігіміз де, суармалы, құмды жерлеріміз де бар. 
«Ауыл – ел бесігі» демекші, облыс орталығына жақын орналасқан ауданымызда еңбек етіп, ісін дөңгелентемін, шаруашылығын шалқытамын дегендер үшін барлық жағдай жасалған. Оның дәлелі, ауданымыз биылғы жылды да жақсы көрсеткіштермен түйіндеп отыр. Бұл берекесі мен бірлігі артқан көксулықтардың еселі еңбегі мен нәтижелі істерінің арқасында деп толық сеніммен ай-та аламын.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

1864 жұмыссыз жанның 1120-сы жұмысқа орналастырылды. Халықты жұмыспен қамту шаралары аясында 1053 жұмыс орны ашылды. Мемлекеттік атаулы көмек 1519 отбасына немесе 5353 адамға тағайындалды. 

ИНВЕСТИЦИЯ

Инвестиция тарту көлемі ағымдағы жылы 5 млрд. 822 млн. теңгені құрады. Салық және басқа да бюджетке түсетін міндетті төлемдерді жинау болжамы 110,3 пайызға орындалды. Бюджеттің шығыс бөлігі 8 млрд. 343 млн. теңгеге игеріліп,  99,3 пайызға орындалды.

ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша биыл көпбалалы 41 отбасы баспаналы болуда. Солардың бірі – Ибраимовтар отбасы. Он жылдан астам уақыт Балпық би кентінде үйдің кезегінде тұрған отбасы биыл баспаналы болып, ұзақ жылғы армандары орындалуда. 
– Қуанышымызда шек жоқ. Кезегіміз келіп, баспанаға қол жеткізіп жатырмыз. Бұған дейін пәтер жалдап тұрдық. Үйлі болғанымызға сене алмай жүрміз. Кезекті бір пәтерге көшіп келгендей болып сезіледі әлі де. Әсіресе, балалар қатты қуануда. Өзіміз 2007 жылы Қапал жақтан осы Көксу ауданына көшіп келген едік. Бүгінде 5 баламыз бар, алды үйленіп немерелі болдық. Үлкен ұлымыз Көксу аудандық электржүйесінде бақылаушы, біз отағасы  екеуміз сонда күзетші болып еңбек етеміз. Жұмыспен қамтып, баспаналы етіп отырған Көксу ауданының әкімдік қызметкерлеріне, көпбалалы аналарға ерекше қамқорлық танытып жатқан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үлкен алғыс айтамыз. Өйткені, мемлекеттің қамқорлығын нақты сезінудеміз, – дейді ошақ иесі Майра Маманова. 
Отбасы қоныс тепкен үй жылы әрі жайлы. Оған өзіміз куә болып, шаңырақ шаттығын бірге бөлістік. Бір отбасының болсын қуанышқа кенелуі мың қазақтың қуанғанымен тең. Аудандағы осынау жарқын іс жалғасын таба берсін дейміз.

Түлік төресін түлеткен

Төрт түлікті түлеткендер арасында түйе бағып, өсірушілер саны елімізде аз. Осы түйе малын кәсіп етіп отырған Жетіжал ауылының тұрғыны одан түсер пайданың мол екенін алға тартады. 
– Көп адам түйені бағу қиын деп ойлайды. Мен олай демес едім. Өзіміз жастайымыздан осы малды кәсіп етіп жүрген соң  басқаға қарағанда оңайлау көрінеді. Түйе жемді аз жейді, шөлге де шыдамды. Ауылымыздың арғы жағы құмды дала. Соған шығарып жайсақ, өзіне керегін қорек етіп жейді, – дейді Күнсал Бақшагүл. 
Қытай Халық Республикасынан көшіп келген қандасымыз бастапқыда қой бақпақ болған. Бірақ, түйе бағып машықтанғандықтан көп ұзамай осы істі қолға алады. Басында 17 бас болған. Қазір боталарымен саны 28-ге жетіп отыр. Өйткені, биыл Көксу аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы берген жолдама арқылы «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорынан»  3 500 000 теңге несие алып, оған жеті бас боталы түйе сатып алған. Бүгінде күніне екі мәрте 6 түйе сауып, шамамен 20 литр шұбат алып отыр. Оны ауыл тұрғындарының өздері-ақ сатып алады. Артылып жатса Талдықорғанға апарып, сатады. Түйе жүні де кәдеге жарап,  ауылдағы көрпе жасайтын адамдар алады екен. Түйені кәсіп етіп отырған отбасы алдағы уақытта да санын көбейтіп, осы істі ары қарай дамытуды көздеп отыр.

Атакәсіп – елге нәсіп

Бүгінде атакәсібімізді дамытып, мал бағудың қыры мен сырына қанығып, одан өз отбасына ғана емес, айналасына да шуағын сеуіп жүрген жандар баршылық. Міне, сондай жанның бірі – Мұқаншы ауылдық округіндегі «Маржан» шаруа қожалығының иесі Аманжол Тойшыбеков. 
Ол 2002 жылы жеке шаруа қожалығын құрғанда 5 сиырдан бастаған еді, міне, енді 250 жылқы, 200 бас сиыр, бір отар қойды өрістетіп отырған жайы бар. Әулиекөл тұқымды ірі қара мал үшін субсидия алып тұратын шаруа қожалық иесі өткен жылдан бері мемлекеттің қамқорлығын сезіне алмай отырғанын алға тартты.
– «Сыбаға» бағдарламасы бойынша басында 90 бас, қазір 200 бас малға субсидия алудамын. Бірақ, былтырдан бері бұқаға   берілмеді. Биыл әр басқа 10 мың теңгеден ұсынып отыр. Бұрын 18 мың теңге болған. Сол бұрынғы деңгейде қала берсе шаруашылыққа біршама ықпалы тиетін еді. Әйтпесе білесіз, қазір жемшөп қымбат. Көп бас малды қыстан алып шығудың өзі уайым, – дейді Аманжол Тойшыбеков.  
Шаруашылықта бүгінде үш жұмысшы еңбек етуде. Ет өнімдерін Қырғызстанға (былтыр 50 бас, биыл 40 бас)  өткізуде. Алдағы уақытта асыл тұқымды малды өсіруді қолға алсам деген қожалық иесінің алға қойған мақсаты бар.

Алма ЕСЕНБАЕВА

Қатысты жаңалықтар

«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

06.02.2026
Көксу аудандық орталық ауруханасында «клиникалық фармация» бөлімі ашылды

Көксу аудандық орталық ауруханасында «клиникалық фармация» бөлімі ашылды

06.02.2026
Жазушылар одағы жаңа Конституция жобасын талқылады

Жазушылар одағы жаңа Конституция жобасын талқылады

06.02.2026
Мәжіліс депутаты «тоқал» мәселесіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты «тоқал» мәселесіне қатысты пікір білдірді

06.02.2026
Алматыда конституциялық түзетулер қолдау тауып, олардың мәні түсіндірілді

Алматыда конституциялық түзетулер қолдау тауып, олардың мәні түсіндірілді

06.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.