Талдықорған: -2°C
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

НЕМЕРЕСІНІҢ ЕСІМІ — НҰР-ОТАН: ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДЫҢ ӨМІРІ

25.09.2019
РУХАНИЯТ
НЕМЕРЕСІНІҢ ЕСІМІ - НҰР-ОТАН: ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДЫҢ ӨМІРІ
WhatsAppTelegramFacebook

Тағдыры сан тарау жанның бірі – Төлеу Кәртеңбайұлы. Ол – 1974 жылы Моңғолия еліндегі Ұлттық педагогикалық институтты үздік бітіріп, орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор қызметін абыроймен атқарған ұлағатты ұстаз. 

Өмірінің даңғыл жолында кездесетін қағидалардан қалт кетпейтін қасиеттерді үштен бес жасқа дейін ойына, бойына, тұлғасына анасының тәрбиесінен дарытқан бала рухты да рухани бай азамат болып қалыптасады. Ал әкесінің мейірімділік даралылығын оның ғұмырлық жолынан және анасының әкесін қаншалықты сыйлап, құрмет тұтатындығынан бала ұмытылмастай тәлім алып өседі. Бұл – жаратылыстың табиғи заңдылығы.

Осы қағиданы қалт жібермеген атам қазақ ұрпақ ұлағаттылығына ерекше мән беріп, текті ауылдан келін алуды мақсат еткен. Ұлдарын жар таңдауда талғамды болуы үшін баулыған. Сондықтан да үлкенді тыңдап, келешегінің кемелді, жарқын болуына құлшынғандар, құмарлық, құр сезімнің жетегінде кетпей, жарасымды жанмен жұптасып, жар таңдауда қателеспеген. Мұндай жандардың отаулары ордаға айналып, балалары да салмақты, салиқалы болып өсетіні өмір шындығы.

Міне, біздің кейіпкеріміз Төлеу Кәртеңбайұлы –  дәл осындай тұлға. Өзінің де, жары Валия Дөтейқызының да шыққан тегі – тәрбиелі, ел сыйлаған танымал, атақ-абыройлы жандар. Үлкенді аға, кішіні бауыр деп қоғамда өз орнын біліп, адами қасиеттерімен дараланып тұратын Төлеу ағамыз Отанына 1997-ші жылы оралып, Қаратал ауданына көшіп келді. Шетелде мол тәжірибе жинап, абырой-атаққа ие болған аға ұстаз өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, көптеген озат шәкірттерді тәрбиелеп қанаттандырды. Жемісті еңбегінің нәтижесінде тәрбилеген қаншама оқушылары мектепті үздік бітіріп, арман-тілектеріне жетіп, екі елде ерен еңбек етуде.

Математика пәнін оқытудан «Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудегі тиімді әдіс-тәсілдері», «Ұлттық бірыңғай тестке нәтижелі дайындалу тәсілдері», «Квадрат теңдеулерді тез, қатесіз шешу тәсілдері», геометрия пәнінен «Үшбұрышты шешу» оқу-әдістемелері ұстаздарға үлгі болып, тәжірибесі мұғалімдер мен мектептерге кеңінен насихатталған аға ұстаз. Жоғары санатты, тәжірибелі ұстаз ретінде аудан, облыс, министрлік марапаттарының иегері.

Төлеу Кәртеңбайұлының Моңғолиядағы Найман руының шежіресін жинақтап, «Найман-Бура шежіресі» деген атпен шығарған кітабына Қазақстан ғалымдары да өз бағасын берді. Ал өмірлік серігі Валия Дөтейқызы – Моңғолия елінде медицина институтын акушер-гинеколог, Д.Сүхэ-батор атындағы партия жоғары мектебін саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген абзал жан. Мамандығы бойынша дәрігер болғанымен, əкімдікте әртүрлі қызмет атқарған. Тарихи отанына келгелі Қаратал аудандық ауруханасында дəрігер, Қытай елінің мемлекеттік денсаулық сақтау саласындағы «LIKE», «Luk-Life» корпорациясының Орта Азиядағы филиалында кеңесші-дəрігер қызметін атқарған. Қазақстанда білікті шығыс медицина маманы ретінде етене танымал. Валия Дөтейқызы жолдасының зейнеткерлікке шығу құрметіне өз күшімен оның атындағы мектептегі кабинетті толығымен жабдықтап тарту етті.

Валия Дөтейқызы әнші ретінде тоқсаныншы жылдары Моңғолия елінде жалпы халықтық байқаулардың жүлдегері болса, отбасында – ардақты ана, аяулы жар ретінде төрт бала, он немере тәрбиелеп отырған әже. Тәрбиелеп өсірген екі немересі Нұр-Отан мен Ернұр әже жолын қуып, халықаралық ән байқауларының бірнеше мәрте жүлдегері атанды.

Төлеу ұстаздың тегіне тоқталайық. 1940-1950 жылдарда Шығыс Түркістанда болған ұлт-азаттық күрестің қазақтарға әкелген қасіреті орасан зор еді. Кейіпкеріміздің де атасы 1905 жылы туып, 1945 жылы ұлт-азаттық күресте ерлікпен қаза тапқан Шауқарұлы Кәртеңбай Моңғолия қазақтары арасынан XX ғасырда халық батыры атағын алып, тарихта аты қалған бірден-бір қазақ болатын. Кәртеңбай ақсақал жасында араб және моңғол әріптерін өз бетімен оқып үйреніп, аймақтың прокуратура, сот мекемелерінде қызмет атқарған. 1944 жылы Моңғолия Қарулы күштері бас қолбасшысының арнайы қаулысымен құрылған ерікті әскери тобының құрамында жүзбасы, штаб мүшесі болған. Одан бөлек, атса мерген, күресте балуан, батыл ержүрек азамат болғаны туралы замандастары арасында көп айтылады. Тарихи кітап, деректерде жазылып, мемлекеттік мұрағатта есімі мәңгі сақталып қалған тұлға. 1945 жылы Алтай аймағының орталығы Сарысүмбені азат еткен шайқастағы асқан ерлігі үшін Исламұлы Оспан батырдың жарлығы, Моңғолия үкіметінің ұйғарымы бойынша Кәртеңбай Шауқарұлына «Алтай халқының батыры» атағы берілген.

Кәртеңбай ақсақалдың жұбайы Абақ керей, шеруші руының кербез қызы атанған Бұқатқызы Мәшине 1906 жылы туып, 1969 жылы дүниеден өткен. Аз ғана ғұмырларында алты бала тәрбилеп өсірген. Балалары қарапайым ауылдан мелекеттік деңгейдегі қызметтерге көтерілген, министрлікке дейін барған азаматтар болды.

Міне, ұлағатты ұстаз Төлеу Кәртеңбайұлының өмір жолы адамгершілік қасиеттер мен жақсылыққа толы. Жаныңа шуақ төгіп тұратын жайсаң жан туралы өскелең ұрпаққа өнеге етіп кітап жазса да аздық етпейді. Жазылғандары да аз емес. Лайым қазақ елінде осындай отаулар, асыл жандар көп бола берсін. Ел іргесі сөгілмеуге ерен еңбектері сіңетін жастарымыздың рухы мықты, ұлағаттылығы, ұлтжандылығы бекем де берік болсын деп тілейік бауырлас, қандас, ағайындар.

Құрметбек САНСЫЗБАЙҰЛЫ

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

05.02.2026
 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

05.02.2026
Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

05.02.2026
Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

05.02.2026
Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

05.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.