Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ҚИЫНДЫҚТАР БАР»: БАЛАЛАРДЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУҒА ДАЙЫНБЫЗ БА?

04.04.2020
РУХАНИЯТ
"ҚИЫНДЫҚТАР БАР": БАЛАЛАРДЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУҒА ДАЙЫНБЫЗ БА?
WhatsAppTelegramFacebook

Қазіргі кезде әлемді жайлаған індетті тоқтату, одан балаларды сақтандыру мақсатында 6 сәуірден бастап елімізде қашықтан оқыту жүзеге асырылмақ. Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен жоғары оқу орындары мен кәсіптік-техникалық ұйымдардың білімгерлері қашықтан оқытуға көшірілген. Осыған орай облыстық білім басқармасының басшысы Майгүл ОМАРОВА онлайн оқытудың жай-жапсарын түсіндіріп берді.

– Қашықтықтан оқытуға көшу бойынша облысымызда алдын ала дайындық жұмысы жүзеге асырылды. Ата-аналар, мұғалімдер мен оқушыларға қашықтықтан оқыту  платформаларында қалай жұмыс істеудің әр қадамын көрсететін ұсынымдардың сілтемелері мен онлайн оқытудың қадамдық нұсқамасы беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Оқу-әдістемелік орталық тарапынан тәжірибелі мамандардан құрылған педагогтардың ассоциациясы бейне сабақтарды әзірлеп, YouTube каналына жүктеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл сабақтарды облыс бойынша мұғалімдер ресурс ретінде пайдалана алады.

Бүгінде облыс бойынша 760 мектепте 411 036 оқушы білім алады, оның 363 876-сында (89%) компьютерлік техника  (компьютер, ноутбук, планшет, смартфон) бар. Балаларды  қашықтан оқытумен толық қамту мақсатында мектептердегі  5942 компьютер оқушыларға уақытша қолдануға берілді, 56 компьютер демеушілер арқылы алынды. Білім мекемелері бойынша оқушылардың 69 пайызы ғаламтор желісі арқылы оқытумен қамтылады деп жоспарлануда, аталған оқушылармен кері байланыс «Күнделік» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Оқушылар ғаламтор желісі мен Bilimland, DarynOnline, Edu Page, Zoom білім беру платформалары арқылы оқытылады. Сондай-ақ, «Балапан» және «Ел-Арна» телеарналары арқылы аптасына бес күн 1-11-сынып оқушыларына арналған пән сабақтары өткізіледі, ол үшін арнайы кесте жасалды.

Бұл ғаламтор желісі қолжетімсіз немесе жылдамдығы төмен елді мекендердегі ұстаздар мен балалар үшін аса тиімді болмақ. Алайда біздің өңірдің шалғай елді мекендерінде «Балапан», «Ел-Арна» телеарналары қолжетімсіз болғандықтан облыстық «Жетісу» телеарнасынан арнайы уақыт бөлініп, жоғарыдағы 2 телеарнаның  сабақтары қайталап беріледі. Осылайша, теледидар арқылы оқытумен 57505 (14%) оқушы қамтылады, кері байланыс пошта және еріктілер арқылы жүргізіледі. Ал облыстағы дарынды балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарының оқушылары өздерінің жеке сұраныстары бойынша мұғалімдерімен келісіп, қосымша онлайн-сабақ ала алады.

Қазіргі уақытта педагогтар жұмыстың өздеріне оңтайлы және әртүрлі түрлерін (бейне сабақтар, өзіндік жұмыс, онлайн-курстар, чат-сабақтар, веб-сабақтар, телеконференциялар мен фо­румдар), қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (скайп, телесабақ, электрондық пошта, WhatsApp және Telegram чат, Zoom, Moodle және басқалар) қолданып, дағдыларын қалыптастыруда. Ал педагог-психологтар қашықтықтан оқыту жағдайында білім алушылар мен олардың ата-аналарына  психологиялық қолдау көрсету мақсатында онлайн-кеңестер жүргізуде.

Қашықтықтан оқу барысында сабақ мектепалды даярлық сыныптарына, 1-9-сыныптарға сағат 8.30-дан, 10-11-сыныптарға сағат 14.00-ден басталып, дүйсенбі мен жұма аралығында 30 минуттан өтеді. Оқушыларды оған дайындау мақсатында алдын ала сынама сабақтар жүргізілді. Сондай-ақ, ата-аналар үшін «Біздің мектепте қашықтан оқыту қалай жүргізіледі?», оқушылар үшін «Мен қашықтан қалай оқимын?», «Өзіңді вирустық аурулардан қалай сақтауға болады?» деген тақырыптарда жиналыстар  өткізілді.

Байқағанымыздай, қашықтықтан оқытуда біршама қиындықтар бар. Педагогтардың ақпараттық құзыреттілігін анықтау мақсатында мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде 7300 мұғалімнің қашықтықтан оқыту технологияларын қолдануда қиналатындықтары анықталды. Аталған мәселені шешу үшін педагогтарға қашықтықтан оқытуда платформаларды пайдаланудың жолдарын меңгерту мақсатында «Ұстаз» орталығында онлайн курстар ұйымдастырылуда.

Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалымен бірлесіп, мектеп басшыларына, педагогтарға қашықтықтан оқытуда кездесетін кедергілер және оны шешу жолдары жайлы вебинарлар, интернет-форумдар ұйымдастырылады.

Ғаламтор желісіне және басқа да байланыс құралдарына қолжетімділігі жоқ білім алушылардың оқу тапсырмалары бір аптаға әзірленіп, еріктілер арқылы балаларға жеткізіледі және орындалған жұмыстар жинақталады.

Төтенше жағдайға байланысты наурыз айындағы ҰБТ мерзімі де кейінге ауыстырылды. Қазіргі уақытта мектеп түлектері Ұлттық тестілеу орталығының сайтында онлайн байқау сынақтарын тегін тапсыру мүмкіндігіне ие.

Қазір орын алып отырған жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту тек Қазақстан ғана емес, әлем елдерінде қолданылуда. Осыған орай  ата-аналар мен педагогтар ұжымы толық қолдау көрсетіп, індеттің таралуының алдын алуда бар мүмкіндікті пайдаланады деп сенеміз, – деді басқарма басшысы.

Бүгінгі алмағайып уақытта ата-аналар тарапынан түсіністік пен ұстаздар мен оқушыларды жан-жақты қолдау қажет. Ол үшін баланың ғаламторға қолжетімділігін қамтамасыз етіп, сабақтарға толық қатысуын, дәріс кезінде жеке бөлмеде отырып, ешкімнің алаңдатпауына жағдай жасау ата-аналарға артылып отырған зор міндет. Баланы болашағым деп білетін әрбір ата-ананың бұл қағиданы бұлжытпай орындап, қажет жағдайда мектеп әкімшілігінен көмек сұрап, онлайн оқытудың өз дәрежесінде өтуіне үлес қосады деп білеміз.

Алма ЕСЕНБАЕВА

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026
Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026
Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.