Талдықорған: +2°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«МӘДИНАНЫ» ОҚЫҢЫЗШЫ: Әбен ДӘУРЕНБЕКОВКЕ — 80 ЖЫЛ

15.03.2019
РУХАНИЯТ
"МӘДИНАНЫ" ОҚЫҢЫЗШЫ: Әбен ДӘУРЕНБЕКОВКЕ - 80 ЖЫЛ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақтың дарынды ақыны  Әбен Дәуренбековтің 80 жылдығына арналып еске алу кеші ұйымдастырылды. Кешке Әбен ағаның бірге жүрген дос-жараны, әріптестері, өлеңін жаттап өскен өрендері қатысты.

Алғашқы сөзді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев алып, ақынның шығармашылығы, өлеңмен өрілген өмір жолы жайлы әңгімеледі. Дарын иесі «Таң», «Мөлдір тамшы», «Тамшыбұлақ», «Балконнан ұшқан көгершін», «Мамыр айы»,  «Белжайлау», «Құс тілінен тамған жыр» атты танымал жыр кітаптарының авторы. Ақын жастайынан «Қызықпай атаққа да, мансапқа  да, Өтсем дедім өмірден ән сап қана» деп өмірлік ұстанымын айқындап алған еді. Ешкіммен айтыспады, тартыспады. Мансапқа қызықпады, ақшаға құнықпады. Бірақ атақ пен абыройды сөзге адалдығы, періште көңілі арқылы иеленді. Ақын ағаның басын қадірлейтін азаматтар тіршілігінде қолдады, көтермеледі.

Бір кездері Панфилов ауданының әкімі болған Ермек Келемсейіт ақынның тойын өткізіп, Құрметті азамат атағын берген еді. Бүгінгі кеште облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып отырған Ермек Әбілмәжінұлы сөз алып, ағаның аңғал мінезі, сөз зергерлігі жайлы естеліктер айтты. Әкім кезінде ақынға жасаған қолдауына көпшілік ризашылық білдірісті.

Талдықорған өңірінде шыққан «Жерұйық» газетінде қызметтес болған Тұрсын Әбдуәлиев те көңілден кетпес күндер жайлы естелік өрбітті. Кеште белгілі ақындар Ахмет Кендірбекұлы мен Ерғазы Манапұлы да естеліктерін айтты. Ал көпшілікке енді танылып келе жатқан «Мизам» əдеби клубының жастары Әбен өлеңдерін мөлдірете оқып, шараның шырайын кіргізді. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Бақберген Асқарбеков бастаған филармония əртістері ақынның сөзіне жазылған əндерді шырқаса, шəкірттері жүрекжарды жырларын арнады. Кеште көзкөрген жанның барлығы сүйкімді, сырлы жанның періште көңілін әңгіме етті. Ақын інісі Қуат Қайранбаев: «Қашқан ойды қаумалап, құрықты сап» өлеңінің қалай жазылғаны жайлы тарқатып айтып берді.

Қашқан ойды қаумалап, құрықты сап,

Бір қораға қамадым ұрып, тұсап.

Бірікпеген бастары бәтшағарлар,

Бір-бірімен, сонда да қырық пышақ, – деп келетін өлеңі жиналған көпшіліктің көңілін тербеді. Ол көпшілікке өзінің «Әбен ағаны еске алу» атты өлеңін тарту етті.

Ақын ағаның шығармасының қай-қайсысын алып қарасаң да лирика, жеңіл қалжың, әдемі суреттеуден құрылған. Замандастары бас қосқан жерде ағаға «Мәдинаны» оқышы деп қолқа салатын. Сонда Әбен аға:

Тамағыңның астында мең бар еді, Мәдина,

Сол меңіңе көз тастап, нем бар еді Мәдина?!

Қайда жүрсең мен көрген қалпыңдасың, Мәдина,

Аман жүрсін әрдайым алтын басың, Мәдина, – деп әуен есіп тұрған даусымен өлеңдете жөнелетін.

Бүгінгі кеште жырсүйер қауым ағаны қайтадан сол қалпында көз алдымызға әкелді. Ол тіршілігінде: «Менің атым Әбен аға», — деуші еді. Бүкіл жұрт атын әспеттеген періште көңіл ағаның аты да, өлеңі де рухты ізбасарлары барда өлмек емес.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Терең өңдеу және экспорттық рекорд: Қазақстан агросекторының жаһандық әлеуеті

Терең өңдеу және экспорттық рекорд: Қазақстан агросекторының жаһандық әлеуеті

04.02.2026
Қазақ өнерінің майталманы Балтабай Сейітмамытұлы дүниеден озды

Қазақ өнерінің майталманы Балтабай Сейітмамытұлы дүниеден озды

04.02.2026
Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін растады

Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін растады

04.02.2026
Қазақстанда электромобиль зауыты салынады

Қазақстанда электромобиль зауыты салынады

04.02.2026
Жасанды интеллект және өндіріс: Қазақстанның ірі зауыттары қалай цифрландырылуда?

Жасанды интеллект және өндіріс: Қазақстанның ірі зауыттары қалай цифрландырылуда?

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.