Талдықорған: -1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Мұзбалақ ақынға 95 жыл

09.02.2026
РУХАНИЯТ
Мұзбалақ ақынға 95 жыл
WhatsAppTelegramFacebook

«Бүгін менің туған күнім. Ой, пәлі-ай! Мына адамдар неге жатыр тойламай?!» – деп ақынның өзі жырлағандай, бүгін тек Мұқағалидың туған күні емес, бүкіл қазақ поэзиясының мерекесі. Мұқағали 45 жылдық ғұмырында артына өшпес із қалдырды. Ақиық ақынның жырлары әр қазақтың жүрегіне ұялап, жас ұрпақтың бойына жігер беріп келеді.

Мұқағалидың балалық шағы сұрапыл соғыспен тұспа-тұс келіп, ол әкесіз өмірдің ащы дәмін ерте татты. Алайда тағдырдың соққысы оны жасытқан жоқ, қайта шыңдады. Майдан даласында қалған әкесі Сүлейменге деген сағынышын мына жыр жолдарымен жеткізді:

«Бір арыстан өмірден өткенімен,

Өмір сүріп келеді тірі арыстан.

 Өкінбе, әке, отың бар сөнбейтұғын,

 Ол мәңгілік жанады көрмей тыным.

Ұрпағың бар, ел менен ер намысын,

Тірі тұрса, қолынан бермейтұғын»

Бұл шумақ – тек өз асқар тауына арнау емес, ол  – майдан даласынан  қайтпай қалған әр әкеге арналған перзент үні. Соғыстан кейінгі жоқшылықта өскен жетім баланың мұңы уақыт өте келе бүкіл ұлттың мұңына ұласып, оны нағыз халықтық тұлғаға айналдырды. Ол – өшкен отты қайта жаққан, өлген рухты қайта тірілткен намыс ақыны.

Қазақ поэзиясының шыңы Абай болса, сол шыңның баурайынан қанат қағып, ХХ ғасырдың аспанында еркін самғаған Мұзбалақ – Мұқағали Мақатаев. Ол Абайды жай ғана ұстаз тұтқан жоқ, Абайша ойлап, Абайша толғанды. Ақынның өзі:

«Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден», – деп ағынан жарылуы тегін емес. Екі ғасырдың, екі алып тұлғаның арасындағы рухани көпір – қазақ поэзиясының үзілмейтін тіні.

Ақын шығармашылығының алтын діңгегі оның «Үш бақытында» жатыр. Ол «Бірінші бақытым – Халқым, екіншісі – Тілім, үшіншісі – Отаным» деп жырлады. Осы үш киелі ұғым Мұқағали тағдырының темірқазығы болды. Сондықтан да оның жырлары уақыт өткен сайын ескірмей, ұлттық рухтың символына айналып келеді.

Ғасыр ақыны шығармашылығы арқылы Қазақстан Жазушылар Одағындағы кеңесшілік қызметіне дейін көтерілген. Оның тағдырында Қазақ радиосының алар орны ерекше. Ақынның өнер жолындағы бұл белесіне аты аңызға айналған диктор Әнуарбек Байжанбаев тікелей себепкер болған. Бірде Алматының базарында ауыр қап арқалап, нәпақа тауып жүрген жас ақынды көріп қалған Әнуарбек ағамыз оның бойындағы табиғи дарынды, әсіресе қоңыр дауысын бірден байқаған. Осы кездейсоқ кездесу Мұқағалиды радио табалдырығына жетелеп әкелді. 1954-1962 жылдар аралығында дикторлық қызмет атқарған ақын тек ақпарат таратқан жоқ, ол эфир мәдениетіне өзіндік реңк берді. Бүгінде «Алтын қорда» сақталған ақынның өз дауысымен оқылған жырлары – сол кезеңнің баға жетпес мұрасы. Ол өзін «Қарасаздан ұшқан қарлығашқа» баласа, радио сол қарлығаштың қанатын қатайтқан үлкен мектеп болды. Радиодағы еңбекпен қатар, ақын әлемдік әдебиеттің інжу-маржандарын қазақша сөйлетті. Данте Алигьеридің «Құдіретті комедиясын», Уолт Уитменнің жырларын аудару арқылы ол әлем әдебиетін қазақша сөйлетті. Сол арқылы оның тек сезім ақыны емес, білім мен талғамның биік шыңында болғанын байыптай аламыз.

«Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған жұртым өлімдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім!»

– деген Мақатаев өлеңнің мәңгілік екенін жырға қосты. Сол арқылы шындықты айтуға болатынына сенді және тек махаббатты жырлап қана қойған жоқ. «Райымбек, Райымбек!» деп қазақтың батырлық рухын, көмескілене бастаған тарихын қайта тірілтті.

«Поэзия! Менімен егіз бе едің?» – деген Мұқағали поэзиясының ерекшелігі – оның шынайылығы мен қарапайымдылығында. Ол күрделі философияны халықтың тілімен жеткізе білді. «Есіңе мені алғайсың», «Саржайлау», «Бақыт деген…», «Сәби болғым келеді», «Махаббат моласы», «Еліңді кімнен кем дедің?» сияқты жырлары әуезді әнге айналған.  Оның жырларынан әрбір қазақ өзінің мұңын, махаббатын және туған даласын таниды. Қазақтың қара өлеңін шекпен жауып, өзіне қайтарған бірегей тұлға бола отырып, ол өлеңді жанының емі деп білді. Сол себепті де Мұқағали сөзіне жазылған әндер әлі күнге дейін ыстық ықыласпен тыңдалады.

«Мен – ХХІ ғасыр құрдасымын,

 Бәлкім, оның құрбаны, бұлғасымын.

 Аяғында азулы ғасырлардың,

 Аяулы болашақтың сырласымын!», – деп аманат еткен ақын өзінің келер ұрпақпен қауышатынына кәміл сенді. Ол өзінің болашақта бағаланатынын білді. Күнделігінде: «Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамаңдар. Мен не жазсам, соның бәрі менің тағдырым» – деп жазып кетті. Шынында да, Мұқағали – өз өлеңіне өзі айналып кеткен тұлға. Бүгінде жастардың тілімен сөйлеп, олардың жүрегінде өмір сүріп жатыр. 95 жылдық мерейтой – сол аманаттың салтанат құрған сәті. Бүгінде Мұқағали жырлары тек кітап сөрелерінде емес, әлеуметтік желілердегі жастардың жатқа оқуымен, заманауи музыкалық бағыттағы каверлермен жаңаша тыныс алуда. Ақынның уақытты бағындырып, ұрпақтар арасындағы алтын көпірге айналғанының айқын көрінісі және ақын рухының халқымен қайта қауышып, ұлттық мақтанышқа айналған мерейлі белесі. Бүгінде ақын есімі мектептер мен көшелерге беріліп, Алматының төрінде еңселі ескерткіші бой көтерді. Бірақ ол үшін ең үлкен ескерткіш – халықтың жүрегіндегі өшпес махаббат.

Бұл – қазақ поэзиясының мерекесі. Ақынның 45 жылдық қысқа ғұмыры бізге сабақ болса, 95 жылдық мерейтойы біздің рухани түгенделуіміз болсын. Ақынның туған жері Қарасаз бен асқақ Хантәңірі оның шығармашылығына биіктік пен тазалықты дарытты. Хантәңірінің Мұзбалағы атанған ақынның жырлары да сол шыңдар секілді асқақ әрі мәңгілік қазақ аспанында қалықтай бермек. Өйткені, Мұқағали – өлмес, өшпес із қалдырды.

Арайлым АБЫЛҒАЗЫ
ЖУ 4-курс студенті

Қатысты жаңалықтар

Семей тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды

Семей тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды

09.02.2026
Тоқаев жаңа министрді қабылдап, нақты міндеттер жүктеді

Тоқаев жаңа министрді қабылдап, нақты міндеттер жүктеді

09.02.2026
Жетісу облысында есірткі зертханасы жойылды

Жетісу облысында есірткі зертханасы жойылды

09.02.2026
Студенттен маманға: дуальды оқытудың мүмкіндігі

Студенттен маманға: дуальды оқытудың мүмкіндігі

09.02.2026
Волонтерлік қауымдастық жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді

Волонтерлік қауымдастық жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.