Талдықорған: -2°C
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ЛАЙЫҚ ДЕП ТАПТЫҚ»: ӘМІРЕ ӘРІН ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

12.10.2019
РУХАНИЯТ
"ЛАЙЫҚ ДЕП ТАПТЫҚ": ӘМІРЕ ӘРІН ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу қаламгерлерінің руханият дариясындағы бедер-биігі мен орны бөлек. Талай алыптардың тамырына негіз, тәлейіне тарту болған киелі топырақтың қаламгерге деген құрметі ерекше. Оны ел іші жақсы біледі. Біз бүгін сол алдияр оқырманға руханиятымыздың кемелденуіне негіз болар тағы бір жақсы жаңалықты жеткізгіміз келіп отыр. Бұдан бұлай Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы, айбоз ақын Әміре Әрін  ҚР Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры қызметін атқарады.

Әдебиет – руханияттың мәйегі  мен маңызы. Ол алдымен ұлттың абыройына мөр, арманына жол болатын құнды жәдігер. Сондықтан сөзді құрметтеу әркімге парыз. Осы ретте жетісулық зиялы қауым өкілдеріне филиалдың жаңа басшысын таныстыру үшін одақ төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек пен орынбасары Бауыржан Жақып келді. Соған орай мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы Тіл сарайында өңірдегі қалам ұстаған ақын-жазушылардың басын қосты. Келелі кешті ақын, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің облысымыздағы меншікті тілшісі Қалмаханбет Мұқаметқали жүргізді. Алдымен сөз кезегі Ақберен Елгезекке ұсынылды.

– Құрметті әдебиет жанашырлары! Сіздермен жолыққанымызға аса қуаныштымыз. Жетісу жері батырлар мен ақындардың ордасы. Бабамыз Қабылиса жыраудан бастап, одақтың іргетасын қалаған Ілияс Жансүгіров сияқты небір дүлдүлдерді өмірге әкелген мекеннің орны қашанда бөлек. Бұл аймақты әдебиеттің ошағы десек те болады. Былтырдан бері екі рет жастар форумы өтіп, Жастар жылына орай 20 жас ақынның жинағы жарық көрді. Сол үшін облыс әкімі Амандық Баталовқа алғысымды айтқым келеді. Сөздің мәйегі мен маңызын бойына сіңірген қасиетті мекен мәдениет пен әдебиет саласында көпке бағдаршам. Оны өздеріңіз де іштеріңізден сезіп отырған шығарсыздар. Біздің мұнда не үшін жиналып отырғанымыз бәріне аян. Еңдеше көп созбайын. Жазушылар одағының Жетісу өңірлік бөлімшесіне басшы ретінде аға буынның алдында келе жатқан қарымды қаламгер Әміре Әрінді лайық деп таптық, – дей келе, мөрі басылған арнайы бұйрықты ақынның қолына табыстады. Содан соң жастар поэзиясының жетекшісі ретінде ҚР Жазушылар одағының мүшесі  Жангелді Немеребаевті атады.

Айта кетейік, осыған дейін Жазушылар одағының Жетісу өңірлік бөлімшесін дарынды ақын Ерлан Жүніс басқарған болатын. Ол кісі өз өтінішіне байланысты жұмыстан босатылды. Жалпы өңірімізде одақтың 120-дан астам мүшесі бар.

Одан кейін мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев гүл шоғын табыстап, құттықтау тілегін жолдады.

– Әміре ағасыз аймақта бір жиын өтпейді. Себебі, бұл кісі ақын ғана емес, адамгершілігі мол азамат. Әрбірден соң әдебиетте мойындалған тұлға. Бұл адамға жасына қарай емес, әдебиетке бергеніне, шыққан белесіне қарай берілетін орын. Оның үлкенді де, жасты да сыйлай білетін ішкі таза адами қалпы бар. Сондықтан шын жүрегімнен құттықтаймын! Жетісу әдебиетін көркейте беріңіз, – деді ол.

Иә, Әміре Әріннің есімі өлеңсүйер қауымға ғана емес, күллі Алаш жұртына етене таныс. Поэзияда өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған ақынның оннан астам кітабы бар. Тапқырлығымен де топты жарып, танымы мен терең толғамы арқылы қазақ тарихын қотарып, ұлы бабаларымыздың ұлағатты жолынан тін тартып жүр. Енді бұдан бұлай жетісулық қаламгерлердің мүддесін қорғауға қызмет етпек. Әртүрлі әдеби іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады.

– Мен Әміре ағаның өлеңін сүйіп оқитын жастың бірімін. Бүгін бір керемет сәттің куәсі болып отырмыз. Жетісу топырағы қарымды қаламгерлерден кенде болмаған мекен. Өздеріңізге белгілі, облыс басшысы Амандық Баталов қаламгерлерге ерекше көңіл бөліп келеді. Жыл сайын жаңа кітаптар шығып, оқырманын тауып жатыр. Жалпы әдебиет тыныштықтың кепілі, руханияттың бастауы ғой. Сондықтан біз қалам тербеген әрбір ақын-жазушыны құрметтеуіміз тиіс, – деді ақын әрі әдебиетші Айнұр Төлеу ілтипатын білдіріп.

Жиын барысында бүгінгі Жетісу әдебиетінің белді қаламгерлері мен дарынды жастары ақ еділ пейілін танытып, ақ тілегін арнады. Содан соң қазақ киносының «Тақиялы періштесі» Әлімғазы Райымбеков атамыз інісіне ақ батасын беріп, ел аманатына елші боларына сенім білдірді.

Мұхтар КҮМІСБЕК

Қатысты жаңалықтар

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

05.02.2026
 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

05.02.2026
Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

05.02.2026
Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

05.02.2026
Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

05.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.