Талдықорған: -5°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«КІР КЕЛТІРМЕҢІЗДЕР»: ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖАСТАР ӘДЕБІ ЖАЙЛЫ ӘҢГІМЕ ӨРБІДІ

06.03.2020
РУХАНИЯТ
"КІР КЕЛТІРМЕҢІЗДЕР": ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖАСТАР ӘДЕБІ ЖАЙЛЫ ӘҢГІМЕ ӨРБІДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары, қоғам қайраткері, журналист, ақын, «Ай-Зере», «Жалғыз жүрек, сан сауал» жыр жинақтарының авторы Жұматай Оспанұлымен кездесу өтті. «Әдепсіз өскен баладан тәртіппен өскен тал артық» тақырыбындағы облыс жастарымен ұйымдастырылған кездесуде тәлім-тәрбие жайлы өнегелі әңгіме өрбіді.

Кездесудің басты мақсаты — жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың бойындағы отаншылдық сезімін арттыру, тәрбие негізінің отбасы екенін түсіндіру. Сондай-ақ, шарада ата-ананы және ұстазды сыйлаудың маңызын ұғындыру, жастар арасында өзара сыйластық қарым-қатынастарының адам өміріндегі мәнін, бірлесіп әрекет ету, өзара көмекке және ізгілікке ұмтылу таным-түсініктерін кеңейту бағыттарын қамтылды.

Белгілі журналист қыз баланың тәрбиесі мен адам құндылығы жайында әңгіме өрбітіп, өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

– Үлкендер: «Ең оңай нәрсе ақыл айту, ең ауыры — сол ақылды қабылдау», — деп айтады. Сондықтан, мен мына жас достарыма, қарындастарыма ақыл айтайын деп келіп отырған жоқпын. Өзімнің көргенімді, көңілге түйгенімді сіздермен бөліссем деп келдім. Айналаға қарайық, көктем келді. Аз уақытта бүр жарып, әдемі талдар қаланы ажарландыра бастайды. Сонда қарап отырып тәртіппен өскен талға қызығасың. Сіздер де сол тал сияқтысыздар. Мен де сіздердің мына қоғамда әдемі, әдепті жүргендеріңізді қалаймын. Біз сөз қадірін өз қадірінен биік қойған елдің ұрпағымыз, – дей келе, Қалқаман Сариннің «Әдеп» өлеңін оқып, жастарға терең ой салды.

Өзінің өмірден көрген-түйгендерін тарқатып, бабадан қалған нақыл сөздермен көпшілікті ұйытқан кеш кейіпкері бала тәрбиесімен құрсақта жатқан кезден шұғылдану керектігін баса айтты.

– Қадірлі жас достар, адам болып қалыптасудың алғашқы баспалдағы — әдеп. Абай атамыз адамның жақсы болуы жақсы әке, жақсы шешеге, жақсы орта, жақсы құрбыға, жақсы ұстазға байланысты екенін айтады. Егер әке-шеше жақсы болса, қолына алған сәтінен бастап емес, сонау құрсағында жатқан кезінен баласының тәрбиесіне мән береді. Әдептің ең алғашқы дәні ананың құрсағында егіледі. Әдеп ең әуелі қыздарымыздың бойында болғанын қалаймын. Өйткені, сіздің бойыңыздағы дүние құрсағыңыздағы ұл-қызға дариды. «Қызым үйде, қылығы түзде», – дейді атамыз қазақ. Қызым оқып жатыр, болашақта қазақтың бір кәдесіне жарайтын, осы елдің бір көшін бастайтын аяулы жан болады деп сеніп отырғанда сіз сыртта жүріп ойыңызға келгенін жасап, от басып қалсаңыз, әке-шешеңіздің кірмегені қара жер болады. «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, балаң жаман болса жердің асты жақсы» дейді ел даналығы. Сондықтан, от баспауларыңызға тілекшімін. Ал сіздерді осының барлығынан сақтап тұратын, жақсы өмірге баптап тұратын нәрсе бүгінгі тақырыбымызда айтылып отырған әдеп мәселесі. Сол әдептеріңізді, бойларыңыздағы қасиеттеріңізді сақтап, жақсы әке-шеше, жақсы ұстаз, жақсы ортаның атына кір келтірмеңіздер, — деді Жұматай Оспанұлы.

Жастарды әдепті, арлы болуға шақырған кездесуде қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылды. Шараға келген жастар көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап алды. Ой бөлісіп, пікір алмасты.

Жиналғандар ғибрат пен өнегеге толы, рухани азық алатын әсерлі кездесуді ұйымдастырған облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен жастар ресурстық орталығының қызметкерлеріне, шараның басты кейіпкері Жұматай Оспанұлына ризашылығын білдірді.

Ақмарал АСХАТҚЫЗЫ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.