Талдықорған: +1°C
$ 502.27
€ 597.15
₽ 6.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Көксулықтар көңілі көкке өрледі

27.09.2016
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

Құт дарыған, өнері өрістеген мекенде тірлік кешіп жатқан жетісулықтар салт-дәстүрін қастерлеп, өнерпаздарын дәріптеп, дарынды да жалынды жандарын асқақтатудан аянып қалған емес. Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулып, ынтымағы жарасқан елдің ұландары екенін әр- кез санасына тоқып, батыл да білгір азамат етіп тәрбиелеуден де кенже қалып көрген емес. Осындай игі қасиеттерді жастардың бойына дарыту мақсатында әрі өңір жетістіктерін де көпшілікке паш ете отырып,  көксулықтар мәдениет күндерін  атап өтті.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өтіп жатқан аудандардың мәдениет күнін Көксу жұрты да жақсы көңіл-күймен бастады. Алдымен облыстан келген басшылар мен зиялы қауым Балпық би ауылының төрінен орын тепкен М. Сеңгірбаев атындағы саябаққа мойын бұрып, онда орналасқан Кеңес Одағының батыры Мұсабек Сеңгірбаев, Ауған соғысы құрбандары мен батырларына орнатылған және Батыр ана ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. 
Қазақы ұстаным бойынша бабаға құрмет көрсеткеннен кейін аудандық Мәдениет үйінде облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаевтың қатысуымен жиын өтті. Аталмыш басқосудың тізгінін алған аудан әкімі Алмас Әділ:
– Еліміздің сан салалы өнері мен мәдени құндылықтарын, мұрасын дәріптеуге, сонымен қатар, ұлттық қасиеттерімізді өскелең ұрпақтың бойына сіңіруге бағытталған шаралар облысымызда көптеп ұйымдастырылуда. Солардың қатарына Мәдениет күндерін жатқыза аламыз. Жетісу жерінде дәстүрге айналған бұл мерекенің кезегі біздің өңірге де жетті, – дей келе айтулы шараға келген облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Әлтайұлына деген алғысын жеткізді. 
Өз кезегінде сөз алған Бақтияр Өнербаев:
– Армысыздар, аудан жұртшылығы мен қадірменді зиялы қауым! Облысымызда өткізіліп жатқан аудан, қала мәдени күндерінің аясында сіздермен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Ең алдымен баршаңызға облыс әкімі Амандық Баталовтың ыстық сәлемін жеткізгенді жөн көрдім, – деп аталған мерекенің мақсаты облыстығы әр этностардың бір халықтай жарастырып, біріктіру, бір шаңырақтың астына топтастыру, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, облысымыздың экономикалық-әлеуметтік жағдайының ілгерлеуіне, мәдениеті мен өнерінің қарыштауына Көксу ауданының да қосар үлесі мол екенін де атап өтті. Басқосу соңында аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Қалдыбек Амангелді сөз алып, ел қалаулыларына деген ризашылығын жеткізіп, облыс басшысы Амандық Ғаббасұлына деген сыйлығын Бақтияр Әлтайұлына аманаттады. 
Аталмыш кездесуден кейін Б. Оңғарбаев атындағы стадионға бет алған басшылар мен зиялы қауымды аймақ өнерпаздары қазақтың дәстүрлі әнімен қарсы алды. Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев бастаған игі жақсылар арнайы тігілген алтықанат ақшаңқан үйге бас сұғып, ақтан ауыз тиді. Қазақ тұрмысын көз алдымызға алып келген көнекөздердің тілегін жерге тастамаған Бақтияр Әлтайұлы Айбар есімді бүлдіршіннің тұсауын кесті. 
