Талдықорған: +32°C
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Нобель иегерімен жүздесу

22.06.2026
КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
Нобель иегерімен жүздесу

adebiportal.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Алатаудың баурайындағы ару Алматы тағы бір мәрте руханияттың алтын ордасына айналды. Бұл жолы қазақ оқырманы мен жас қаламгерлер қауымы әлем әдебиетінің айтулы тұлғаларының бірі, әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Мо Яньмен жүздесу мүмкіндігіне ие болды. Қытай әдебиетінің көрнекті өкілі Қазақстанға алғаш рет арнайы сапармен келіп, әдебиет әлеміне құштар қауым ой бөлісті.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағының бастамасымен ұйымдастырылған кездесудің басты алаңы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болды. Еліміздің әр өңірінен жиналған жас жазушылар мен әдебиетсүйер қауым үшін бұл күн рухани мереке сипатында өтті. Өйткені әлемдік әдеби кеңістікте өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан қаламгердің шығармашылық тәжірибесімен танысу – әрбір жас талант үшін баға жетпес тағылым.

Жиынға Қытай мемлекеттік сыйлығының және халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы әрі аудармашы Әкбар Мәжит, әдебиет пен мәдениет саласының белгілі өкілдері, зиялы қауым мүшелері қатысты. Аталған басқосу Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағының стратегиялық әріптестігі аясында жүзеге асып келе жатқан «Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.

Қазақ пен қытай әдебиетінің арасындағы алтын көпірді нығайтуға бағытталған бұл бастаманың мән-маңызы ерекше. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкеновтің айтуынша, екі ел қаламгерлерінің байланысын тереңдету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді.

– Өткен жылдың желтоқсан айында Пекин қаласына арнайы барып, Қытай Жазушылар одағымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатынбыз. Бұл – әлемдегі ең ірі әдеби ұйымдардың бірі. Құрамында жиырма мыңнан астам мүшесі бар. Сол елдің ең беделді қаламгерлерінің бірі Мо Яньды Қазақстанға шақыру жөніндегі ниетіміз бүгін жүзеге асып отыр. Мұндай кездесулер екі халықтың әдеби байланысын жаңа белеске көтереді, – деді ол.

Кездесудің тағылымдық мәнін арттырған маңызды оқиғаның бірі – Мо Яньның қазақ тілінде жарық көрген екі кітабының тұсаукесері болды. Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен басылып шыққан «Сарымсақ жыры» романы мен «Халіңіз қалай, Фолкнер ағай?» атты публицистикалық жинақ қазақ оқырманына жол тартты.

«Сарымсақ жыры» – жазушының ең танымал туындысың бірі. Шығыс дүниетанымы мен замана шындығын астастыра өрген шығармада магиялық реализмнің айрықша өрнегі байқалады. Әлеуметтік мәселелерді көркемдік қуатпен жеткізген роман бүгінде көптеген тілге аударылып, халықаралық әдеби қауымның жоғары бағасына ие болған. Бұл еңбекті қазақ тіліне тәржімалаған – аудармашы Төлеген Меллат.

Ал «Халіңіз қалай, Фолкнер ағай?» жинағы қазақ оқырманына жазушының шығармашылық әлемін тереңірек тануға мүмкіндік береді. Кітапқа әр жылдары жазылған эсселер, әдеби толғаныстар, сұхбаттар мен мақалалар енгізілген. Онда қаламгердің өнер мен әдебиетке қатысты пайымдары, шығармашылық ізденістері, замана туралы толғамдары және әлем әдебиетінің алып тұлғалары жөніндегі ойлары қамтылған. Жинақты қазақ тіліне Еділбек Дүйсен мен Әлихан Махаш аударған.

Кездесу барысында сөз алған Мо Янь қазақ оқырмандарының әдеби сауатына, әлем әдебиетіндегі үрдістерге деген қызығушылығына тәнті болғанын жасырмады.

– Қазақстандағы оқырмандардың және бүгінгі дәріске қатысқан жастардың әлем әдебиетін терең білетіні мені қуантты. Әдебиет туралы сауалдарының өзі олардың ізденіс деңгейін аңғартады. Алайда қазақ қаламгерлерінің шығармалары қытай тіліне әлі де аз аударылғанын байқаймын. Алдағы уақытта қазақ әдебиетінің таңдаулы туындылары Қытайда көбірек жарияланып, екі халық қаламгерлерінің арасында шығармашылық байланыс арта түссе деген тілегім бар, – деді Нобель сыйлығының лауреаты.

Шеберлік дәрісі барысында сөз өнерінің қыр-сыры, жазушылық жауапкершілік, көркем ойдың табиғаты, ұлттық әдебиеттің болашағы туралы кеңінен әңгіме өрбіді. Әлем әдебиетінің бел ортасында жүрген қаламгердің әрбір пікірі жас буын үшін құнды сабаққа айналды.

 Жас ақын Жалын Сейдіғалымованың айтуынша, мұндай жүздесулер шығармашылық ізденістегі жастарға жаңа серпін береді.

– Әлем әдебиетінің аса көрнекті өкілдерімен жүздесу – әр жас қаламгердің арманы. Әдебиет шекара танымайды. Ол халықтардың рухани тәжірибесін тоғыстырып, таным көкжиегін кеңейтеді. Осындай кездесулер арқылы біз өзімізге беймәлім мәдениеттерді, жаңа ой кеңістіктерін танып, шығармашылық тұрғыдан толысамыз, – дейді ол.

Жиынға еліміздің әр өңірінен келген жас қаламгерлер де ерекше әсерімен бөлісті. Қостанайдан әдеби шеберлік мектебіне келген журналист, жазушы Бейбіт Нұрмұхан мұндай тағылымды кездесулердің маңызын атап өтті.

– Әлемдік әдебиеттің ірі тұлғаларымен жүздесу әр қаламгер үшін үлкен мектеп. Осындай рухани басқосулар жиі ұйымдастырылса деген тілегім бар, – деді ол.

Ал Жетісу өңірінен келген жас жазушы Ерден Нұрахмет Нобель сыйлығының лауреатымен жүздесудің өзі ұмытылмас әсер сыйлағанын жеткізді.

– Мо Яньның қазақ тілінде жарық көрген 2 кітабын өз қолтаңбасымен алып қалдым. Бұл – мен үшін үлкен естелік әрі ерекше қуаныш. Жалпы әдеби шеберлік мектебінің бастамасы өте жақсы. Мұнда тәжірибе алмасып, шығармашылық тұрғыдан толысуға мол мүмкіндік бар, – дейді жас қаламгер.

Қаламгер мен оқырманның арасындағы рухани сұхбатқа ұласқан бұл кездесу әдебиеттің халықтарды жақындастыратын ұлы күш екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Әлемдік деңгейдегі тұлғаның қазақ жеріне табан тіреп, жас буынмен жүздесуі – ұлттық әдебиет үшін де, руханият үшін де елеулі оқиға.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ
Алматы қаласы

Қатысты жаңалықтар

Нобель иегерімен жүздесу

Нобель иегерімен жүздесу

22.06.2026
Колледждерде құжат қабылдау 25 маусымда басталады

Колледждерде құжат қабылдау 25 маусымда басталады

22.06.2026
Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды

Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды

22.06.2026
Елімізде балалар спортын қолдауға 50 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Елімізде балалар спортын қолдауға 50 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

22.06.2026
Бақытжан Бектенов. Намыс жеңіске жетелейді

Бақытжан Бектенов. Намыс жеңіске жетелейді

22.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.