Талдықорған: +9°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Ілияс ЖАНСҮГІРОВ-125: ЭТНОАУЫЛ АШЫЛДЫ

3 мамыр 2019
РУХАНИЯТ
Ілияс ЖАНСҮГІРОВ-125: ЭТНОАУЫЛ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ақсу ауылында Ілияс Жансүгіровтің атында этноауыл бой көтерді. Игілікті шараны ауыл тұрғындары мен осы ауылда орналасқан Ілияс Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырды. Шараға кәсіпкер азаматтар да қолдау көрсетті.

Шара аталған музейде басталды. Жиналған көпшілік алдымен Ілияс ақынның көзі тірісінде қолданған құнды жәдігерлерін тамашалады.

– Қазір музейде мыңнан астам жәдігер бар. Оның елуден астамы құнды мұралар. Сол қатарда Ілияс атамыз жолсапарларда тастамай алып жүрген чемоданы, ақын Қуат Терібаев сыйлаған домбыра, 1936 жылы Орал баспасында шыққан «Қолжазба» атты кітабы және Фатима Ғабитованың көзі тірісінде қолданған бұйымдары осы музейде сақтаулы. Қазір мұнда 6 адам жұмыс істейді. 2009 – 2011 жылдары музейге күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, экспозициясы жаңартылды. Өткен жылы музейге 2 мыңға жуық адам келсе, биылғы келушілердің қатары одан да көп болады деп ойлаймыз,  – дейді музей директоры Ардақ Құмарова.

Осы ретте музей орналасқан ғимараттың тарихи жәдігер болып саналатынын айта кеткен жөн. Өткен ғасырдың басында Маман Тұрысбектің ұрпақтары салдырған Қарағаш мектебі өртенгенде жанбай қалған бөренелерді Ақсу ауылының адамдары жинастырып, музей тұрған бес бөлмелі ғимаратты тұрғызыпты. Алдымен мектеп, сосын басқа да мақсаттарға пайдаланылған нысан 1991 жылдан бастап, Ілияс Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінің еншісінде.

Музейде өткен ашылу салтанатында Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Ғазиз Есжанов, Ақсу ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Айтбайұлы, өлкетанушы Жемісбек Толымбеков, ақынның ұрпағы Орал Шүкетова, тағы да басқа қонақтар сөз сөйлеп, игілікті шараның ілгері басуына сәттілік тіледі. Осыдан кейін көпшілік «Ағынды менің Ақсуым» деп Ілияс жырға қосқан Ақсу өзенінің бойында орын тепкен этноауылға жол тартты. Бұл маңға қатар-қатар ақшаңқан үй тігіліпті. Үйлердің айналасында алтыбақан теуіп, мәре-сәре болған жастар, өреге құртын жайып, жүнін түтіп, тайқазанға етін асып, қонақжайлығын көрсетіп жүрген ақжаулықты аналар мен ибалы келіндер шараның сән-салтанатын асыра түсті.

Көпшілік этноауылға жақындағанда ауыл ақсақалдары алдынан шығып, өнерпаздар жырдан  шашу шашып, құрметпен қарсы алды. Олар жас спортшылардың өнерін тамашалап, ауыл жастары ұйымдастырған көкпар тарту ойынын көріп, ақшаңқан үйге жайылған дастарқаннан дәм татты.

Этноауылдың дастарқаны жыл бойы жайылып тұрады. Түрлі ұлттық ойын да күн сайын жаңаланып, келушілерді жалықтырмайтын шаралар қолға алынбақ.

Қажет АНДАС

Ақсу ауданы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

6 қараша 2026
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

6 қараша 2026
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

6 қараша 2026
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

6 қараша 2026
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

6 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.