Талдықорған: +1°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ӨЛЕҢНЕН ӨРНЕК САЛҒАН

10.12.2018
РУХАНИЯТ
ӨЛЕҢНЕН ӨРНЕК САЛҒАН
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы қаласында Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Мақпал Мысаның Қазақстан Республикасының Президенті қорының «Алтын тобылғы» байқауында бас жүлдені жеңіп алған «Шоған абыз» поэмасы үш тілге аударылып басылған кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Оған қазақ әдебиетінің танымал тұлғалары, Мақпалдың поэзиясын құрметтейтін оқырман қауым қатысты.

Поэзия кешін көбінесе  шетел көрермендерінің көзайымына айналған «Хас Сақ» этнографиялық үрмелі аспаптар  ансамблі ұлттық сарындағы әуендермен ашты. Осыдан кейін   М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының актері Ғалым Шерхан бастаған өнерпаздар мен әдебиет үйірмесіне  Нұрбек Жанғабаев жетекшілік ететін Ащыбұлақ ауылындағы мектептің оқушылары «Шоған абыз» поэмасынан үзінді оқып, тыңдарман жұртшылықты сонау бір алыста қалған зар заман кезеңіне ойша сапарлатқан. Жыршы, термеші Алтынбек Ибрагимов поэмадағы Шоған абыздың Мәмбет, Үмбетті өзбек құлдығынан құтқаратын тұсын  халық мақамына салып жырлағаннан кейін Мақпалдың өзі ортаға шығып, бірегей туындының бастамасын оқып берді.
… Жырменен маржан ойдың затын тіздім,
Жаттайтын кезіміз ғой атын біздің.
Рухы Досбол, Мөңке, Бөлтіріктің,
Аузына сөз саларсың ақын қыздың…
 
… Жұт көрген сонау жылы жұтаң дала,
Пенденің мәңгі іздейтін құты – Аллада.
Салайын қара жолға қара өлеңді,
Бата бер, Бекет ата,  Бұхар баба… – деп ұлы бабаларына тәу еткен Мақпал тарих қойнауына терең бойлай келіп:
…. Ол жайлы талай ақын дерек айтқан,
Бөлтірік Атығанұлы бөлек айтқан.
Әжібек, Шарғын, Қойдым, Албан Асан,
Және де Байшығанның Көдегі айтқан, – деп аты аңызға айналған абыз баба жайында өлеңнен өрнек салды.
Жаңадан жарық көрген кітаптың тұсаукесер рәсімін танымал ақын Ғалым Жайлыбай, Шоған абыздың ұрпағы, қоғам қайраткері Тұрарбек Төлендиев, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Әнұраны авторларының бірі Жадыра Дәрібаева жасап, соңынан ақын Мақпал мен оның поэмасының кейіпкері – Шоған абыз турасында өз ойларын ортаға салған.  Тұрарбек Төлендіұлы «абыз» деген атаудың кімдерге берілетіні, тарихтың шаң-тозаңы астында елеусіз қалған осынау данагөй атаны поэзия  тілімен қайта сөйлеткен ақын қызға деген алғаусыз алғысын жеткізді. Абыз ұрпақтары ақынға камзол кигізіп, сый-сияпат көрсетуді де ұмытқан жоқ. Ал Жадыра Дәрібаева болса, кейінгі буын ақын қыздардың ішінде Мақпалдың орны бөлек тұрғанын жасырмады. Мақпалдың поэзиядағы ұстазы саналатын Ғалым Жайлыбай Ілияс Жансүгіров атындағы республикалық мүшәйраның бірінші орын жүлдегері, қобызшы Молықбай, Майра Уәлиқызы, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы сыйлықтардың иегері, М. Мақатаевтың  80 жылдығына арналған жыр мүшәйрасының жеңімпазы, Ресей Жазушылар одағының Керім Отаров атындағы алтын медалінің иегері, Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті Елбасы қорының «Алтын тобылғы» байқауының бас жүлдегері атанған ақын қыздың шығармашылығына жоғары баға берген. Өзінің өлеңдері әлемнің 14 тіліне аударылған Ғалым Жайлыбай поэмасы қазақ тілінде жазылып, орыс, түрік және ағылшын тілдеріне тәржімаланып, төрт тілде басылған Мақпалдың шығармашылық еңбегіне табыс тіледі.
Кешті тамаша жүргізіп, оралымды ой, пәтуалы пікір білдіріп отырған  ақын Жанарбек Әшімжан сөз кезегін авторға бергенде Мақпал ақын қазақтың қаны мен жаны саналатын қара өлеңнің мерекесіне жиналған жұртшылыққа алғысын жеткізе келіп, Бекберген атасынан алған тәлім-тәрбиесі оны тарихтың тылсымына жетелегенін айтты. Шоған абыз сынды біртуар тұлға арқылы ұлттың рухын көтеріп, ел мен жерді жырлауға мүмкіндік берген Тәуелсіздікті – ақиқат тірілген күн деп есептейтінін жеткізді. Ол сонымен қатар поэманы орыс тіліне аударған Надежда Черноваға, ағылшын тіліне тәржімалаған Гүлнар Бекқожанова мен түрікше сөйлеткен Балсан Мәдиге ризашылығын білдірді.
Бұл кеште  Мақпалдың өлеңдегі, өнердегі әріптестері, аға-бауырлары  мен әпкелері Бейбіт Дәлденбай, Жарас Сәрсек, Бекжан Тұрыс, Биғайша Медеуова, Мағиза Құнапияқызы, Шәмшия Жұбатова, Алмат Исаділ, Мақсат Ережеп, Бақыт Жағыпарұлы, Сәлім Жусанбай, Дәулетбек Байтұрсынұлы, Қайнар ауылынан келген ұстазы Гүлшат Базарбекова мен Мақпал еңбек ететін «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Әміреев ыстық ықыласын білдіріп, ақынның шығармашылық еңбегіне жоғары баға берді.
Осы кешке арнайы келген қазақ өнерінің жарық  жұлдыздары, Шоған абыздың ұрпақтары Қанат және Айткүл Құдайбергеновтер, жас әнші Шәба Әденқұл  тамылжыта ән салып, қуанышқа жиылған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады. Кеш соңынан қонақтар Шоған абызға бағышталған Құранға қол жайып, арнайы жасалған дастарқаннан дәм ауыз тиді.
 
Қуат ӘБІЛ
Алматы қаласы

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

03.02.2026
Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

03.02.2026
АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

03.02.2026
ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

03.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.