Талдықорған: +3°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Намыс өлмесін десек…

13.10.2024
РУХАНИЯТ
Намыс өлмесін десек...
WhatsAppTelegramFacebook

Жұбан Молдағалиевтың «Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген» деген өлеңімен таныс боларсыз. Ақын сөзін қуаттайын, шынын да қазақ сондай. Ал, оның намысы екі есе өліп, екі есе тірілген. Әлі де өліп, әлі де тірілуде. Бүгін өледі, ертең қайта тұрып айқасқа кіріседі. Түбі өлтіреді. Бірақ, айқаса түседі. Қорғауы болмағасын қазақтың намысын талайлар өлтіруде. Талайлар өлтіруге оқталып отыр. Тіріл намыс, өлме дейтін кімің бар?!

Қазақтың намысын кім өлтіріп, кімдер өлтірмек? Заңды сұрақты өзіңізге қойып көрдіңіз бе, көзіқарақты оқырман. Арамызда буынсыз жерге пышақ ұратындар жетіп артылады. Ығы-жығы. «Жау жоқ деме жар астында» дегенді түзету керек. Сол жауы құрғыр жұрт арасында, ел ішінде.

Қазақта ақын көп, Мұқағали – жалғыз. Мұзбалақты «жүрегі мұздаған» біреу «сорлы еркекке» теңеген блогер намысты тағы өлтірді. Тура жүрек тұсынан мылтықсыз, оқ-дәрісіз атып тастады. Солай өлтірді. Әлішер Теменов есімді блогер маркетинг үшін осындай қадамға барғанын, «қара пиар» үшін ақиықты «ез» етіп, құрбан қылғанын айтып, Қарасазға барып кешірім де сұрады. Өлген намыс содан тірілсе, кәнекей.

«Айта, айта Алтайды, Жамал апа қартайдының» кері біздікі. Айтқаннан өзгерер дәнеңе болса, бұл турасында талай сөз қылдық. Қазақтың құндысын қорлатпау үшін заң керек дегеннен әлі де танбаймыз. Естір құлақ болса. Шын естір құлақ болса:

ЛГБТ өкілдері Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі үстінде жағымсыз туын желбіретпес еді.

Абайдың ескерткішіне жұмыртқа лақтырылмас еді.

Киіз үйде тыртаңдаған жартылай жалаңаштар билемейтін.

Жамбыл «туфли жалағыш», Шәмші «алқаш», Сәкен «сатқын», Абай «кришнаит», Мұстафа «қашқын» болмас еді.

Жын қуғанның қолынан «одна палка, два струна» атанған домбыра сынбайтын.

Тарихымыз тілімделмейтін, тегіміз тілденбейтін.

Тіліміз «маймылдың шүлдіріне» телінбейтін.

Елдіктің айшығы төл теңгеміз аяққа тапталмайтын…

Заң солқылдақ болған соң былтыр – Абай, кеше – Ыбырай, бүгін – Мұқағали… Ертең қазақтың қай нарқасқасы намыс өлтіргіштердің құрбаны болмақ?! Намыстан гөрі табысты ойлаған Әлішер сықылды тағы біреу шықпасына кім кепіл?! Міржақыпша айтқанда «үлкен аяққа тар аяқ киім» кигендей кейіп берген заң үстемдігі ит пен мысықты қазақтың құндылығынан «құрметті» болғаны ма?

Жалпы, мұндай керікеткендіктерге заң жоқ емес, бар. ҚР әкімшілік кодексі бойынша ұсақ құқықбұзушылық, тәртіпсіздік ретінде қарастырылады. Әдетте әлемдік тәжірибеге көп сүйенетін атқамінерлердің құлағына алтын сырға: Түркияның Қылмыстық кодексіндегі 301-бапта «Түркияны, түрік халқын және түрік үкіметінің құрылымдарын қорлауға болмайды» делінген. Мемлекеттің негізін қалаушы – Мұстафа Кемал Ататүрік те заңмен қорғалған. Қоңсы жатқан Қырғыз мемлекетінде 2016 жылы Жоғарғы Кеңесі ақ қалпағын ұлықтайтын заң бекітті. 2019 жылдың 5 наурызынан бастап «Ақ қалпақ» күнін атап өтеді. 2011 жылдан бейресми тойланып келген мереке заңдық тұғырына орнықты. Енді «Ұлттық баскиім Ақ қалпаққа мәдениет символы мәртебесін беру туралы» Заңға сәйкес баскиімді қорлағандарға Заңбұзушылық туралы кодекстің 65-бабымен І дәрежелі айыппұл салынады. Ал, бізде ше, Жәнібек пен Керейден бастап Кенесарыға дейін, домбырадан бастап көк байрағымызға дейін қорлай салуға ниеттілер көп. Себебі, кешірім сұрайды, жеңіл жазамен құтылып, тып-тыныш өмірін сүре береді.

Ұлттық құндылық – сол ұлттың жаны, қаны, тәні, намысы, ары, айбыны. Тәніңіздің бір бөлігі саусақ ұшына тікен не шөңге кірсе, кеуде тұсындағы жүректің өзі дір етеді. Тілінің тікені емес, бізі барлар ұлттық құндылықтарды қорлау арқылы тұтас қоғамның жүрегін тітіркендіріп қана қойған жоқ, намысымызды аяққа таптады. Өлтірді. Ол қайта тіріледі. Өйткені, намысымыз да өзіміз сықылды «сан мың өліп, сан мың мәрте тірілген». Мұнан кейін қазақтың намысы тапталмас үшін, бастысы өлмес үшін ұлттық құндылықты қорғайтын заң қабылдануы тиіс!

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

07.03.2026
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

07.03.2026
Алаш мұрасының темірқазығы

Алаш мұрасының темірқазығы

07.03.2026
Апам ол кезде…

Апам ол кезде…

07.03.2026
Талабы таудай талант

Талабы таудай талант

07.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.