Талдықорған: +34°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Кел, балалар, оқылық

12.07.2026
РУХАНИЯТ
Кел, балалар, оқылық

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: Қазақстан Республикасының Үкіметі: Халықтың әртүрлі санаттары, оның ішінде балалар мен жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту және кітап оқудың орнықты дағдыларын қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етсін.

«Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі менің өміріме кітапқа деген жаңа көзқарас әкелді. Бұрын шығармаларды жай ғана оқитын едім. Қазір әр туындының мазмұнына тереңірек үңілемін. Кейіпкерлердің мінезін, олардың шешімдерін түсінуге тырысамын. Әдебиет арқылы адам өмірінің түрлі қырын тануға болады. «Мизаммен» бірге көп кітап оқыдым. Әр туынды маған жаңа ой, жаңа әсер сыйлады. Оқылған шығармалар сөздік қорымды байытты. Пікірімді анық әрі сауатты жеткізуге үйретті. Ойымды жүйелеп айтуға дағдыландым.

Жақсы ортаның ордасы

Көркем әдебиет менің ойлау қабілетіме де ықпал етті. Әр жағдайға сабырмен қарап, ой елегінен өткізу маңызды екенін аңғардым. Кітапты жүйелі оқу маған тәртіп пен жауапкершілікті түсіндірді. Уақытты тиімді пайдалануға көмектесті. Күн сайын кітапқа уақыт бөлу адамның өзін-өзі дамытуына жол ашады.

Бұл жоба маған білім ғана емес, жақсы орта сыйлады. Біз шығармаларды бірге талдаймыз, пікір алмасамыз. Әр адамның ойы әртүрлі болатынын көреміз. Осындай ортада өз көзқарасыңды еркін жеткізуге мүмкіндік туады. «Мизам» арқылы мен әдебиетті жаңа қырынан таныдым. 30-дан аса шығарма оқу мен үшін үлкен тәжірибе болды. Әр туынды ойымды тереңдетті, дүниетанымымды кеңейтті. Нәтижесінде «Мизам» мектебінде екі мәрте жеңімпаз атандым. Қаржылай сыйлыққа қол жеткіздім. Кітап оқудағы мақсатым ақша алу болмаса да, еңбегіміз бағаланып, жеңімпаздар қатарынан көріндім.

Малика Шәріпбай

Өмірмнің бір бөлшегі

Мен «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебінде оқимын. Бұл мектеп маған кітапқа деген көзқарасымды өзгертуге көмектесті. Мұнда мен әртүрлі әдеби шығармалармен танысып, олардың мазмұнын тереңірек түсінуге үйреніп келемін. Кітапты жай ғана оқу емес, оның ішіндегі ойды ұғыну маңызды екенін осы мектеп арқылы түсіндім.

Кітап – адам өміріндегі ең маңызды рухани құнды дүниенің бірі. Ол адамның ой-өрісін дамытады, білімін арттырады және сөздік қорын байытады. Кітап оқу арқылы адам түрлі өмірлік жағдайлармен танысып, жақсы мен жаманды ажыратуды үйренеді. Сонымен қатар ол адамның қиялын дамытып, ойлау қабілетін жақсартады.

«Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі балаларды кітап оқуға баулуға бағытталған. Мұнда әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға, шығармаларды дұрыс түсінуге және оқуға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға жағдай жасалған. Бұл мектеп маған кітап оқуды күнделікті өмірдің бір бөлігі ретінде қабылдауға көмектесті.

Жалпы алғанда, «Мизам» мектебі мен үшін пайдалы тәжірибе болды. Ол маған кітаптың маңызын жақсырақ түсіндірді және әдебиетке деген қызығушылығымды арттырды. Енді мен кітап оқуды тек міндет емес, пайдалы әдет ретінде көремін.

