Талдықорған: -0°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МҰҚАҒАЛИ МҰРАЛАРЫ 20 ТОМҒА ЖУЫҚТАДЫ

08.02.2019
РУХАНИЯТ
МҰҚАҒАЛИ МҰРАЛАРЫ 20 ТОМҒА ЖУЫҚТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Мұқағали Мақатаевтың туған күні – 9 ақпан қарсаңында республиканың түкпір-түкпірінде, әр аудан, әр қалада ақынның өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндер шырқалады. Ел қорғап, азаматтық борышын өтеп жүрген әскери қызметкерлер де бұл күнді елеусіз қалдырмады. 54380 әскери бөлімінің сарбаздарының ұйымдастыруымен Тіл сарайында ақиық ақынның «Есіңе мені алғайсың» атты поэзия кеші өтті.

Кеш шымылдығы махаббат пен сүйіспеншілікке тұнған «Сезім» өлеңімен ашылып, «Бүгін менің туған күнім, ой, бәлі-ай!» атты ақынның болашаққа арызын бүлдіршін қыз Сәбина мәнерге салып оқыды. Шарада Бикен Римова атындағы облыстық театр ұжымының қолдауымен студент жастар «Аққулар ұйықтағанда» қойылымын қойды. Ал әскери бөлім қызметкерлері мен олардың балалары М.Мақатаев өлеңдерін оқып, облыстық Сүйінбай атындағы  филормония әншілері ақын сөзіне жазылған әндер шырқады.

Көрермен жүрегін тербеген кеш қонағы, сатирик жазушы Тұрлыхан Кәрім М.Мақатаевтың туған күні жыл сайын аталып өтуі ақынның ұлылығын дәлелдейтінін тілге тиек етіп, әскери қызметкерлердің поэзияға ерекше көңіл бөлуі үлкен қуаныш екенін жеткізді.

– Ұрпағы барда, халқы барда Мұқағали ешқашан өлмейді. Көзі тірісінде 4-5 кітабы жарыққа шыққанымен, қазіргі күнде жыр жинақтарының саны 20-ға жуықтады. Әлі де ақын мұраларын басып, бітіре алмай жатырмыз, – деген жазушы қазақ поэзиясының Хантәңіріне теңелген тұлғаның ізін басатын қаламгерлер көп шықса деген абзал тілегін білдірді.

Облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі, ақын Қажет Андас қазақ баласы кең-байтақ жерін ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ғана емес, ақындардың өлең құдыретімен де қорғағанын айтты.

– Бумын қаған Түрік қағанатын құрып, бүкіл Қытайды тізе бүктірген кезде, қасында жүрген Йоллығ тегін абыздың өлеңін сарбаздарға жаттатқан екен. Тарихта белгілі, жоңғармен соғыста Ақтамберді жыраудың жырын жаттамаған қазақ болмаған. Ал кешегі Екінші дүниежүзілік соғыста Қасым Аманжоловтың әндерін шырқап тұрып, кеудесін оққа тосқан, «Менің Қазақстаным» әнін жаттап,  қаһарлы желтоқсанда алаңға шыққан жастар тәуелсіздік алуымызға сеп болды, – деп қазақтың қайсарлығы поэзияда жатыр деген ой түйді. – Мұқағалидың қаламынан шыққан туындыларға қарап бой түзеп, жыр алыптары айтқан сөздерді санаға сіңіру арқылы Ұлы Даланың иесі бола аламыз, – деді Қ.Андас.

Кеш соңында 54380 әскери бөлімінің командирі, полковник Ш.Тоқтасынұлы шараға атсалысып, өнер көрсеткендерге алғысын білдіріп, мадақтама қағаздарын табыс етті.

Өзі өлгенмен өлеңі мәңгі жасайтын жыр дүлдүлін ғасырлар бойы жырлайтынымыз сөзсіз. Қазақ Мұқағалидай перзентін ешқашан ұмытпақ емес. Поэзиямен жаны егіз мұндай алыптың дүние есігін ашқан күні — бар халыққа ортақ мереке.

Әсем ЖҰМАҚАН

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

03.02.2026
Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

03.02.2026
АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

03.02.2026
ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

03.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.