Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«МЫҢ БАЛА» ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

23 тамыз 2020
РУХАНИЯТ
"МЫҢ БАЛА" ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында ауылды жердегі мектептерге арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының екінші кезеңі мәресіне жетті. Білім сайысы 21-22 тамыз аралығында өтті.

Олимпиаданың негізгі ұйымдастырушылары — «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры. Жоба Елбасы — Тұңғыш Президент Қоры мен «Елбасы академиясы» корпоративті қорының «Ел Үміті» талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі бастамасы шеңбері аясында іске асырылды.

Аталған додаға республика бойынша 5 мың бала қатысса, Алматы облысынан 812 жас дарын бағын сынаған. Білім бәсекесінде оқушылардың функционалдық сауаттылық пен абстрактілі-логикалық ойлау дағдылары сыналды.

Бірінші кезең сырттай өтіп, математика, жаратылыстану, информатика, қазақ, орыс және ағылшын тілдері пәндері бойынша үлгерімдерін бағалады.

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында 92 білімгер, Алматы қаласындағы физика-математикалық Назарбаев Зияткерлік мектебінің және химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында 473 оқушы сынақ тапсырды. Зияткерлік сайыс барлық санитарлық- эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілді.

Шалғай аудандардағы білім мекемелерінде мәселен, Ақсу ауданы, Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясы, Жансүгір ауылы; Алакөл ауданы, Үшарал мектеп-гимназиясы, Үшарал қаласы; Балқаш ауданы, Б.Бейсекбаев атындағы ОМ, Бақанас ауылы; Кеген ауданы, №1 Кеген ОМ, Кеген ауылы; Панфилов ауданы, Алтынсарин ОМ, Жаркент қаласы; Ұйғыр ауданы, №4 Шонжы ОМ (орта мектеп), Шонжы ауылында арнайы тестілеу пункттері қызмет еткен. Осы арқылы жалпы саны 247 оқушы зияткерлік сайыста белсенділік танытты.

Айта кетейік, олимпиада қорытындысы бойынша республикадан 5 және 6-сыныптар бітірген 1000 жеңімпаз оқушы өз білімдерін «Білім-инновация лицейі», Республикалық физика-математика мектебі және «Дарын» сияқты дарынды балаларға арналған жетекші мектептерде әрі қарай жалғастыра алады.

Олимпиадада жеңімпаз атанған республика бойынша 1000 оқушының тізімі  www.fnn.kz  сайтында екінші кезеңнен өткен соң 14 күнде жарияланады. Дәл осы сайтта олимпиада жеңімпаздары дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің біріне өтініш бере алады.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55
Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 13:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.