Талдықорған: +3°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған

11.10.2024
РУХАНИЯТ
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл  қаламгер, ақын, сценарист, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл. Талдықорғандағы  Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану мұражайында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Бердібек Соқпақбаевтың мұрасы» тақырыбында мәдени шара өтті. Залда ұлт руханиятының ірі тұлғасының кітаптары, тұтынған заттарынан көрме ұйымдастырылды.  

Мұражайдағы шараны  «Мұқағали Мақатаев атындағы поэтикалық жас актер театрының» әртістері ашты. Олар Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларынан көрінісі қойды. Жас дарындар жазушының балалық шағын, албырт мінезін көркем бейнеледі.

Тағылымды басқосуға  жазушының қарындасы Несіпхан Аманбаева мен немере қарындасы Қарлығаш Тілеулесқызы шақырылыпты. Қаламгердің туыстары ақын жайлы ел біле бермейтін естеліктерді айтты. Оның ағайын-туысқа жанашырлығы, талапшылдығы, әзілқойлығы, баладай аңғал мінезі сөз болды. Дарын иесінің туған жерге деген сүйіспеншілігі, табиғат аясында серуендегенді ұнататындығы, содан күш-қуат алатындығы естеліктің тақырыбына айналды.

Жазушы кейіпкерді алыстан іздемейтін. Өзі өскен орта – тақырыбына тұздық еді. Ол: «…Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды», – дейді.

1963 жылы экранға шыққан «Менің атым Қожа» Қазақ кино өнерінің қайталанбас туындысы. 1967 жылы балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында өткен халықаралық фестивалінде арнаулы жүлдеге ие болуы да үлкен мәртбе. Сол арқылы жержүзінің киносүйер қауымы қазақтың кино өнерімен танысып, Қазақстанның табиғатын, болмысын білді. Фильмнің шыққанына жарты ғасырдан асса да көрерменін  жалықтырған жоқ. Көпшілік алдында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының әртісі Кендебай Темірбайұлы сөйлеп,  жазушының 100 жылдығы Нарынқолда жоғары дәрежеде өткенін сөз етті. Өнер қайраткері  жазушының туған жеріндегі саябаққа Бердібек Соқпақбаевтың есімінің берілгенін қуанышпен жеткізді. Келесі сөз кезегі, Қазақстан Республикасының  мәдениет қайраткері, «Jetisý» газетінің бас редакторы Жұматай Оспанұлына берілді. Ол Бердібек Соқпақбаевты  қоғам қайраткері, қазақтың біртуар ұлы Дінмұхамед Қонаевтың  ерекше қадірлегені жөніндегі естелікпен бөлісті.

Шарада  Қанабек Байсеиітов атындағы саз колледжінің білімгерлері «Менің атым Қожа» фильміндегі «Біз Отанның ұланымыз» әнін нақшына келтіре орындады.

Бердібек Соқпақбаев:  

«Жазып та көрдім мен де өлең,

Жазып та көрдім, қара сөз.

Ерте ме, кеш пе, мен де өлем,

Өлмейді тек дана сөз…» деп жазған еді. Шынымен де оның шығармашылығы мәңгі өлмейді.

Гүлжан ТҰРСЫН
Фото: https://www.instagram.com/m_tynyshbaiuly_muzei/

 

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

07.03.2026
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

07.03.2026
Алаш мұрасының темірқазығы

Алаш мұрасының темірқазығы

07.03.2026
Апам ол кезде…

Апам ол кезде…

07.03.2026
Талабы таудай талант

Талабы таудай талант

07.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.