Талдықорған: +23°C
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Менің темірқазығым!

23.04.2026
РУХАНИЯТ
Менің темірқазығым!

Ашық дереккөз

WhatsAppTelegramFacebook

Кітап-кітап, әр парақтан парасаттың исі аңқып – құндылықпен қанығам, әр сөйлемі жүрегіме тисе артық – намыстанам, жанығам; әр сөзінен ұлт мұратын мұғдарлап, болашағын бағдарлап, көңілімде күй шалқып, арыс елдің ақ арманын танығам. Ойшылдар мен данышпандар жемісі, ғылым менен ілім-білім кеніші, сенсің асыл қазынам!

Кітап-кітап, балалықтан даналыққа бастаған, мұхит ойлы адамдарға аралдай ғажап едің ашпаған, жанарларға жалын бердің сен ылғи, тентектерді жай отындай біліммен, бұғындырған, жасқаған. Ақылдының жүрегінде – жас ғалам, сол ғаламға сен арқылы жол шегіп, қия бар ма баспаған? Шыңдар бар ма аспаған? Кітап-кітап, сен арқылы біз сонау Сократпен, Гетемен, Платон һәм Дантемен, ұлы Абаймен дос болған, ұрпақ едік ұжданды!

Кітап-кітап, сен арқылы мен кеше «Адамзатты бауырым деп» сүйгенмін, «Барлық білім – кітапта» деп үйрендім, сан салада танымымды кеңейтіп, кетік қалар бір кірпіш боп илендім.

Кітап-кітап, менің темірқазығым! Тарих жайлы болған кеше аз ұғым, түбім жайлы, тегім жайлы міңгірлеп, мәңгүрттіктен қажыдым. Дәл сол кезде тарих жайлы сыр шерткен, көкірекке нұр төккен, тектілік пен ептіліктің нұсқасы, адамзатқа асыл болған қысқасы, түркілікті таныдым, қазақтықтан құрыштай боп қарымым, жел жапырған арыным.

Өр болса жас – кітап сенің жемісің. Ер болса жас, ол да сенің кенішің. Сан тағдырдың манатқа сен малғансың өзегі мен өрісін, бабалардың танытқансың ерлігін опат болған ел үшін, боздақтардың, даналардың, бектердің, аналардың, арулардың – көктемнің, жан аямай күрескенін жер үшін, әр парағың танытқан, айнымаған сабырлы ұстаз қалыптан, сенсің кітап – қазынам!

Кітап-кітап, адамзаттың шырағы, білімнің де берекенің бұлағы, еркіндік пен азаттықтың тұмары, жан біткеннің сөзге ауғанда құмары, сенің даңқың, ұстаздығың, достығың ең бірінші тұрады.

Кітап-кітап, жол нұсқай бер мың рет, біз тойлайық Ұлттық кітап күні деп!

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Тұтынушылардың 20 миллион теңгесі қайтарылды

Тұтынушылардың 20 миллион теңгесі қайтарылды

25.06.2026
Мемлекеттік корпорация жаңа сервисті іске қосты

Мемлекеттік корпорация жаңа сервисті іске қосты

25.06.2026
Тоқаев 106 жастағы диктор Зұлқия Жұматованы «Құрмет» орденімен марапаттады

Тоқаев 106 жастағы диктор Зұлқия Жұматованы «Құрмет» орденімен марапаттады

25.06.2026
Журналистерге жаңа мүмкіндік: Президент баспана беру туралы мәлімдеді

Журналистерге жаңа мүмкіндік: Президент баспана беру туралы мәлімдеді

25.06.2026
Тоқаев журналистерді жаңа Конституцияның тең авторларының бірі деп атады

Тоқаев журналистерді жаңа Конституцияның тең авторларының бірі деп атады

25.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.