Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҰЛАҒАТТЫ ЕСІМ

18 наурыз 2022
РУХАНИЯТ
ҰЛАҒАТТЫ ЕСІМ
WhatsAppTelegramFacebook

«Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі», – деп Мағжан Жұмабаев айтпақшы, бар ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнап, қайда барса да төрден орын алатын Гүлбану Өміржанова 32 жыдан бері осы салада қызмет етіп келеді. Мамандығына деген шексіз махаббаты жігер сыйлап, ұстаз атты ұлағатты есімді абыроймен арқалауға сеп болды.

Өз ісінің майталманы Гүлбану Бекенқызы 1990 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің дефектология факультетін сурдопедагог мамандығы бойынша бітіріп, 2004 жылға дейін Талдықорған қаласындағы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп интернатында қызмет етті. Ал 2004 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Талдықорған қаласының №1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің басшысы лауазымында табан аудармай жұмыс істеуде.  Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетіне 2021 жылдан бастап арнаулы білім беру ұйымдарына бармайтын, туғаннан 18 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар жіберіледі. Онда жеке, шағын топтық және топтық сабақтар жеке дамыту бағдарламасымен жүргізіледі. Мекемеде психологиялық-педагогикалық қолдау бағытындағы педагог-дефектолог, сурдопедагог, логопед, педагог- психолог, емдік дене шынықтыру, музыкалық ырғақ, массаж жасайтын арнайы мамандар қызмет атқарады. Осы орайда айта кетерлігі, дефектология бойынша жоғары білікті мамандар көмек көрсетеді. Олар үнемі өздерін жетілдіріп, біліктілікті арттыру курстарынан өтіп отырады. Мысалы, 2 маман педагог – зерттеуші, 4 маман мұғалім – сарапшы, 4 маман мұғалім – модератор, бәрі балалармен жүйелі жұмыс жүргізеді.
Мекемеде қызмет ету үлкен талаппен бірге әртүрлі ізденістерді қажет етеді. Гүлбану Өміржанова соның барлығын қадағалап, мол тәжірибесі арқылы жол сілтеп отырады. Әртүрлі дәрежедегі психикалық дамуы тежелген, церебральды сал ауруы және тірек-қимыл аппаратының басқа да бұзылыстары бар, көру қабілеті нашар, есту, сөйлеу қабілеті бұзылған, сондай-ақ, РАС  және эмоционалды-еріктік сфераның басқа да бұзылыстары бар балаларға көмек көрсетіледі. Бүгінде түзеу кабинетінде 678 бала есепте тұрса, оның ішінде 188 бала көмек алуда.  2021 жылы 255 бала, 2022 жылы қаңтар айынан бүгінге дейін 87 бала тіркелді. Ал облыс бойынша 22 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті  бар, 2021 жылы тағы үшеуі Панфилов, Кеген, Райымбек аудандарында ашылды.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары еліміздегі тұңғыш қазақ сыныптарының ашылуына Гүлбану Бекенқызымен бірге үлес қосқандардың қатарынан Қарлығаш Ибрагимова, Әлия Ибраимованы ерекше атаса болады. Қазақ тілінде естімейтін және нашар еститін балаларға (бастауыш сынып) арналған оқулықтар, бағдарламалар, әдістемелік нұсқаулықтар жазып, сол оқулықтардың авторы атанды.
Осындай игі істердің басы-қасында жүрген Гүлбану Өміржанованың ерен еңбегі еленіп, «ҚР  білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағы берілді. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталып, облыс және қала әкімдігінен, білім беру басшылығынан көптеген Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар иеленген. Мәртебелі мамандығын мақтаныш санайтын Гүлбану Бекенқызына мықты денсаулық, қажымас қайрат, ел ертеңі үшін атқарып жүрген жұмыстарына сәттілік тілейміз.

Мәулен ӘНЕРБАЙ
Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59
Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Қаратал ауданында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін, 13:30
Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Асыл тұқымды мал шаруашылығы: Қазақстан мен Германия ынтымақтастықты нығайтады

Бүгін, 13:00
Магистратураға үміткерлер арасында қай мамандықтар сұранысқа ие?

Магистратураға үміткерлер арасында қай мамандықтар сұранысқа ие?

Бүгін, 12:30
Әуежайдағы қауіпсіздік: Жолаушылар білуі тиіс басты ережелер

Әуежайдағы қауіпсіздік: Жолаушылар білуі тиіс басты ережелер

Бүгін, 12:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.