Жақында Талдықорғандағы Оқушылар сарайында «Мизамның» салтанатты қорытынды кеші өтті. Рухани шараға жеңімпаз оқушылардың қатарында қызыл кілеммен жүру бақыты бұйырды. Кеш өте керемет өтті. Осындай әсерлі де қызықты кеш ұйымдастырып, бізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған ағайларыма алғысым шексіз. Кештен жақсы әсер алып, әдемі естеліктермен қайттым.

Сымбат Жақан

«Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі қанатын кең жайып, уақытпен бірге өз сүрлеуін қалыптастырып келеді. 1 жарым жыл, 5 пен 10-шы сынып арасындағы 500-ге жуық оқушы, 115 жеңімпаз! Алғаш басталғанда облыстағы 8 аудан мен 2 қаладан алдымызда отырған әр 20 баланың екінші маусымда 30-40-50 оқушыға жетуі үлкен жетістік! Бұл жай ғана көрсеткіш емес, нақты нәтиже. Телефонға телміріп, ғаламторға санасы байланған ұрпақты кітап әлеміне ертіп әкеліп, жаңа ғалам ашқандай күйге жеткізу ауыр да ғажайып жұмыс екенін түсіндік.

Ойлаңызшы! Алдыңызда сынып толы оқушы. Бірі бастауыштан енді шыққан ойын баласы. Енді бірі ержетіп, бірі бойжетіп қалған 9-10 сыныптың ұл-қыздары. Ыбырай атамыз қазақ даласында алғаш мектеп ашқанда 6 жас пен 16, тіпті одан да ересек оқушылар бірге білім алғанын қарт тарихтан бәріңіз жақсы білесіз. Олар қара танып, сауатын енді ашып жатқандар. Ал біздің алдымыздағы отырған оқушылар, марқұм әжем айтатын «іштен оқып туғандар». Бүгінгі психологтардың тілімен айтқанда Z, АЛЬФА ұрпақтар! Жоғарғы сыныптағылардың өзінде бірер кітап оқығандары бір қолдың саусағындай ғана. Мектеп бағдарламасындағы шағын әңгімелерді оқығандар да соншалық көп емес. Ал қалғандары кітаптың не екенін білгенімен, қолына алып, бетін ашып көрмегендер.

Мықты болсаңыз, сөйлесіп көріңіз. Ертегіге сенбейтін ерекше буынға кітап деген бір сиқырдың барын санасына сіңіріңіз! Кітап жайлы әңгімеңізге ықыласын аудара алмай, арасында ұрланып айнаға қарай бергенді жақсы көретін аумалы-төкпелі жастағы бойжеткен. Оған көзінің қырымен қарап, қырындағысы келетін бозбала. Әлі ойыны қанып үлгермеген төменгі сыныптағы жеткіншек. Жасыратыны жоқ, алдымызда отырған оқушының бәрі бірдей кітапқа ықыласы ауып, бірден оқырман болып кетпейді. Тіпті, бір күннен кейін-ақ кітап оқудан бас тартқан оқушылар да кездесті. Мектеп басшылығы сабақтан босатып, мұғалімдері жіберген соң амалсыздан бір апта бізбен уақытын өткізгендер де болды. Бірінші күннен ынтасы оянып, келесі күні кітапханадан немесе үйінен кітабын құшақтай келіп, өзіне жаңа әлем ашқан талантты оқушылар бізбен бірге ғаламат сапарға шығып кетті.

Біздің жоба облыс әкімдігінің тікелей қолдауымен іске асып жатыр. Маусым айының соңында Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты жиында облыс әкімі Бейбіт Өксікбайұлы дүйім жұрттың алдында «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебінің жұмысына ерекше тоқталды. Бүгінгі күнге керек жоба екенін айта келіп, әу бастан қолдағанын, әрі қарай да қолдау көрсететінін жеткізді. Бұл бір жарым жылдан бергі жүйелі жұмысымыздың жемісі әрі лайықты берілген баға.