Сондай-ақ, арнайы қойылған көрме жұмыстарымен танысып шықты. Атап айтсақ, алғашқы болып, қазақтың айтыс өнерінде өзіндік қолтаңбасы қалған, жырлары елінің жадында жатталған Қалқа Жапсарбаевтың 130 жылдық мерейтойына орай қойылған көрме жұмысын тамашалады. Онда Қалқаның пайдаланған тұрмыстық заттары, киген шапаны мен домбырасы және ақынға арналған естелік кітаптар қойылған. Осы тектес көрменің бірқатары Көксу топырағында өмірге келген тұлғаларға арналған екен. Олар 110 жылдығы тойланғалы жатқан, Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Нұрмолда Алдабергенов, еңбекпен есейген Зылиқа Тамшыбаева сынды мақтаныштарымыз.
 Сонымен қатар, Мұсабек атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп сынды бірқатар білім ошақтарының жеткен жетістіктері көрсетілген. Оған қоса, гир көтеруден әлем чемпионы атанған Жұмақан Күзбаев, қол күресінен халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы атанған Әбдуәли Тастанов, Жетісу бөрісі Айдос Қаңлыбаев сынды майталман спортшылардың жетістіктері де көрмеден орын алған. Шағын кәсіп иелерінің өндірген заттары, заманауи техникалар мен жергілікті суретші Иманбек Рахымбековтың туындылары да көрме сәнін айшықтап тұрғандай.
Ал Көксу ауданында бір атаның балаларындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан орыс, әзербайжан, корей, татар этно-мәдени орталығы мерекенің көрігін қыздырғандай. Аталған ұлттың өнерпаздары шағын концерт қойса, үлкендері мұраларын көрсетіп, зиялы қауымға ұлттық тағамдарын ұсынудан тартынып қалмады.
Стадионда өткен концерттік бағдарламаның шымылдығын аудан әкімі Алмас Әділ ашты. Ол:
– Құрметті аудан тұрғындары және мәртебелі қонақтар! Облыс көлемінде жыл сайын өткізіліп келе жатқан мәдениет күндері уақыт тынысымен үндесіп, мазмұнымен толысып, жаңа биіктерге бастамашы болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Рухы еркін халық қана ұлы істерді атқара алады», – деп атап көрсеткен еді. Сол айтылғандай халықтың рухын көтеру жолында, өңір тіршілігін таныту мақсатында ұйымдастырылған түрлі мәдени іс-шаралардың бірі осы мереке деп білемін, – дей келе Елбасымыздың облысымызға келіп жақсы бағасын беріп кеткендігін, осындай қуанышты сәттермен үндескен мәдениет күнінің маңызын, сонымен қатар ауданның тыныс-тіршілігі мен жетістіктерін, ұлы тұлғалары мен дара азаматтарын атап өтті.
Аудан басшысының құттықтау сөзінен кейін өңір өнерпаздары Сүйінбай мен Қатаған айтысынан үзінді көрсетіп, Бөлтірік шешен, Амангелді Иманов, Жамбыл, Қалқа мен Нұрмолда, Зылиха сынды қазақ мақтаныштарын сахналады. Сондай-ақ, аудан топырағында өмірге келген Динара Молдағалиева, Аягөз Қыдырбаева, аудандық «Ардагерлер», «Көксу толқыны» ансамбльдері және 30-дан астам домбырашы мен сексен беске тарта оқушының қатысуымен концерт қойылып, аудан жұртшылығы мен қонақтардың көңілі көкжиекпен астасқандай болды.

Асыл Сұлтанғазы
Көксу ауданы.

 

Қатысты жаңалықтар

Әскерде тағы бір сарбаз қаза тапты

Әскерде тағы бір сарбаз қаза тапты

28.01.2026
Қазақстан мен «ExxonMobil»: Энергетикалық серіктестіктің жаңа кезеңі

Қазақстан мен «ExxonMobil»: Энергетикалық серіктестіктің жаңа кезеңі

28.01.2026
Экономист: Зейнетақының өсуі бюджетке жасырын қауіп төндіреді

Экономист: Зейнетақының өсуі бюджетке жасырын қауіп төндіреді

28.01.2026
Жүргізушілер жұмысқа шығудан бас тартты

Жүргізушілер жұмысқа шығудан бас тартты

28.01.2026
Тоқаев әлемдегі ең үздік 50 педагог қатарына енген мектеп мұғалімін құттықтады

Тоқаев әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енген мектеп мұғалімін құттықтады

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.