Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«Көкесіз» күн бар ма?…

4 желтоқсан 2025
РУХАНИЯТ
«Көкесіз» күн бар ма?…
WhatsAppTelegramFacebook

Б. Римова атындағы облыстық драма теа-трында Сәбит Әбдіхалықов жетекшілік ететін «Назар» ұжымы ұсынған «Көке» комедиясы көрерменге ерекше әсер етті. Туынды сырт көзге жеңіл әзіл секілді көрінгенімен ішкі мазмұнында қоғамды қажытып отырған тамырлы дерт – жемқорлық бейнесі анық байқалады.

Қойылым басталған сәттен бастап залдағы жұртшылық бірде ду күліп, бірде терең ойға шомды. Себебі, әр эпизодтың астарында күнделікті тірлікте жиі кездесетін келеңсіз жайттар қылаң береді. Диалогтардағы шынайылық пен кейіпкерлердің мінез-құлқы көрерменді бірден өзіне тартып, сахнадағы әрекетті өмірдің айнасы іспетті қабылдады.

Кейіпкерлердің бірінің орынсыз жалтақтауы, екіншісіне «жоғарыдағымен» байланыс іздеуі – қоғамда қалыптасқан жат пиғылдың айқын көрінісі. Сол себепті пьесаны тамашалаған жұртшылық әзілден бөлек ауыр салмақты ой арқалап шықты.

Сәбит Әбдіхалықовтың режиссерлік шешімдері спектакль мазмұнын тереңдете түсті. Орындалуы қарапайым көрінгенімен әр қимыл, мимика, үн ырғағы – табиғи. Импровизациялық тәсілдер мен көрерменмен тікелей байланыс орнату қойылымға шынайы тыныс сыйлады.

Актерлердің өз рөлін мінсіз игеруі залдағы атмосфераны жандандырып, әр репликаға өзекті мән жүктеді. Шағын сахна кеңістігіне бүкіл қоғамдағы түйткілді сыйғызу – шығармашылық топ еңбегінің нәтижесі.

Бір телефонмен мәселе шешуге үйренгендердің әрекеті, қарапайым азаматтың амалсыздан соған тәуелді болуы – спектакльде дөп бейнеленген тұстардың бірі. Сол көріністер арқылы көрерменге тек күлкіден бөлек ауыр мазасыздық жетеді. Бұл кеселдің тамыры тереңде екенін, одан арылмайынша өрлеу болмайтынын әр адам жан-жүрегімен сезінді.

Қойылым аяқталған сәтте залда үнсіздік орнауы – айтылған ойдың салмағының дәлелі. Шығаберісте жұртшылық бір-біріне қарап «шындықтан қашып құтыла алмаймыз», «Танысың болмаса мына заман қиын» дегендей пікір білдіріп жатты. Иә, әзілі жағымды, мазмұны терең бұл туынды көпшіліктің санасында ұзақ сақталатыны осы пікірлерден байқалады.

«Көке» – бүгінгі қоғамдағы күрделі тенденцияларды өнер тілімен ашып көрсететін ықпалды дүние. Кекете айтсақ «Көкесіз» күн жоқ» екенін жеткізді. Бірақ, бұл қойылым көрерменге тек көңіл көтеруден гөрі ойдың жүгін арқалап қайтуға мүмкіндік береді. «Назар» театрының бұл жұмы- сы – қоғамдық санаға әсер ететін салмақты қадам.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Дрондар додасы:  мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

Дрондар додасы: мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

18 қараша 2026
Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

18 қараша 2026
Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

18 қараша 2026
Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

18 қараша 2026
«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

17 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.