«Мизам» оқушыларына уәде еткеніміздей әр ауданнан талантты һәм талапты оқушыларымыздың ой-пікірін ата басылым арқылы оқырманға ұсынуды жөн көрдік. «Jetіsý» газетінің бүгінгі қонақтары Кербұлақ ауданы, Күреңбел қазақ орта мектебіндегі «Мизамның» алғыр оқушылары.

Іздегенім – «МИЗАМ», тапқаным – ӨЗІМ

Кейде адам бір ортаны іздейді. Ал кейде сол орта адамның өзіне жол ашады. Мен үшін «Мизам» дәл сондай мекен болды. Шыны керек, мен «Мизамға» кездейсоқ келген жоқпын. 

Бұл жоба туралы естіген кезімде оның байланыс нөмірлерін тауып, өзім хабарласуға тырысқанмын. Алайда жауап ала алмадым. Уақыт өте келе қазақ тілі пәнінің мұғалімі Меруерт апайымыз «Мизам» жобасының Кербұлақ ауданына келетінін айтқанда, қуанышымда шек болмады. Бірден қатысқым келетінін білдіріп, өзіммен бірге құрбым мен егізім Анарды да ертіп келдім.

Мизамға дейінгі Ажар мен қазіргі Ажардың арасында үлкен айырмашылық бар. Бұрын өз ойымды жеткізе алғаныммен, сахнаға шыққан сайын толқып, аяқ-қолым дірілдеп кететін. Ал кітап оқу өмірімнің ажырамас бөлігі емес еді. Кейде бірнеше айда бір кітап, тіпті, жылына 3-4 кітаппен ғана шектелетінмін. Бүгінде сахна мен үшін қорқыныш емес, мүмкіндікке айналды. Ал кітап оқу міндет емес, қажеттілік болды. Бұрын бір жылда оқитын кітап санын қазір бір айда, кейде бір аптада оқып шығуға тырысамын. Әсіресе тағдырыммен үндес шығармаларды оқыған сайын кітаптың адам жанын түсінетін ерекше әлем екеніне көз жеткіземін.

Мизамдағы ең қызықты естеліктерімнің бірі – Мұхтар Күмісбекұлымен болған шағын пікірталас. Ол кісі кітап оқу қиын екенін айтқанда, мен кітап оқу оңай деп қарсы пікір білдірген едім. Бүгінде сол сәтті еске алсам, еріксіз күлімсіреймін. Өйткені кітаптың шын мәніндегі тереңдігін түсінген сайын оның әрі оңай, әрі қиын әлем екенін ұға бастадым.

Жұматай Оспанұлы мен Мұхтар Күмісбекұлы бізге жай ғана ұстаз болған жоқ. Олар бізбен жас ерекшелігімізге қарап сөйлеспеді, бізді досындай көрді. Жұматай ағайдың мейірімге толы жанары мен білімге деген құштарлығы әрқашан үлгі болып қалмақ. Ал Мұхтар ағайдың өлеңдері мен сөз саптауы маған сөздің құдіретін сезіндірді.

Мен үшін кітап – бір тағдыр, бір әлем, бір тұлға. Ал «Мизам» – сол әлемге жол көрсеткен шамшырақ. Сол себепті мен «Мизамнан» тек кітап оқуды ғана емес, өзіме сенуді, еркін сөйлеуді, адамдарды түсінуді және өмірге тереңірек қарауды үйрендім. Мен «Мизамды» іздеп бардым. Бірақ сол жолда өзімді таптым.

Ажар Талапқызы

Қатысты жаңалықтар

Кел, балалар, оқылық

Кел, балалар, оқылық

12.07.2026
Ата-ана, саған айтам…

Ата-ана, саған айтам…

12.07.2026
Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

12.07.2026
ISMA. Қайрат. Талант.

ISMA. Қайрат. Талант.

12.07.2026
Сенім мен әділет кепілі

Сенім мен әділет кепілі

12.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.